Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


отан (ел-жұрт)  ұғымына,  ұрыс-соғысқа, ұрысқа қатысушыларға, қару-жарақ



Pdf көрінісі
бет146/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

отан
(ел-жұрт) 
ұғымына, 
ұрыс-соғысқа, ұрысқа қатысушыларға, қару-жарақ, 
құрал-жабдық, сауыт-сайман
атауларына, жорыққа мінетін 
ат 
атауларына
, ұрыс-соғыста қолға түсетін 
тұтқындар
мен олардың 
қамайтын
(ұстайтын) 
орындарға
, әр алуан 
іс-қарекеттер
атаулары-
на, 
киім-кешек
атауларына қатысты сөздер мен тұрақты тіркестер 
деуге болады. Бұлардан тыс сөздер де ретіне қарай талдана береді.
Отан, ел-жұрт, мемлекет ұғымдарына 
қатысты атаулар
«Отан» деп отырғанымыз – қазіргі ұғым атауы. Адамдар қай 
кезеңде де, әсіресе, түркі халықтары қоғамдасып өмір сүруге көшкен 
ерте, кейінгі орта ғасырларда, айталық, XIII-XVII ғасырларда белгілі 
бір этникалық, территориялық тұтастықтарға (бірліктерге) бөлініп 
өмір сүрген, оның ірі- ірілерін ғылымда 
хандық
деп атап жүрміз. Ал 
ертеректегі ата-бабаларымыз бұл ұғымды 
отан, мемлекет, хандық
деп атамай, 
ел, жұрт, байтақ, ел-жұрт

ел-күн
деген сөздермен 
білдірген. Бұлардың ішінде 
байтақ, ел-жұрт, ел-күн
варианттары 
XV ғасырда туған «Едіге» жырынан бастап, XIX ғасырда дүниеге 
келген өлең-жырларда жиірек кездеседі. 
Байтақ
. «Едіге» жырында, сондай-ақ ноғайлы-қазақ цикліндегі 
жырлардың барлығында дерлік жыр тақырыбының тірек сөздерінің 
бірі –
байтақ
. Бұл күнде қазақ әдеби тіліндегі 
байтақ
сөзінің негізгі 
мағынасы – «ұшы-қиыры жоқ кең» (ҚТТС, 2-т., 41-бет). Он томдық 
түсіндірме сөздікте 
байтақ
-тың бір ғана мағынасы көрсетілген, 
соңғы кезде түзіліп жатқан 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» 
байтақ
сөзі үш омонимдік тұлға ретінде ұсынылған. 
Байтақ
I. парсы 
тілінен енген сөз: «1) астана, бас қала; 2) көне мағынасы: мемлекет-
қала, полис, кішігірім хандық; 3) ауыспалы мағынасы «ел-жұрт» 
деп түсіндірілген. Қалған екі омонимдік 
байтақ
сөзінің біреуінің 
мағынасы географиялық термин – ерекшеленетін жер қабаты, ланд-
шафт, екіншісінің беретін мағынасы «ұшы-қиыры жоқ кең» деп 
көрсетілген (ҚӘТС, 2-т., 2006, 604-605-беттер).


240
«Едігеден» бастап, батырлар жырларында, сондай-ақ XV-XIX 
ғасырларда жасап өткен бірқатар Бұхар, Махамбет, Шернияз, Мұрат 
сияқты сөз зергерлерінде, XVIII-XIX ғасырда Қазақстанның батыс 
өлкелерінде жасап өткен бірқатар жыраулардың тілдерінде 
байтақ
сөзінің негізгі мағынасы – «территориялық-этникалық тұтастық, 
елдік құрылым, хандық». Тоқтамыс хан «Едіге» жырының бірқатар 
нұсқасында:
Хан Тоқтамыс қарланып,
Байтағым 
деп зарлайды, яғни иелігімдегі ел-жұртым, хандығым 
деп толғайды. «Әй, 
байтағым, байтағым
, Бастатып сені алдырт-
тым» дегенінде, «Қол астымдағы ел-жұртымды, хандығымды, ең 
алдымен, жауға бердім» (
алдырттым 
– қарсыласым алып қойды) 
дейді. Содан соң байтағының құрамындағы ел-жұртты атайды, олар: 
Байтағымның
ішінде он сан елім ноғайлы, «он сан ноғай ішінде 360 
отау қазақ» болып ауызға ілінеді. Өкпелеп кеткен Едігені қайтаруға 
келген «парламентер» Кеңестің ұлы Кенженбай – Тоқтамыс хан саған 
(Едігеге):
Байтақ
бөліп береді,
Падысалық сүр-сана, – дейді, яғни жеке хандық құратын ел-
жұртты бөліп береді, – деп бітімге шақырады. Бұл жолдарда да 
байтақ
– хандық, белгілі бір мекендегі белгілі бір құрамды ел, терминдеп 
айтсақ, этникалық-территориялық бірлік. Батырлар жырларының 
кейбірінде бұл ұғым нақтылана түседі. «Ер Тарғын» жырында да, 
сюзерініне (хан иесіне) өкпелеп кеткен Тарғынды да кері қайтара 
келген мәмілегер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет