260
«
Жетімдерге
жем бердім,
Жесірлерге
жер бердім» дегенде
жетім
де,
жесір
де – осы күнгі мағынада келіп тұр.
Қолға түскен тұтқындарды
қамайтын орын негізінен
зындан
болғаны белгілі. Бұл – қазірде де түсінікті сөз. Ол – жерді тереңдетіп
қазылған шұңқыр. Бұрын асыл бұйымдарды немесе керек заттарды
сақтау үшін қазылған орды
қандақ
деп атаған. Бұл – парсы сөзі, түбірі
қандан
– «қазу». Қандақта негізінен зат (қазына) сақталады.
Қазыналы
қандағы
Есепсіз түрі мол еді («Алпамыс батыр»).
Қандақ
– әдейі қазылған ор, ал ордың адам қамау үшін қазылған
түрі –
зындан
.
Патшаның сол күнде
Қазулы оры бар еді,
Қуанып халқы жүгіріп,
Қандақтың
аузын ашады.
Домалатып баланы
Зынданға
әкеп тастады («Алпамыс батыр»).
Бұл жыр жолдарында
қандақ
– қазулы ор, ал оның адам қамауға
арналған тұсы
зындан
деп аталатыны байқалып тұр.
Қолға түскен батырдың өзін ғана емес,
астына мінген атын да
қамауда ұстайтын болған (жақсы атты жаудікі деп қоя беру, өлтіріп
тастау – жылқы малының қадірін білетін түркі-монғол халықтарында
болмайтын салт, сондықтан оларды қамайтын жайдың арнаулы атау-
лары болған. Солардың бірі –
әлек
сөзі).
Әлек
. Қобыланды батыр жырында:
Баланы тастап зынданға,
Шұбарды салды
әлекке,
– дейді.
Бұл сөздің мағынасын келесі жолдар түсіндіре түседі:
Темір үйді салдырды,
Темір
үйге
тастады
Шұбар атты кіргізіп.
Бұл – түркі тілдеріне араб тілінен ертеректе енген сөздердің бірі
болар. Араб тіліндегі
әлек
түркі тілдеріне бірнеше мағына беретін
болып қалыптасқанға ұқсайды. Қазақ тілінде бұл күнде
әлек
сөзі
«әбігер, әуре» және «азап» мағыналарында қолданылатын болса,
ноғай
тілінде
әлек
сөзі – «өлім, қаза». Кірме сөздің семантикалық
қозғалысын о баста «азап, әуре», одан «өлім, қаза», одан «азап
шектіретін, қазаға ұшырататын орын» (темір тор, темір үй) болып
жұмсалған деуге болады. Бұл жердегі
Достарыңызбен бөлісу: