250
деген өлең жолдарынан бастап, Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұр-
тазаев, Қадыр Мырзалиевтердің қолданыстары дәлелдейді. Бұл сөз-
дің «қалың көпшілік» деген мағынасы одан әрі жылжып, «жаужүрек,
қайсар» адам(дар)» деген жағымды мағыналық реңк алған. Белгілі
ғалым, тарихшы, дәрігер, қоғам қайраткері XX ғасырдың басындағы
қазақ зиялыларының ірі өкілі, халқын сүйген патриот Халел
Досмұхамедұлының туған өңірі – Орал аймағында жинаған халық
ауыз әдебиеті үлгілерін ұсынған кітапқа «Аламан» деп ат қоюы (Ала-
ман. Қазақ ел әдебиетінен алынған сөздер. - Ташкент, 1926) бұл сөздің
қазақтар қолданысында жағымды мағынаға ие бола бастағанын
дәлелдей түседі. Демек, ертеден (XI ғасырдағы Махмұт Қашқари
сөздігін қараңыз) келе жатқан
аламан
сөзінің мағынасы бір түркі
тілінің өзінде сан құбылып өзгеріп отырғаны байқалады. Айталық,
қазақ тілінде сақталған бұл сөз қазақтар қоныстанған өлкелерде
әрқайсысында әртүрлі мағынадағы жергілікті сөз болып жұмсалып
келген:
Аламан
– Маңғыстау өңірінде «сарбаз, шапқыншы қол»,
Қарақалпақ жеріндегі, Монғолиядағы қазақтарда «тобыр, көпшілік
халық» деп көрсетеді диалектолог мамандар (Қазақ тілінің аймақтық
сөздігі. - Алматы, 2005).
Ал қазақ әдеби тілінде
аламан
-ның бір мағынасы «шапқыншы
қол, жортуылшы топ» болса, ол ескіліктің қатарында танылады.
Қазіргі күндерде бұл сөз «көпшілік» мағынасында жұмсалса, бұл –
бүгінгі әдеби тіл қазынасындағы бірлік.
Аламан
сөзінің «көпшілік» мағынасы – жай көпшілік емес, атқа
қонған көп адам, демек, жортуылға шығуға дайын адамдар, бірақ
ертеректегідей тонау, талау үшін емес, өзге мақсаттармен топталған,
яғни жортуылшы топ. Махамбет:
Аламанға жел бердік,
Аса жұртты меңгердік, – десе, мұндағы
аламан
– көтеріліске
қатысу үшін атқа қонған көпшілік. Мұнда «тонау, талау» семантика-
сы жоқ. Демек,
аламан
сөзінің қазіргі жазушылар қолданьш отырған
бейтарап мағынасы мен ертедегі «тонаушы, талаушы, жортуылшы
топ» деген мағынаның екі ортасындағы өтпелі семантикалық этап
(кезең) сияқты.
Аламан
тұлғасының түптөркінін іздесек, түбірі
ала
сөзі болуы ке-
рек.
Ала
– полисемиялық (көпмағыналы) өте көне сөз. Монғол, қалмақ
тілдерінде
ала[х]
(-
Достарыңызбен бөлісу: