дұшпанның туырлығын тілгілеп тоқым ету, керегесін
кескілеп отын ету, Қаныкей мен Тінікейдей қыздарын ат көтіне
міндіру
сияқты стереотип блоктар мен поэтикалық образдар осыны
дәлелдейді. Бұлардың ішінде әсіресе жиі келіп отыратын
Ормамбет
би өлгенде, он сан ноғай бүлгенде
деген штамп жырдың ноғайлы
жұртында туғанын, бұл одақ ыдырап, одан бөлініп «қазақ шығып
кеткен», яғни Тоқтамыс хан алдыртқан үш жүз алпыс отау» қазақтар
жырды өздерімен бірге алып кеткені жоғарыда айтылды. XV ғасырда
«он сан ноғайлар» жырлаған жыр әлі таза қазақшаланып үлгермегені
байқалады және ол тек ауызша емес, қолжазба түрінде хатқа да түссе
керек. Сондықтан Шоқанға XIX ғасырдың орта тұсында жырды
жеткізген қазақтар
қоғалы көл төгерек
(дөңгелек),
төбедегі қоңғыр
(қоңыр)
қаз, алғаштан
(әуелгі),
бергештен
(кейін),
жақын жет-
кеш
(жеткесін),
сөзлесті
(сөйлесті),
нешік
(қайтіп, неліктен),
екің де
үйден шық деді
(екеуің де) сияқты ноғайлық сөздерді жақша ішінде
көрсетілген қазақша эквиваленттерімен жырламаған (не жазып бер-
меген) болар іді. Сондай-ақ жоғарыда біз көрсеткен
андын/андан соң,
кеттілер, оларға
сияқты морфологиялық тұлғаларды
одан соң, олар
кетті, оларға
деген сияқты ХІХ ғасыр қазағының тіліне «аударып»
айтулары (жырлаулары) әбден мүмкін де, дұрыс та болған болар еді.
Бірақ жыр мәтінін жинап берген қазақтардың «ноғай» сөздері мен
морфологиялық тұлғалардан кете алмай отырғандары – қолдарында
жырдың жазбаша (қолжазба) түрінде де болғанын көрсетеді.
Бұндай көшірме қолжазбалар XIX ғасырдың орта тұсына дейін
де (әрине, бұдан кейінде) сақталып отырғанын бүгінгі күн біз талдап
отырған жыр нұсқасы көрсетіп тұр.
Г.Н.Потанин «Едіге» жырының Шоқанның қолына тиген үш
нұсқасының (қолжазбасының) біреуі қазақша, екеуі ноғайша нұсқалар
болған болар деп топшылаған екен. Ноғай тіліндегі жыр нұсқасы Қазан
татарларынан жазылып алынған болар дейді. Ал Шоқан мұрасын
кейінгі кездерде жариялаушылар (Ә.Марғұлан, О.Нұрмағамбетова)
бұл болжам – дұрыс емес, Шоқан «Едіге» жырының үш нұсқасын да
Қазақ жерінде жаздырып алды дейді (Ч.Ч.Валиханов Собрание со-
чинений в пяти томах. - Т. IV. - Алма-Ата, 1968. - С. 493) «Едіге»
283
жырының 1996 жылғы басылымына «Түсініктемелер» жазған фоль-
клортанушы ғалым – Оразгүл Нұрмағамбетова да әкелі-балалы
Уәлихановтар жырды қашан (қай жылдары) кімдерге жаздырып
алғанын, ең соңғы вариантын кімнің көшіріп бергенін ашық көрсетіп
берген (Едіге батыр. Алматы: Ғылым, 1996. - 352-бет).
Жыр мәтінін қолжазба бойынша берілгенін дәлелдейтін (көрсе-
тетін), біздіңше, және бір штрих бар. Ауыз әдебиеті үлгілерін сақ-
тап таратуда олардың өлеңмен берілген тұстарын жаттап, дұрыс
(өзгертпей) жеткізуге болады («өлең шығармайтын қазақ болмай-
ды» дегендей, қазақтар поэзияға табиғатынан бейім,оны тез жаттап
алатындықтары айтылып келеді), ал қара сөзбен айтылатын прозалық
бөліктерді өлең мәтініндей дәл жаттап алудың мүмкіндіктері бола
бермейді, оны ауызша жеткізуде әркім мазмұнын бұзбағанмен, өзінше
айтып береді, сондықтан көбінесе олардың қолжазба нұсқалардағы
(егер, әрине, қолжазба болса) мәтіні бойынша хатқа түсіреді деп топ-
шылаймыз. «Едіге» жырында қазақ тіліне тән емес жеке сөздер мен
морфологиялық тұлғалардың көбі жырдың прозалық бөліктерінде
(1996 жылғы басылымында бұл бөгде сөздер мен тұлғалардың біразы
«қазақшаға» көшіріліп (түзетіліп) жіберіпті, соған қарамастан, біз
қазақ тіліне тән емес тілдік бірліктерді тауып, «күреп алып отырмыз».
Жырдың мазмұнын түсінуде, архитектоникасын сақтауда біз сөз
етіп отырған бұл қазақша емес бірліктердің, яғни өзгешеліктердің
айтарлықтай зияны (кері әсері) жоқ, өйткені мәнмәтінге қарап та,
түсініксіз сөздердің түбіріне қарап та әңгіме мазмұнын ұғуға бола-
ды. Бұлардың бірқатарының қазақ тілі ескіліктерінің статусымен
аталып отырған себебі – олардың бұл күнде қазақтың ауызекі не
жазба әдеби тілінде қолданылмайтындығы. Ал бірақ қазіргі кезде
көпшілік қауым оқитын әдебиеттерде: фольклорлық шығармаларда,
әсіресе мектеп бағдарламасына енген батырлар жырлары мен ли-
ро-эпостарда, күнделікті сөйлеу барысында да, жазба дүниелерде
де, жиі қолданылатын мақал-мәтелдерде, бейнелі фразеологизм-
дерде, тарихи ғылыми еңбектер мен тарихи көркем шығармаларда
кездесетін бейтаныс, күнделікті қолданыста жоқ сөздер мен сөз
тіркестерін тұлғасы жағынан өзгеше болып келетін сөздерді көрсету,
олардың сол жердегі (эпостағы, мақал-мәтелдегі, қос сөздегі, күрделі
тіркестердегі) беріп тұрған мағынасын, ол мағынаның эволюциялық
қозғалысын (заман өткен сайын өзге мағыналарды білдіруін) таны-
тып, баяндап беру – бүгінгі қазақ тілтаным ғылымының маңызды
шаруаларының (міндеттерінің) бірі болып отыр. Осы мақсатпен
әуелі «Едіге» жырының жарық көрген нұсқалары бойынша, одан соң
ноғайлы цикліне кірмейтін эпикалық туындылар мен XV-ХІХ ғасыр
284
ақын-жырауларының тілдері бойынша кездесетін ескі бірліктердің
бірқатарын талдаймыз. Олардың біразы «Сөздер сөйлейді» атты
еңбегіміздің нысаны болған-ды, мұнда оларды негізінен ескілік
ретінде танытудан гөрі семантикалық қозғалысын (өзгерісін) көр-
сетіп, этимологиясын ашу көзделген болатын.
Шоқан Уәлиханов (XIX ғасырдың I жартысында жиналып, 1905
жылы жарық көрген) пен Қаныш Сәтбаев 1927 жылы Мәскеуде
жариялаған нұсқаның бір-біріне жақындығы айтылып келеді. Ара-
ларына 70-80 жыл салып, екінші адамдардан жинап (жаздыртып)
алған жыр мәтіндерінің жақындығына қарамастан, ерекшеліктері
бар екені де зерттеушілер назарында болды. Басты айырмашылық –
«проф. П.М.Мелиоранский 1905 жариялаған «Едіге» жырында Казақ
түсінігіне қиын көне сөздердің,
Достарыңызбен бөлісу: |