Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет130/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

тарихи сөздігінің
үлгісін ұсынуды 
көздейді. Атап айтқанда, мұнда ноғайлы-қазақ цикліндегі, негізінен 
ХV-ХVШ ғасырлардағы батырлар жырларындағы бірліктер тал-
данады. Бұлар – бүгінде еркін қолданылмайтын және мағыналары 
бейтаныстау немесе тұлғалары өзгеше болып көрінетін сөздер. Бұл 
жердегі «ескілік» деген терминіміз – «көне» дегеннің дәлме-дәл 
эквиваленті емес. «Ескіліктердің» ішінде көнерген сөздер де (арха-
измдер), ескірген сөздер де (историзм деп аталатын) бар. Ескірген 
сөз дегеніміз – бір кезеңдерде қолданылған зат, бұйымдардың, орын 
алған оқиғалардың, құбылыстардың, ұғымдардың, ағымдардың 
т.б. аттары (атаулары). Өздері білдіріп тұрған заттар, құбылыстар, 
ұғымдар тарих төрінен (қоғам өмірінен) кеткеннен кейін оларды атап 
тұрған сөздер ескіріп, қолданыстан ығысып кетеді. Бұлайша ығысқан 
бірліктерді тіл білімінде «көне» деп емес, «ескірген» (историзм) сөз 
деп атайды. Бұл термин (историзм) қазақ тіл білімінде әрқилы аталып 
келеді: оны 
тарихаят, тарихи сөз
деп атауды ұсынушылық болды 
(проф. Е.Жұбанов). Терминком 
тарихаят
дегенді ұсынады. Калька-
лау тәсілімен аталған сөздерден гөрі, семантикалық принципті жөн 
көріп, біз осы еңбекте историзмдерді «ескірген сөз» деп атағанды 
дұрыс көрдік.
Сөз дегендер де – «тірі дүниелер» іспетті, яғни тарихи құбылыс 
атаулары, демек, сөздердің де не мағынасы, не тұлғасы, не қолданыс 
орны өзгеріп жатады. Бүгінгі адамдар санасы өсіп, әр халық өз 
тарихының бұрынғы-соңды құндылықтарын мейлінше түгендеп, 
зерттеп-зерделеп жатқан күндерде «ескірген», тіпті әбден «көнерген» 
дүниелерді де теріп-жинап алып, таным-ғылым дүниесіне, мүмкіндігі 
болса, қоғам тірлігіне (тіліне) алып келудің қажеттігі туып отыр. Осы 
себептен жалпы тілдегі ескіліктерді теріп алып, жеке зерттеу нысаны 
етуімізде бірнеше мақсат көзделді.
Алдымен,
қазақ тілі сияқты өте әріден келе жатқан аса бай, 
икемді, көрікті тілдің бұрынғы-соңды лексикалық қазынасын ба-
рынша түгендеп, қалың жұртшылыққа және білім-ғылым әлеміне 
көрсету мақсаты тұрса, екіншіден, ғажайып бай қазақ әдеби мұрасын 
бүгінгі оқырмандардың әрі жақсы түсініп, әрі сүйсініп оқуларына 
көмектесу көзделеді. Әрине, бұл қазақтың ауыз әдебиеті мен ақын-
жырауларының мұраларын түсіну қиын деген сөз емес. Керісінше, 


216
өте ертеден сақталып келе жатқан әдеби үлгілердің, әсіресе эпостық 
жырлар мен қазақтың кең даласының әр қиырында жасап өткен 
ақын-жыраулар мұрасының тілі қазіргі қалың жұртшылыққа түгел 
түсінікті, бұларда жергілікті ерекшеліктер мен көне сөздер көп емес 
екендігін баса айтуға болады. Дегенмен азды-көпті бейтаныс, се-
мантикасы күңгірт тартқан немесе тұлғасы біршама өзгерген жеке 
элементтердің болуы заңды. Олардың болу себептері де әртүрлі. Ал-
дымен, қазақтың эпостық жырларының көбі, әсіресе «Едіге», «Алпа-
мыс», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 
сияқты жырлар бүгінгі күндерімізден әлдеқайда көп бұрын дүниеге 
келген. Демек, олардың ең алғаш пайда болған (жырланған) кезінде 
қолданылған сөздер мен көрікті-бейнелі сөз тіркестері азын-аулақ 
сақталып отырады. Бұған поэзия дүниесінің «тәртіптері» де себепкер 
болады: өлеңнің ұйқас өлшем сияқты шарттары кейде мәтін сөздерін 
ауыстыруға, өзгертуге, жаңғыртуға жібермейді. Мысалы, ХV-ХVІ 
ғасырлар аралығында жасап өткен (шамамен 1465-1560) Шалкиіз 
жыраудың бір шағын толғауының:
Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,
Кешу кешмек сайдан-дүр.
Батыр болмақ сойдан-дүр.
Жалаңаш барып жауға ти 

Тәңірі өзі біледі
Ажалымыз қайдан-дүр?
(Алдаспан, 1971,76-бет) – деген жол-
дарында 
майдан
сөзі – «көгал, көк шалғын жер» деген ескідегі бір 
мағынасын білдіреді. Бұл жерде әңгіме ұрыс-соғыс алаңы (қазіргі 
майдан
сөзіндегідей) емес, демек, осы толғауды бізге жеткізушілер: 
шабар жері көгал-дүр
деп алмастыра алмаған, өйткені 
майдан 
– 
сойдан
деген ұйқасты бұза алмайды. Сол сияқты 
сой
сөзі де – ескі 
қолданыс, ол «ата тегі, нәсілі» деген мәнде келіп тұр, мұны да 
ба-
тыр болмақ тегінен-дүр
деп ауыстыруға болмайды, өйткені бұл 
ескі сөздерді алмастыруға өлеңнің ұйқас суреті мен тармақ өлшемі 
жібермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет