Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет178/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Нұртуған Кенжеғұлұлының
XIX ғасырдың II жартысында 
жырлаған «Мәулімнияз Едіге» дастаны – тілі жағынан Едіге туралы 
жырлардың өзге нұсқаларынан ерекшеленіп тұрады, жыр көлемді, 
таза қазақ тілінде нағыз ақын жырлаған. Мәтінде араб, парсы тілінің 
ислам дініне қатысты сөздері баршылық. Дастан мұсылманшылық 


286
идеясын ұстанған, оның өзінде де Сыр бойында, Қазақстанның батыс 
өлкелерінде ұзақ уақыт күшін жоймаған Ясауи мектебінің (діни оку 
мен поэзияда) үлгісі байқалады: мұндағы 
шайх, шарапат, мүрит, 
зікір айту 
деген сөздер басқа жырларда мүлде кездеспейді.
Қорыта келгенде, «Едіге» цикліндегі жыр, дастандардың ең 
әрідегі қазақша нұсқалары – Шоқан Уәлиханов пен Қаныш Сәтбаев 
жинап, жариялаған варианттарында лексикалық, морфологиялық, 
орфограммалық ескі бірліктер арнайы сөз ететін, зерттейтін, талдай-
тын, түсіндіретін материал деп табамыз.
«Едіге» жырының Шоқан жинаған нұсқасында орын алған 
төгерек
(шеңбер, дөңгелек, айнала, төңірек), 
жазы/йазы
(дала), 
шому
(сүңгу, суға түсу), 
сөзлесу
(сөйлесу), 
бота екенінде
(бота кезінде), 
су
(өзен), 
ноғайлының ауыр жұрт, айлану, кеше 
(түн), 
алдырту
(жау 
қолына беру) сияқты сөздер – сірә, сол кезеңдегі ноғай тіліне тән 
бірліктер болар. Бұл қатарға 
арап-сарап
(арақ-шарап), 
үкем
(қарағым, 
айналайын) сияқты 5-10 сөзді де қосуға болар, мұны күмәнмен айтып 
отырған себебіміз – олар қазіргі ноғай тілі сөздіктерінде тіркелмеген 
(қазақ тілі сөздіктерінде де күні бүгінге дейін жүздеген ескіліктер 
орын алмай келе жатқаны белгілі, сол сияқты қазіргі түркі тілдерінде 
«ескілік» болып табылатын көне, ескі сөздерді таба алмаймыз).
Ал жырдағы қалған ескіліктер түптөркінін іздеуге тура келетін өте 
көне тұлғалар болуы мүмкін. Мысалы, 
сұп/сұб, суб, ұшан/учан
[теңіз], 
ел-күн
дегендегі 
күн, қоллық, өкіліне түспеу, қосалықтап үй тігу, 
бұгай/боғай
, [төсі] 
артынды/арсынды

ал иіндік, қасқайлау, ібін-сібін 
екі нақ, тоғысу, қыдыра/қыдырау, шәуілжі, толықсу
(толықсыма 
тұнық су) 
ойлығу
т.б. сөздерді бүгінгі қазақ оқырмаңдарына түсіндіріп 
беру қажет деп отырмыз.
Аға
. Жырдың Шоқан нұсқасында «Төбеге шыққан төртеуге Төре 
берер күндер туғай ма? Арқада тұрған алтауға 
Аға
болар күндер 
туғай ма?» деген жолдар бар. 
Аға
сөзі бүгінде әбден түсінікті, қазіргі 
кезеңдегі қолданыста негізгі номинатив мағынасы – «туыстас ер 
адамдардың жас жағынан үлкені» (ҚӘТС, I т., 2006, 58-б.) Бұдан 
басқа да «ер адамның өзінен кішілерге қарата айтылғанда жасы 
үлкені, сондай-ақ «үлкендік» семасы (мағыналық реңкі) сақталған 
«қызмет дәрежесі үлкен адам» (
аға жылқышы, колхоздың басқарма 
ағасы
деген сияқты) қосымша мағыналары бар сөз. Ал ертеректе 
аға
сөзі «белгілі бір қауымның: ошақтың (отбасының), әр алуан қостың, 
ауылдың, рудың, әкімшілік не әскери топтың басшысы, бас адамы» 
деген терминдік (нақты атауыштық) мағынада да қолданылған. 
Жоғарыда «Едіге» жырындағы жолдарда «арқада тұрған алтауға 
аға болу», «белгілі бір топқа басшы болу» деген идеяны бейнелеп 


287
айту: 
алтау
– көп адам, топ және жай топ емес, белгілі мақсатпен 
ұйымдасқан топ.
Аға
сөзінің «басшы, жетекші» мағынасы 
отағасы, қосағасы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет