Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет157/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Бедеу ат
.
Бір қарағанда, логикаға қайшы (алогичный) тіркес 
сияқты көрінеді. Өйткені бүгінде біз 
бедеу 
деген сөздің қазіргі бір 
мағынасын ғана білеміз де оған сай келмейтін қолданыстарды кейде 
осындай бірліктерді сөздікке енгізген зерттеушілерді «масқаралап», 
кекеп-мұқап сынап жатамыз. Ал қазақтың орасан бай, ғаламат көрікті 
тілі бар ескі жырларын, әсіресе атақты батырлардың атымен келетін 
эпостық шығармаларды оқыған, оның сөз кестесіне бір сәт назар 
аударған зерделі адам бұлайша жаңылыспас болар еді. Қазақтың ба-
тырлар жырларының барлығында дерлік 
бедеу ат, наз бедеу, бедеу-
ден бедеу сайлап міну
сияқты сөздерді өте жиі кездестіреміз.
Астыңдағы алтын тақ,
Белдеудегі 
бедеу ат
,
Я менікі, я сенікі, – деп Алпамыс батыр қалмақ ханына сес 
көрсетеді.
Бектер мінген 
бедеу ат
Темірменен тағалар (Қамбар батыр).
Айналайын Тарланым,
Бектер мінген 
бедеудей
(«Ер Тарғын»).
Ылғасыз болсын 
бедеу
деп,
Қулықтың сүтін еміздім («Қобыланды батыр»).
Бедеу аттың
бестісі ай,
Адамның болмас естісі-ай,
Қайда кетіп барасың,
Қарағымның ешкісі-ай (Алпамыс батыр).
Бедеу ат
тіркесінің қолданыста болғанын бұдан жарты ғасырдай 
бұрын акад. І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты 


256
еңбегінде нақты мысалымен көрсеткен болатын. Оның мағынасын 
«жүйрік ат» деп түсіндірген-ді. Және бұл тіркес 
бедеу бие, бедеу болу, 
бедеу ықылас
дегендердегі 
бедеу
сөзінен басқаша екенін де ескерткен 
еді.
Ноғай тілінде 
бедеу
жүйрік ат, ал «құлындамайтын, қысыр» деген 
мағынада 
бөде, бөдеу
сөздері бар деп көрсетеді (Қазіргі ноғай-орыс 
тілінің сөздігі). К.К.Юдахин қырғыз тіліндегі 
бедөө
сөзін «скаковой 
конь» (жүйрік ат) деп аудара отырып, «бұл сөз араб тілінен келген» 
деп көрсетеді. Қырғыз тілінде де мысал фольклорлық шығармадан 
келтірілген. 
Бедеу ат
әзірбайжан тілінде де бар, ол арабы ат, яғни 
бәдәуилер (бедуиндер) шығарған, араб тұқымдас жылқы тұқымы 
деген де түсінік-танымдар бар. Қазақтың ескі өлең-жырларында 
мұндай жылқыны 
арабы ат
деп атайды:
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан
ат сайлап мінбен-ді.
Алп, алп, алп басқан,
Арабы торым
өзіңсің (Шалкиіз). 
Ал 
бедеу
– араб сөзі болса, ол «жүйрік (ат)» мағынасында парсы 
мен түркі тілдерінде арабтан келген болып шығады.
Бедеу 
сөзінің парсы тілінде синонимі 
эхта
деп тіркепті парсы, 
қазақ тілдерінің білгір маманы Ислам Жеменей (Парсыша-қазақша 
және қазақша-парсыша сөздік. - Алматы: Санат, 1994. - 221-бет).
Бедеу ат
– қазақтың ескі өлең-жырларында жай мықты, жараған 
ат қана емес, тіпті бәйгі аты да емес, көбінесе хандар, бектер, батыр-
лар мінетін сұлу, мықты ат, бағалы жылқы: 
Жібектей жалын төгілтіп,
Ерні төмен салынған,
Құйрығы гүлдей малынған.
Күдері бел, күпшек сан
Бедеу атқа
мінген жер (Мұрат Мөңкеұлы, XIX ғ.). 
Бектер мінген бедеу ат,
Темірменен тағалар («Қамбар батыр»).
Наз бедеу 
деген тіркес – қазақ жырларында тұрақты поэтизм, 
мұнда 
наз 
– парсы сөзі, мағынасы – «грациозный». Демек, 
наз бедеу
– сұлу ат.
Қарағай менен бітер тал,
Кімге келмес керімсал,
Наз бедеу 
атқа бітер жал («Қобыланды батыр»).
Бедеу 
сөзі жеке келіп те, 
ат 
сөзімен тіркесіп те қолданыла берген. 
Бұлар ертедегі ноғайлы дәуірінен келе жатқан қолданыс болса керек. 
«Қарайдар мен Қызылгүл» деген ноғай жырының қазақша аудар-
масында:


257
Бір 
бедеу ат 
мінгенім,
Аруымды іздерге, – деген жолдар бар (Қарайдар мен Қызылгүл, 
48-бет). Жыр мәтіні аударма болғанмен, ноғай тілі мен қазақ тілінің 
ұқсастығына қарай көп қолданыстар (жыр жолдары) түпнұсқадан 
сақталған деуге болады. Осы жырда: «
бедеуден бедеу
сайлап ат 
мінген» деген өлең жолдары да бар. 
Бедеу (ат)
сөзінің 
«жүйрік ат, 
жарау ат, сұлу ат»
мағынасы қазақ тілінде ХІХ-ХХ ғасырларда да 
сақталғанын Мұрат Мөңкеұлы (XIX ғ.), Ақан сері (XIX ғ.) сияқты 
ақындардан да көреміз:
Құйрығы гүлдей малынған,
Күдері бел, күпшек сан
Бедеу атқа
мінген жер (Мұрат Мөңкеұлы).
Шапса да қанша жүйрік, 
бедеу
озар (Ақан сері).
Қайткен күнде де қазақ тілінде 
бедеу ат
тіркесі де, жылқы малы-
ның еркегіне қатысты жеке айтылатын 
бедеу
атауы да бар екендігі 
даусыз.
Бедеу
сөзі кірме тұлға ма (араб тілінен) әлде «үйірге түспейтін, 
ұрпақ бермейтін қысыр жылқы малы» деген мағынада қолданылған 
түркінің (қазақтың) өз сөзі ме? «Бұл күнде Қызылорда, Арал, Атырау, 
Маңғыстау қазақтары 
бедеу ат
деп түрікменнің жүйрік жылқысының 
тұқымынан шыққан атты атайды», – деп көрсетеді диалектолог ма-
мандар (ҚТАС, 136-б.)
Бұл күнде 
бедеу 
сөзі әйел затына және ұрғашы мал баласына 
айтылатындықтан, кейбір сыншылардың 
бедеу ат
деген болмайды 
деп тіл мамандарын сынауы – мүлде қате, сауатсыздық.
Бедеу ат
деген атаудың ескіліктер қатарында талданып отырған 
себебі, біріншіден, оның ауыз әдебиеті үлгілері мен ілгергі ғасырларда 
жасап өткен ақын-жыраулар тілінде жиі қолданылатындығы, екін-
шіден, бейнелі поэтизмге айналған тұрақты тіркес болып қалып-
тасқандығы. Ал, жоғарыда айтылды, лексикалық ескіліктер сақталған 
орындардың бірі – бейнелі тұрақты тіркестер.
Тобышақ
. «Едіге» жырында:
Торылы жылқы 
тобышақ
,
Топтап жиып алар-ды, – деген жолдар бар.
Тобыршақ
сөзі қырғыз тілінде «жақсы ат, жорық аты» дегенді 
білдіреді (К.К.Юдахин, 740), бұл сөздің қырғызша түсіндірмесі – 
«тобурчақ – чоң жақшы ат, соғушқа минүүгө жаракту ат». 
Тобышақ
сөзі қазіргі қазақ, қарақалпақ тілдерінің сөздіктеріне енбегенмен, ерте 
кездерде қолданылғаны даусыз. Қазақ тілінің аймақтық сөздігінің 
көрсетуі бойынша 
тобышақ/тобыршақ
– Жамбыл, Шу өңірлерінде, 
Қытай қазақтары тілінде «жылқының жүйрігі, таза арғымақтың бір 


258
түрі» «(Айғыр салсақ қазанат, содан туар 
тобышақ
»). 
Тобыршақ
тұлғасындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет