астана жұрт
тіркесінің түсіндірмесі бұл екі тіркестің та-
нымынан бөлектеу түседі.
Астана жұрт
дегеннің мағынасы
парсы тіліндегі
астан/астана
сөзінің «табалдырық, есік» деген
мағынасынан «әміршінің сарайы» деп ауысқан алғашқы семантикасы
деривацияланып, «сарайға (хан ордасына) қараған жұрт», яғни белгілі
бір әміршінің (ханның, сұлтанның, патшаның, бектің) қоластындағы
(«табалдырығындағы») ел, жұрт дегенді білдірсе керек. XIX ғасыр-
дағы кейбір екі тілдік сөздіктерде (мысалы, А.Старчевскийдің 1878,
1897 жылғы «Спутник русского человека в Средней Азии», СПб.,
1878 атты сөздігінде) қазақ тіліндегі
астана жұрт
деген тіркесті
«көп, сансыз көп халық» деп түсіндіруі – жаңсақтық.
Қазіргі қазақ тілінде
астана
сөзі
жұрт, халық
сөздерімен тір-
кеспей жеке қолданылып, «мемлекеттің, яғни елдің орталық қаласы,
244
орталығы» деген мағына беретіні белгілі. Бұл мағынасы осы сөздің
парсы тіліндегі «сарай, әміршінің сарайы, резиденциясы» деген
мағынасын иемденген.
В.В.Радлов көрсеткендей,
астана жұрт
дегенде «сарай қыз-
метіндегі адамдар (придворный штат)» деген ұғым бар, соған қара-
ғанда, қазақтың ертедегі өлең-жырларында
астана
сөзі жеке қол-
данылмаған, тек
астана жұрт
тіркесімен келіп, «сарайға (хан орда-
сына) қараған ел-жұрт», яғни «әмірші сарайының табалдырығындағы
ел-жұрт» дегенді білдірген.
Астана
сөзінің ең түпкі «табалдырық»
мағынасы қазіргі жергілікті сөздердің бірі ретінде Жамбыл (Тараз)
жері тұрғындарының жергілікті сөйлеу тіліндегі диалектизм бо-
лып сақталған (ҚТАС, 2005). Бұл сөз тағы бір өлкелерде (Атырау,
Түрікменстан қазақтарында) жеке тұрып та,
халық
сөзімен тіркесіп
те «халық, ел, жиын» мағынасында қолданылады екен (ҚТАС, 2006).
Демек,
астана жұрт
тіркесі бүгінгі әдеби тіл үшін ескі элемент бо-
лып табылады.
Ал
ауыр жұрт
-тың мағынасы алдыңғы «жұрттардан» мүлде
бөлек: әуелде «үлкен, көп, сансыз көп» деген мағынаны білдірген
сындық мәні бар қолданыс болған. Сондықтан
ауыр
сөзі
ауыр әскер
қол, ауыр қол, ауыр дәулет
сияқты тіркестермен де келеді. Бұларда да
ауыр
– «көп, сансыз көп, үлкен» деген мағынадағы сөз.
«Едіге» жырында және ноғайлы цикліндегі өзге жырлар мен жы-
раулар тілінде
ноғайлының ауыр жұрт(ы)
немесе
ауыр ноғай жұрты
тіркесі жиі қолданылған.
Тебірлерге қалғанда,
Теңселер сойды
ауыр ноғай жұртыңыз
(Шалкиіз, XVI ғ.).
Ноғайлының ауыр жұрт,
Баяу жатқан қайран жұрт («Едіге»).
Шоқан проф. Н.И.Березиннің Тоқтамыс хан жарлықтарындағы
кейбір сөздердің қазақ тілінде бар-жоғын сұрап жазған хатына
жауабында: қазақтар өзінің батырлар жырында Алтын Орданы
ноғайлының ауыр жұрт(ы)
деп атаған дейді (Ч.Ч.Валиханов. Собра-
ние сочинений в пяти томах. - Том I. - Алма- Ата, 1961. - С.61).
Сөйтіп, ескі өлең-жырлардағы
ауыр
сөзінің
ауыр жұрт
тіркесімен
келгендегі «үлкен» деген мағынасы бұл күнде ескірген, жаңадан осы
мағынада тіркес құрамайды.
Байтақ
немесе
аса жұрт
(өз жұрты) сөздеріне синоним сияқты
етіп жалқы есімді – өзен атын атау да орын алған. Қазтуған жырау
(XVI ғ.) атамекенін, байтағының (Ноғай ордасының) мекенін тастап
кетіп жатқанда:
Сөйткен менің
Еділім
,
Мен салмадым, сен салдың, – дейді.
245
Мұнда екі ескілік бар: бірі –
Еділ
– «отаным, елім» деген мағы-
нада, ал
салу
етістігі «қалдыру, тастау» деген өте көне мағынада
жұмсалған тұлға («сен тастап бара жатқан жоқсың, Еділім – елім,
жұртым, байтағым, мен тастап кетуге мәжбүрмін», – деп тұр).
Еділ
сөзінің
жұрт
сөзіне синоним екендігі келесі екі жолда тіпті айқын
көрініп тұр:
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ-жұрт!
Бұл өлең тармағындағы
Еділ жұрт
тіркесі – жиі қолданылатын
«ел-жұрт» дегеннің бір варианты. Ноғайлы дәуіріндегі өлең-тол-
ғауларда келетін
Еділ, Жайық екі су
– деген сияқты қолданыстағы
Еділ-Жайық
-ты Шоқан Уәлиханов «Алтын Орданың» бір атауы
дейді, екінші бір атауы
Ноғайлының ауыр жұрт
тіркесі екенін де ай-
тады. Әрине, өз жұртын, атамекенін бейнелеп атау да, өзгеше түрде
атау да – тарихта бола беретін құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |