Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет122/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Қазына/қазине
деген кірме сөздің де мағынасы «жылжыған»: о 
баста бұл сөз көбінесе «мүлік, бұйым сақтайтын орын» (сандық, жүк, 
шұңқыр-қандақ) деген мағынада жұмсалған, сондықтан «қазынаның 
аузын ашу», «қазинелі қара нар», «қазыналы қандағы» сияқты жыр 
жолдары кездеседі. Келе-келе 
қазына
сөзінің осы күнгі «мүлік, 
байлық» және «мемлекет, қоғам» деген мағыналары орнығады. Сөз 
мағынасының бұлайша құбылуына көп уақыт та өтпегенін және 
байқаймыз: бұдан 100-200 жыл бұрын ғана 
қазына
сөзі алғашқы 
көрсетілген мағынада жұмсалып келген.
§11.
Сөздер тарихында сөз мағынасының күңгірттену процесі – 
үнемі орын алып отыратын құбылыс. Сөз мағынасының ұмыт бола 
бастауы – сол сөзді қолданыстан не мүлде шығарып тастайды, не тек 
белгілі бір орында: тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мәтелдерде, 
күрделі сөздерде ғана келеді. Мысалы, 
сал-
етістігінің «қалдыру, 
тастап кету» мағынасы күңгірт тартқан, сондықтан бұл ұғымдағы 
сал-
сөзін тек «Қайран менің Еділім, сен салмадың, мен салдым» 
сияқты XV ғасыр жырауының толғауында немесе 
дүние салу, салма-
стан кию
сияқты фразеологизмдерде кездестіреміз.
Сөз мағынасының түсініксіз тартып, күңгірттенуі оның түлғасын 
бұл күнде қолданыста бар өзге сөзбен алмастырып жіберуге итер-
мелейді. Мысалы, «ойрандалу, тозу, бүліншілікке ұшырау» мағына-
сындағы 
бүлу 
етістігі «Бүлген елден бүлдірге алма», «Озбыр олжа 


196
үшін өледі, күншіл күндеумен бүледі» сияқты мәтелдер мен «Ноғай-
лы елің бүледі», «Он сан ноғай бүлген күн» деген сияқты өлең-жыр 
жолдарында келеді. Осы
 бүлу
сөзін бұл күнде кәнігі 
бүліну
немесе 
бөлу
деген тұлғаға ауыстырып 
айту (жазу) 
фактісін жиі ұшыратамыз 
және 
бүл- 
етістігін 
бүл

-ін
деген деривацияланған (жұрнақ 
жалғанған) тұлғамен тепе-тең деп түсіндірушілікті кездестіреміз. 
Сол сияқты
бусану/бұрсану, дем тарту/дом тарту, еңіреу/аңырау, 
шерлі/жиырлы, жаулы/жылы (жылы-жұмсақ дегендегі), илеу/ай-
лау (зар илеу дегендегі), күнілескен/күңкілдескен, орындық/орнықты, 
кіріш/кірпіш
деген қатарлар сөз мағынасының көмескіленіп, өзі ак-
тив қолданыстан шығып қалғандығын көрсетеді. Сондықтан оның 
сыртқы тұлғасын өзгертіп жұмсау (айту, жазу) орын алады.
Бұл параллельдердің бірқатары – өте ертеде қалыптасып кеткен-
дер. Мысалы, 
жаулы
(«майлы») 
дегеннің 
жылы
(жылы-жұмсақ),
әйла- («ет-, қыл-»)
деген тұлғаның 
иле-
(зар илеу) 
болып қолданылуы 
ғасырлар бойына қалыптасқан, сондықтан оларды өзгертіп, түпкі 
тұлғасына салып айтуға, жазуға болмайды. Ал енді бірсыпыра жа-
рыспалы қатарлар – мағына жақындығына қарай пайда болған соңғы 
кезеңдердің жемісі. Мысалы, 
орындықты саба
мен 
орнықты саба
дегендер мағына жағынан жақын, 
еңіреу ~ аңырау, шерлі ~ жиыр-
лы
сияқты қатарлар, сірә, сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан-
жіңішкелігіне мән бермегендіктен (әлде арабша жазылғаннан қазіргі 
жазуға көшірген кезде пайда болған) туған тұлғалар болар. Ал 
кіріш
пен 
кірпіш 
(
ақ кіріш тас суда бар
деген Бұхар жыраудың өлең жолы 
кейбір кітаптарда ақ кірпіш тас суда бар деп басылғанына қарағанда), 
дем тартар
мен 
дом тартар
деген жарыспалы қатарлар 
кіріш
пен 
дем
сөздерінің аса түсінікті еместігінен орын алған деп шамалауға 
болады. Бұл сияқты сөздердің тұлғалық және мағыналық тұрғыдан 
құбылу процесін танытып, қазіргі кезең үшін дұрыс тұлғасын көрсету 
– тарихи лексикология курсының міндеті.
§12.
Қазақ тілінің сөздік қазынасында өте ертедегі наным-
сенімдерге қатысты бірқатар сөз кездеседі. Бір қызығы – олардың 
түсіндірмесі Орталық Азия мен Батыс Сібір өлкелерін мекенде-
ген түркі халықтарының тілдерінен табылады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет