Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет167/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Айдындықтай
.
Қазақ тілінің сөздіктерінде бұл сөз жоқ. 
Мағынасын да бірден тап басып айтып беру қиын. Бұл тұлға XV-XVI 
ғасыр ақын-жырауларының тілінде кездеседі. Доспамбет жырау:
Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы:
Хан қызындай сұлтанның 
Айдындынтай
ақ білегін жастанып...
Омыраудағы он түймесін ағытып,
Кейінгі қалған көпекке
Қалай да белін шешті екен! – дейді. 
Бұл жолдарда бірнеше ескілік бар: 
айдындықтай,
білек, сұл- 
тандайын, көпек
. Бұл жерде біз алғашқы 
айдындықтай
сөзін 
талдайық. Сөз түбірі – 
айдын
. Ол орта ғасырлардағы түркі жазба 
ескерткіштері тілінде «жарық, жарқыраған анық, ашық, айқын» де-
ген мағыналарда жиі қолданылған. Сірә, бұл айдын сөзінің о бастағы 
денотат мағынасы болар. Түбірге 
-ды
жұрнағы жалғанып, адамның 
жағымды бейнесін сипаттайтын эпитет ретінде қосымша (коннотат) 
мағынада да жұмсалған.
«Қыз Жібек» лиро-эпосын жырлаушы жырау бас кейіпкерін 
ай-
дынды туған Қыз Жібек
деп суреттейді. Орақ батыр туралы жырда 
кейіпкер 
Айдынды Орақ, айлы Орақ, Айбалтасы қанды Орақ
болып 
аталады. 
Айдынды Жібекте, айдынды Орақ та
«нұрлы, сәулетті» 
деген мағынада суреттеліп тұр. 
Нұр
– күннің ашық сәулесі, ол 
ақ
сөзінің семантикасына жақындайды. 
Ақ жүзің аппақ екен атқан 
таңдай
деген өлең жолдарындағы эпитет мағынасы 
атқан таң

одан 
таңның нұры
, бұдан 
ашық
, әрі қарай 
аппақ жүз
болып өрбіген, 
яғни семантикалық қозғалысқа түскен. Демек, 
айдын/ айдындық
тұлғалары – қазақ тілінде поэтикалық бірлік болып қалыптасқан ескі 
сөз.
Айдындық
сөзі оғыз тілдеріне тән. Түрік тілінде 
айдынлық
сөзінің 
екінші сындық мағынасы – «ақ, аппақ». Қазақ тілі үшін бейтаны-
стау 
айдындық
деген есім сөзге 
-тай
теңеу жұрнағын жалғап, «ашық 
нұрдай>аппақ>ақ» (білек) болып мағынасы жылжыған. Ақ, 
аппақ
– 
сұлулықтың символы, ол 
айдындықтай
деген ескілік сөзбен қатар 
айтылып, эстетикалық әсері күшейтілген. Мұндай тәсіл – қазақ 
тілі үшін кәнігі дағдылы құбылыс екендігі белгілі. Сөйтіп, туыс 
түркі тіліне тән 
айдындық
сөзінің 
айдындықтай ақ білек
болып 
қолданылуы – семантикалық ескіліктің бір көрінісі болып танылады.


273


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет