Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет180/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

әмір, бек (би), аға
. Бұл үш атау тепе-тең синоним ретінде бірінің 
орнына бірі айтыла берген: 
мыңбегі, мыңағасы
: «Уа Мүгеті баһадур 
мық кішінің бегі ерді, йа’ни 
мың ағасы
». Бұл орайда 
әмір/ әмірші
– 
парсы тілінің, 
бек
– түркі тілдерінің, 
аға
– қазақ, ноғай, қарақалпақ 
тілдерінің баламалары деуге болады. Бұл қазақ жазбасында 
бек
сөзі 
сияқты 
аға
сөзі «әмірші, билеуші, басшы» деген титул ретінде жалқы 
есімнің соңынан келіп жұмсалғаны тіпті көп ұшырасады: 
Бүйінчік 
аға, Абдулла аға, Булад аға
т.б.
8
Сөйтіп, бүгінгі оқырмандар сүйіп оқитын батырлар жырлары деп 
аталатын эпостарда да, жазба түрде сақталған жылнамаларда да, ХV-
ХІХ ғасырларда жасап өткен ақын-жырауларда да кездесетін 
аға
сөзі 
«бас, басшы, әмірші» мағынасындағы семантикалық ескілік болып 
танылады. 
Аға
сөзінің «басшы» деген ескі мағынасын XV ғасыр ту-
ындысы – «Едіге» жырынан бастап танимыз. Бұл – семантикалық 
ескілік.
Айлану
. Бұл сөз ескі жырларда жиі кездеседі. Мұны көбінесе 
метатезаға ұшыраған 
айналу
сөзі деп танушылық басым, өйткені 
мәнмәтінге қарағанда, бұл таным (түсіндірме) дұрыс келетін 
сәттері бар. Ал кейбір тұстарда, мысалы, «Едіге» жырының Шоқан 
мен Қаныш Сәтбаев нұсқаларында «айналу» мағынасынан гөрі, 
«жәбірлену, қорлану» деген семантикалық реңкі бар сөзге ұқсайды.
Тоқтамыс хан айналасындағы жақсылардан Едігені қолға түсіру-
дің айла-амалын сұрағанда, ешқайсысының берген ақылының байы-
бына бармайды, өкіліне түспейді (ақылына қонбайды), сонда 
«ноғайлының ауыр жұрты абдырады, 
айланды, Айланып
кеңес тап-
пады» дейді. Мұндағы 
айлану
– «айналу» мағынасындағы сөз емес. 
Біз бұл тұлғаны бұрынырақ бір талдағанда, 
айла
- етістігі көне 
түркі тілдерінде «жәбірлену, қорлану, кемсіну» мағынасын беретін 
8
 Сыздыкова Р.Г
. Язык «Жами´ат-тауарих» Джалаири. - Алма-Ата: Наука, 1989.


289
айығла
- сөзінің фонетикалық өзгеріске ұшыраған варианты болу ке-
рек дегенбіз, яғни 
айығла
- сөзіндегі әлсіз, сусымалы 
ғ
дыбысы түсіп 
қалып 
айыла->айла-
болуы мүмкін. Оған ырықсыз етіс жұрнағы 
жалғанып, 
айлан
- тұлғасы жасалғанда «жәбірлену, қорлану, кемсіну» 
мағынасына ие болады. Сонда мәтінді «абдырады», «қорланды» 
деп түсінуге болады. Екінші бір жорамалымыз – бұл жердегі 
айлану
«басы айналу» (амалы құру, абыржу) дегеннің ықшамдалған вариан-
ты болу да мүмкін. Ал жырдың екінші бір тұсында 
айлану
– 
айналу
етістігінің метатезалық сыңары. Мүмкін «бастары айналды» деген 
тіркестің қысқарған түрі болар деп топшылауға келер. Бірақ 
айланып, 
кеңес таппады
деген келесі жолдарда 
айлану
тұлғасы – 
ойлану
неме-
се «абыржу, қиналу» (алдыңғы 
абдырады
дегенмен қатар келгеніне 
қарасақ) деген мағыналық реңкі қамтылған сөз сияқты. 
Айлану
тұлғасы жырдың екіншісі бір тұсында дыбыс орындары ауысқан 
ай-
налу
сөзі болуы да мүмкін. Мысалы, 
үзеңгіні айландырып қиып қойды
немесе 
көшті айланды
дегендерде.
«Едігенің бала досы Аңдысын Тоқтамыстың Едігені андытқан 
адамдарының аттарының үзеңгі бауын 
айландырып
қияды» («Едіге 
батыр»). Бұл сөздің түптөркіні 
ай(ығ)ла->айла-
болған сияқты. Ал 
оғыз тілдерінің бірі – түркімен тілінде 
айлану
- «айнала қоршау» де-
ген мағынаны береді. Мүмкін, 
айлан
- етістігінің бұл мағынасы да 
«Едіге» жырының тіліне келіп қалар.
Түркі тілдерінде метатеза – дыбыстардың орын алмастыруы жиі 
кездесетін құбылыс екендігін ескерсек, «Едіге» жырының екінші бір 
тұсында 
айлану
тұлғасы қазіргі 
айналу
тұлғасының варианты болып 
танылады да бүгінгі мағынасында келеді. Мысалы, 
Көшкенде көшіп 
айланған, Өткір семсер байланған
деген жолдарды «көшін айналған» 
деп түсіну керек.
Сөздің түптөркінін іздесек, Э.В.Севортянның көрсетуі бойынша, 
айла
- етістігінің өздік етіс тұлғасы 
айлан
- дегеннің бір мағынасы 
«долго говорить с кем-либо о деле, подробно излагать просьбу» де-
ген екен (Э.В.Севортян. Этимологический словарь тюркских языков. 
- М.: Наука, 1974. - Т. І. - С.110). Едігені қайтарудың амалын іздеген 
ноғайлының ауыр жұртының ханы «абыржиды, айланды» дегенді 
айналасындағылармен «ұзақ ақылдасты» деп түсінуге болады. 
Қайткенде де 
айлану/айналу
етістігінің бір мағынасы осы күнгідей 
анық. 
Көшкенде көшін
айланған
немесе 
Едігенің бала досы Аңдысын 
Тоқтамыстың Едігені аңдытқан адамдарының аттарының үзеңгі 
бауын айандырып қиды 
деген сөйлем 
бар
(Едіге батыр. - Алматы: 
Ғылым, 1996. - 56- бет). Мұнда 
айандырып
сөзі – қате, 
л
әрпін түсіріп 
жазылған, өйткені осы сөйлем Қ.Сәтбаев нұсқасында және өзге 
нұсқаларда 
айналдырып
деп жазылған (сонда, 88-бет).


290
Алдырту
. Бұл сөз «дұшпанынан жеңіліп, билеп отырған ел-
жұртынан айрылып қалу, елін жауға алдыру» дегенді білдіреді. 
«Едіге» жырының Шоқан нұсқасында:
Әй, байтағым, байтағым,
Бастатып сені 
алдырттым.
Байтағымның ішінде 
Он сан менің ноғайым,
Сені тағы 
алдырттым
.
Он сан ноғай ішінде 
Үш жүз алпыс отау қазағым,
Сені тағы а
лдырттым
, – деген жыр жолдары бар. 
Бұл – Тоқтамыс ханның жеңіліп, ел-жұртынан айрылғанда қош-
тасып айтқан сөзі. Мұнда бірнеше көненің көзі бар. Олар: 
байтақ
(«қол астындағы ел-жұрт, хандық»), 
сан
(бұл жерде 
он сан ноғай
– «өте көп, қалың ел»), 
тағы
– қазіргі 
да/ де, та/те
шылауының 
қызметін атқарып тұр) және талданып отырған – 
алдырту
етістігі. 
Соңғы сөз бүгінгі қазақ тілінде де қолданылады, бірақ ол негізінен бір 
нәрсені ұрлатып, жоғалтып алғанда айтылады. Бұл тұлғаны біз әзірге 
«Едіге» жырынан және тек Тоқтамыстың монологінен (толғауынан) 
кездестірдік. Сөз түбірі (
алдыр
-), мағынасы түсінікті болғанмен, 
«билеп отырған елімді жауға беріп қойдым» деген нақты мағынада 
қолданылуы – эпостар тіліндегі ескіліктің бірі болып танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет