Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет112/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ШЫР БІТУ. 
Бұл тіркестің беретін мағынасы түсінікті: ол – 
«семірді, ет алды, қоңданды». Түсіндірме сөздікте 
шыр
сөзінің үш 
түрлі мағынасы көрсетілген, солардың бірі – «нәр, маңыз» және «әл, 
қуат, күш» деп берілген. 
Шыр
сөзінің түптөркінін қуаласақ, ол көне 
түркілерде «май, еттің майы» дегенді білдірген екен (ДС, 146). Сонда 
шыр біту
«май біту» дегеннің көне варианты болып шығады. Майды 
шыр
сөзімен атаудың өзі ұмыт болғанмен, бұл сөз өз мағынасында 
тіркес құрамында сақталып қалған. Бұл іспеттес құбылыс қазіргі 
қазақ тілінде аз кездеспейді.
ІРКЕС-ТІРКЕС. 
Бұл қос сөздің соңғы сыңары әбден түсінікті, 
ол – 
тірке-
етістігімен түбірлес сөз. Бұл етістіктен жасалған 
тіркес
тұлғасы «қатарласқан тізбек» мағынасында және «жалғас, қатар» 
деген есім ұғымында қолданылады. Ал 
іркес-тіркес
дегендегі іркес 
сөзінің түбірін 
ірік-
«бөгеу, тежеу, тоқтату, ішіне бүгу, жасыру» етістігі 
деп тануға келмейді. Сірә, бұл көне түркі тілдерінде қолданылған 
«керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш сөзінің «қазақшасы» болу 
керек. Арқыш сөзінің жеке тұрғандағы бір мағынасы – «керуен» (ол 
да «қатарланған көліктер тізбегі»). Осы «керуен» мағынасындағы 
арқыш-теркіш тұлғасы қазақ тіліне 
іркес-тіркес
болып көшкен болар 
деп топшылаймыз.


182
ТАРИХИ ЛЕКСИКОЛОГИЯ
(Қысқаша очерк)
Тіл қаттауларының ішінде сыртқы, яғни экстра лингвистикалық 
деп аталатын факторлардың әсеріне ұшырағыш, өзгерімпазы – сөздік 
(лексика) саласы. Әрине, лексика қаттауының сол тілдің өзінің табиғи 
даму заңдылықтарына қарай, яғни ішкі лингвистикалық өзгерісі де 
болып жататыны белгілі. Бұлардың екеуін де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет