Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


ч дыбысымен келетін сөздердің қазіргі қазақ  тілінде  ш



Pdf көрінісі
бет114/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ч
дыбысымен келетін сөздердің қазіргі қазақ 
тілінде 
ш
дыбысымен айтылатындығы тарихи фонетика курсынан 
таныс: сонда бұл сөз сыртқы тұлғасы жағынан былайша келген: 
чау>чұу> шу.
Демек, 
аты шулы
деген тіркес 
аты даңқты
дегеннің 
көне сөзбен берілген баламасы екен.
Осы қатарға 
жылы-жұмсақ
деп айтылатын қос сөздің 
жылы
компонентін қосуға болады: бұл – көне түркілік 
жаулы
«майлы» 
сөзінің араларына сан ғасырлар салып, қазақша жеткен тұлғасы. Бұл 
сөздің тұлғалық жағынан өзгергендігі соншалық: көне түркілік эти-
мон –
 йағ,
ол «май» деген сөз, йағ қыпшақ тілдерінде йау, оның ішінде 
қазақ, қырғыз тілдерінде 
жау болуы
ғ~г/, й~ж
(бағ ~ бау, тағ ~ тау, 
сағыр ~ сауыр
дегендердегі сияқты) дыбыстық алмасудың нәтижесін 
көрсетеді.
Ұсынған тұжырымымызды дәлелдей түсу үшін мысалдарды әрі 
қарай жалғастырсақ, 
өлім-жітім
деген қос сөздің жітім компонентін 
келтіруге болады. Бұл сөздің түбірі – көне түркілік 
йіт- 
етістігі, ол – 
«жоқ болу, жоғалу» мағынасын берген сөз, сонда 
өлім-жітім
«өліп, 
жоқ болу» деген ұғымды білдіретін тіркес болып сақталған. Келесі 
мысал. Сырт қарағанда, 
жағаласу
сөзінің түбірі – 
жаға
(киімнің 
жағасы) сөзі деп тануға әбден болатын сияқты, өйткені төбелескен, 
жанжалдасқан адамдар бірін-бірі жағадан алады деп ұғамыз. Ал, 
шындығында, қазіргі 
жағаласу
сөзінің түптөркіні көне 
түркілік 


184
йағы 
сөзіне алып барады, ол сөз «дұшпан, жау» деген ұтымды береді. 
Сонда 
й~ж, с~ш
дыбыс алмасуларын есепке алғанда, көне түркіше 
йағылаш-
– «бір-бірімен соғысу, ұрысу» деген сөздің қазақшасы бо-
лып шығады. Қазақ тілінде көне 
йагы
сөзінен туған екі етістік бар 
деп табамыз:
 йағы>жау
тұлғасынан жасалған 
жаула-
етістігі және 
йағы>жағы
тұлғасынан пайда болған 
жағыла- >жағала-,
олардың 
ортақ етіс түрлері – 
жаулас- 
және
жағалас-.
Жағаласу
сөзі, сірә, 
қазақ топырағында жасалған етістік емес, көне түркіден келе жатқан 
қалдық деп тану керек, өйткені көне түркі ескерткіштері тілінде 
йағылаш-
деген ортақ етіс тұлғасы қолданылған.
Көне бір түбірден екі туынды сөздің жасалғанын қазақ эпоста-
ры тілінде кездесетін 
қатуланып, қаттанды
деген трафареттегі екі 
сөзден де көреміз: екеуінің де түбірі – көне 
қатығ
(«қатты, берік, 
мықты») тұлғасы. Оның осы көне тұлғасынан 
қатулан-
етістігі 
(қатығ>қатыу> қату + лан+н)
және 
қат (ол да – «қаттылық, 
мықтылық»
мағынасын беретін сөз) тұлғасынан 
қаттан- (қат 
+ та + н)
етістігі жасалған. 
Қат 
сөзі зат есім түрінде көне түркі 
ескерткіштерінде тіркелмегенімен (ал 
қат-
деген етістік бар), бұл 
түбір қазіргі түркі тілдеріндегі қатты, 
қатыр-
сияқты туынды сөздерді 
жасаған. Сірә, бұлар көне түркілердегі 
қатығ
тұлғасының соңғы 
«әлсіз» 
ығ (ғ)
дыбысы түсіп қалған замандарда жасалған сөздер 
болуы да мүмкін, өйткені көне ескерткіштер тілінде 
қатығлан-, 
қатты, қатығды
(соңғы екеуі – осы күнгі 
қатты
сөзінің баламасы) 
тұлғалары тіркелген (сөздікке енген). Демек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет