құяқ, қаптан, тегілей, бектер, қоллық, бұтырлық
сияқты
сауыт-сайман аттары,
көбебұзар, әндіген, қисалы, ысқырма, тіз оқ,
кез оқ, доғал оқ, қозыжаурын, аймаңдай
оқ
сияқты жақ оқтарының
түрлерін атайтын сөздерді,
керней, дабыл, даңғыра, шыңдауыл
т.б.
сияқты дыбыс аспаптарының көне ескі атауларын кездестіреміз. Бұл
фактілер, бір жағынан, тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығарма
стилінің үдесінен (талабынан) шығып тұрса, екінші жағынан, бүгінгі
бізге ана тіліміздің ертеректегі сөздік қазынасынан хабар беріп тұр.
Сол сияқты жазушы Қабдеш Жұмаділовтің XVIII ғасырдағы
қазақ халқының жоңғар басқыншыларынан өз елінің оңтүстік-шығыс
өлкесін қайтарып алудағы ұрыс-соғысының іс-қарекетін суреттеген
«Дарабоз» романының стильдік ерекшеліктерінің бірі – бұдан 200
жылдай бұрынғы қазақ тілінің әскери лексика қорының біршама
көрсетуі деп табамыз. Мұнда да қару-жарақ, әскери құрылым атау-
лары (зат есімдер), соғыс жағдайына қатысты іс-әрекетті білдіретін
қимыл атаулары (етістіктер), XVІІ-XVШ ғасырлардағы қазақтар мен
жоңғарлардың әкімшілік-әскери лауазымдары – қысқасы, көптеген
лексикалық ескіліктер орын алған. Олар бұл күнде көбінесе кез кел-
ген оқырманға таныс емес, күнделікті тілде қолданылмайтын сөздер
болғандықтан, мұндағы ескі, көне сөздерді талдап-таныту қажеттігі
даусыз. Бұл жазушылар лексикалық ескіліктерді көп ізденістің,
қазақтың ертедегі өлең-жырларын, бай фольклорлық мұрасын жақсы
білгендіктің нәтижесінде алдымызда тартып отыр.
Көне, ескі тұлғалардың кездесетін келесі бір тұсы – қос сөздер
құрылымы. Қос сөздер деп аталатын бірліктердің бір тобын синоним
іспеттес бір мағынадағы екі сөздің біреуі, кейде екеуі де көбіне-көп
бұл күнде жеке қолданылмайтын, тұлғасы да, мағынасы да бейтаныс
сөз болып келеді. Мысалы,
айып-шам
(ы жоқ), ат-
ұлақ
, өлім-
жітім
,
шым-шытырық
,
быт-шыт
дегендердегі айырып (курсивпен)
көрсетілген тұлғалардың жеке тұрғандағы мағынасын ешкім бірден
тап басып айта алмайды. Бұлардың көбі – ертеде түркі тілдерінде
орын алған сөздер не бөгде тілдік тұлғалар. Мысалы,
өлім-жітім
дегендегі
жітім
сөзінің түбірі –
жіт
- деген етістік, ол көне түркі
жазба ескерткіштерінің тілінде «жоғалу, жоқ болу» дегенді білдірген,
бұл етістік ертеде
өл-жіт
деп қосарланып та қолданылған.
Жіт-
(йіт-)
түбірінен
йітік (жітік)
сияқты ссім сөз де жасалып,
жоқ
сөзінің тепе-тең синонимі болып келеді. Демек,
жіт
– «жоқ болу»,
бұнда етістік –
өл
- сөзінің синонимі, ал семантикалық ұя біреу: өлу
де – «жоқ болу», жоқ болу – «өлу». Бұндай кейде тең, кейде сино-
нимдес сөздердің қосарлана қолданылуы түркі тілдерінде, оның
ішінде қазақ тілінде кеңінен орын алғанын білеміз, мұның уәждері
230
де түсінікті: мағыналас екі сөз қос сөз құрылымының семантикалық
қуатын күшейтіп тұрады, анықтай түседі.
Айып-шамы жоқ
дегендегі
айып
сөзінің мағынасы түсінікті, ол
жеке де қолданылады, ал
шам
тұлғасы да көне түркілер тілінде жеке
тұрып «дау, талас» дегенді білдірген (ДТС, 137). Бұдан
чамла
– «тала-
су, дауласу» чамлық – «дау-дамай, талас»,
чамсыз
– «талассыз» деген
сөздер болғанын да көне түркі сөздігі көрсетеді. Бүгінгі қазақ тіліндегі
шамдану, шамына тию, шамырқану
сөздерінің түптөркіні – осы көне
түркілік
шам
сөзі болуы керек. Ал көне түркілік
шам
тұлғасының
өзі қытай тілінің сөзі болуы мүмкін деген болжам бар. Ол күнде бұл
сөз
чун (хун)
– қытай түркі аралас-құраластығы дәуірінен келе жатқан
сөз болар. Бүгінгі түркі тілдеріне тікелей қытай тілінен ауысқан деп
кесіп айтуға болмас, өйткені қытай тіліндік кірме бірліктер бұл күнде
белгілі жүйе түзбейді. Сөйтіп, бүгінгі плеоназмдық, яғни қос сөз құрап
қатар келтірілген мағыналас екі сөздің біреуі не ұмыт болған өте көне
сөз болса, оның өзі көбіне-көп бөгде тілдік болып келеді екен. Мы-
салы,
некен-саяқ
дегендегі алғашқы сөз қазақ үшін түсініксіз, ал
саяқ
«жеке, дара» [жүретін мал, адам] деген мағынада жұмсалады.
Некен
– монғол сөзі, оның да мағынасы – «жеке, дара». Сол сияқты
телі-
тентек, қыз-қырқын, телегей-теңіз, жапа-тармағай, келін-кепшік,
жөн-жосық, жай-жапсар, көрші-қолаң, жарлы-жақыбай, тарту-
таралғы, шал-шауқан, шәлкем-шалыс
сияқты қос сөздердің не
бірінші, не екінші сыңары – бұл күнде жеке айтылмайтын мағынасы
күңгірт сөздер. Олар да, жоғарыда айтылғандай, не бөгде тілдің, не
көне түркілік тұлғаның, не түркілік синонимдердің бірі болып табы-
лады.
Қос сөздер құрамындағы ескі бірліктер көбінесе этимологиялық
ізденістердің нысаны болып есептеледі. Мысалы,
ағыл-тегіл
,
азын-аулақ, алба-жұлба,
ағайын
-ажы
, әуре-
сарсаң
, бөлек-
салақ
,
дені
-қарны, дос-
жаран
, жүдеп-
жадау
, кіші-
гірім
,
қыз
-қырқын,
қиын-
қыстау
,
ләм-мим
,
анда-санда
, сүйек-
саяқ
, ептеп-
септеу
, сый-
сияпат
, қуғын-
сүргін
,
сыбай-салтаң
, жылап-
сықтап
, түйе-
теге
,
телегей
-теңіз, тоқты-
торым
, арық-
тұрық
, ұсақ-
түйек
,
тым-тырыс
,
ұшан-
теңіз
, үрім-
бұтақ
, бала-
шаға
, шама-
шарық
, жауын-
шашын
деген қос сөздердің курсивпен көрсетілген сыңарлары – бұл күнде
жеке қолданылмайтын, жеке тұрғандағы мағыналары да түсініксіз
тұлғалар екендігі көрініп тұр. Осылардың этимологиясымен кезінде
Ә.Қайдаров, І.Кеңесбаев, М.Қарашева, Б.Сүлейменова, С.Исаев,
Ш.Сарыбаев, А.Махмутов, Ә.Құрышжанов, Ж.Болатов сияқты
ғалымдар айналысып, жақсы көрсетіп берген болатын (Қазақ тілінің
қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966).
231
Бұл көрсетілгендер сияқты бүгінгі қазақ тілінде дербес мағынаға
ие болып, жеке қолданылмайтын, бірақ түптөркінін қаузағанда,
көпшілігі көне түркі сөздері екендігін, бүгінгі күнге фонетикалық-
морфологиялық бітімдері өзгеріп жеткен сөздер болып танылатынын
көрсету үшін ғана әңгіме еттік. Ал біздің бұл жұмыста зерттеу нысаны
болып отырған лексикалық бірліктер – жеке сөз ретінде ертеректегі
өлең-жырларымызда, мақал-мәтелдерімізде қолданылған тұлғалар.
Кейбір көне сөздер
Достарыңызбен бөлісу: |