253
Топ
атауы жеке де келеді: Әскерге
топ
арттырып, керней қойды
(Қамбар).
Күнделікті тұрмыста болсын, үлкенді-кішілі
кикілжің ұрыс-
төбелесте не ұрыс-шайқаста болсын қолдануға болатын қарапайым
қару ретіндегі құралдар да болған. Солардың бірі –
келте/келтек
сөздері.
Жан басына тоғайдан
Кесіп
алды бір
келте
(«Қобыланды батыр»).
Қолына ұстап бір
келтек
,
Айқайлайды жерді өртеп («Қамбар батыр»).
Бұл сөздің «қару» мағынасы мәнмәтіннен де, сөз семантикасы-
нан да аңғарылады: «қолға ұстайтындай шағын (келте)
етіп кесіп
алған ағаш бұтағы».
Келте (қысқа)
сын ссіміне зат есім тудыратын
-
к
жұрнағы жалғанып
келтек
болып қолданылуы дұрысы болса керек.
Өлең шартына (ұйқас, өлшем деген сияқты) қарай
келте
варианты да
қолданыла берген.
Себіл
де – ескірген сөз. Оны Ә.Марғұлан қару-жарақтың аты
деп түсіндіреді, бірақ қандай қару екені айтылмайды (Ә.Марғұлан.
Көкетайдың ертегісі. - Алматы: Жазушы, 1973. - 73-бет).
Кертартар
– шоқпар сияқты қарудың аты болса керек.
Шауып
келіп Қараман
Безеу тісті
кертартар
,
Тас төбеге салады («Ер Қосай»).
Кертартар –
кәдімгі шоқпар емес, арнайы жасалған тістері бар
шоқпардың түрі деп түсіну керек шығар.
Достарыңызбен бөлісу: