Үшіншіден
, ертеден келе жатқан деп есептелетін өлең-жыр
мәтіндерінің көбі XIX ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы онжыл-
дықтарында араб жазуымен хатқа түскен. Қазіргі қазақ жазуына
(кириллицаға) көшірген кезде, дұрыс оқылмай, өзгеріп кеткен, қате
ұсынылған сөздер қаншама?! Мысалы, 1970 жылдардың басында
ғалым, жазушы М.Мағауин XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын-
жырауларының шығармалар жинағын «Алдаспан» деген атпен жарық-
қа шығарды. Еңбектің құндылығы даусыз. Бұл бір адамның еңбегі
болатын. Мұра мәтіндері араб жазуынан транскрипцияланғандықтан,
басылымда едәуір қате жазылған сөздер бар (кейін олардың көбі
түзетіліп беріліп келеді). Мысалы
: билер отты (өтті
болуы керек
–55-бет),
арқамен қосым қалар
деп (
арқамдын
немесе
арқамдан
бо-
луы керек – 56-бет),
оймауыттай тоғай егіннің
(
еліннің
болуы керек
– 59-бет),
екі семіз қолға алып (семсер
болуы керек – 60-бет),
шабы-
лып жатқан халқың бар (жайылып жатқан
– 60-бет),
қан жусандай
егілсе (жосадай
болса керек – 67-бет) т.б. өте көп осы сияқты қате
жазылған тұстарды көрсетуге болады. Сондықтан кейбір сөздерді не
өлең жолдарын дұрыс түсіну не сөздің өзін түсіну қиынға соғады. Мы-
салы,
еңеке (еңеке
кірер –
еңкейе
не
еңсейе
болар),
шу көрген
(дүбір-
дүбір
шу көрген – жүгірген
болса керек) деп қате жазылған жер-
лер бар. Мұндай араб жазуынан қазіргі жазуға көшірілгенде кеткен
қателер тек «Алдаспанда» емес, эпостық жырлардың әр жылдардағы
басылымдарының барлығында да осы күнге дейін орын алып келеді.
Мысалы, «Үш ғасыр жырлайды» деген жинақта Шал ақынның бір
өлеңінде:
Бала пайдакүнем болар, жалшы
Достарыңызбен бөлісу: |