Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


Жұрт. Аса Жұрт. Асра жұрт. Астана жұрт. Ауыр жұрт



Pdf көрінісі
бет148/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Жұрт. Аса Жұрт. Асра жұрт. Астана жұрт. Ауыр жұрт. 
Байтақ жұрт
.
Ескі өлең-жырларда 
жұрт
сөзі де жиі кездеседі. 
Бұларда 
жұрт
– терминдік қызметте, яғни «ел, белгілі бір этникалық 
құрам және оның көшіп-қонып жүретін мекені, белгілі атымен ата-
латын халық». Демек, 
жұрт
– осы күнгі 
халық
сөзінің синонимі. 
Мағынасын айқындай түсуде 
ел
сөзімен қосарланып та келеді: 
ел-
жұрт
. Мұнда 
жұрт
-тың таза синонимі – 
ел
. Соңғы варианттың 
өте ескі синонимі тағы бар, ол – 
күн
сөзі. Ол қазақ тілінде жеке 
қолданыстан әлдеқашан айрылған, тек 
ел-күн
тіркесінде сақталған.
Аса жұрт
деп бабаларымыз туысқан адамдар қауымын, өз жұр-
тын атаса керек. 
Аша
(қазақша 
аса
) сөзі көне түркі тілдерінде 
«туысқан» дегенді білдірген (ДТС, 4-бет). Атақты түркітанушы 
К.К.Юдахин қырғыз тілінің солтүстік диалектісінде «туысқан адам, 
отбасы мүшесі» дегенді білдіретін араб тілінен келген сөз деп табады 
(Киргизско-русский словарь», 1965, 74-б.). Қазақ тілінде 
аса жұрт, 
аса ру
деген тіркестерде ғана келеді:
Асудан келген қоңыр қаз 
Аса жұрттың
елінде...


243
Аса жұртқа
барғанда,
Елдің көркі мал дейді...
Баласы 
аса жұрттың 
мейман келді («Қыз Жібек», «Айман-Шол-
пан» лиро-эпостарында). 
Аса жұрт
тіркесін көрсетілген мағынада Махамбет те қолданған:
Аламанға жол бердік,
Аса жұртты
меңгердік.
Аса жұрт
тұрақты құрылымындағы 
аса 
сөзі түркі тілдеріне ен-
ген араб сөзі ме, әлде араб тіліне өте ертеде түркі тілдерінен ауысқан 
сөз бе – ол жағын әлі де этимологиялық ізденістермен анықтай түсу 
керек, ал бұл сөз қазақ жырларында «туысқан жұрт, өз жұрты» де-
ген мәнде келеді. Бұл сөздің мағынасы заман өткен сайын ұмытыла 
келіп 
асра жұрт, астана жұрт, байтақ жұрт 
деген тіркестердің 
қатарын түзіп тұрғаны сезіледі. Бірақ бұлар тепе-тең синонимдер 
емес. 
Асра (асыра) 
сөзі көне түркі тілінде «бағынышты» дегенді 
білдіреді (ДТС, 61-б.). Қазақ жырларында қолданылған 
асра (асыра) 
жұрт 
«бағынған, бас иген жұрт, ел» мағынасында келетін сияқты. 
Асыра
қыпшақ баласы,
Жатқаннан соң байлауда («Қобыланды батыр»).
Ал кейбір жырларда мәнмәтінге қарап бұл тіркесті 
аса жұрт
дегеннің синонимі түрінде қолданылған ба деп те ойлауға болады.
Арыстан туған екен деп,
Асыра жұрты
қуанды («Қобыланды батыр»).
Осы жырлардан келтірілген «бағынышты, қыпшақ елі» деген 
мағынадағы қолданыс деп отырғанымызды да «өз елі» деп тануға бо-
лады. Сондықтан көне түркі тілдерінде екеуі екі түрлі мағына беретін 
аса
және 
асра
(асыра) сөздерінің о бастағы көне мағынасы қазақ 
тілінде ұмытылып, жаңа «туысқан» мағынасында жұмсалып кеткен 
деп топшылауға да мүмкіндік бар.
Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет