Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет176/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

татар сөздерінің
(?) көптігі. Қаныш 
Сәтбаев жариялаған «Едіге» жыры осы көне түсініксіз сөздерден, 
та-
таршыланып
кеткен жерлерінен тазартылып, қазақтың таза әдеби 
тілінде жазылған» – деп жазды фольклортанушы О.Нұрмағамбетова 
(Едіге батыр. - Алматы, 1996. - 353-354-беттер). Бұл түсіндірмеде 
«татар сөздері», «татаршыланып кеткен жерлер» деген мәлімет сәл 
жаңсақтау, өйткені мұндағы көне сөздер – татардікі емес, ноғай 
тілінікі не көне түркі мен Алтын Ордаға кірген өзге туыс түркі 
тілдерінікі екендігін төмендегі талдау-түсіндірмелеріміз көрсетеді. 
Ал емлесіндегі «татаршаланған жерлері» дегенді де ортаазиялық 
түркі емле жүйесі деп білу керек болады. Шоқан мен Қаныш нұс-
қаларының жақындығы тек жырдың композициялық құрылымы 
мен жалпы мазмұнында ғана емес, 1927 жылғы вариантта да Шоқан 
нұсқасында кездесетін ескіліктердің біразы бар. Мысалы, 
айлану,
сұб аяқты сұб бөрікті, екі түгей торыша ат, торылы жылқы то- 
быншақ, суға шомып кетті, атан екенінде, бота екенінде, тобыншақ, 
қыдыру, қыдыр, ал қара кіс тон, үкем, алғаштан, өкіліне түспеді, ал 
елдігін солдырып, қара кіске бөлеттім, бала кіске бөлеттім, ыбын-
сыбын екі нақ, ұйлықты/ойлықты, жыйлықты/сылықты. 
Ал «Едіге» жырының бұл екі нұсқасына қатысты түсініктеме 
берушілердің екінші Қ.Сәтбаев вариантында «татар сөздері» қазақ-
шаға өзгертіліп берілген дегені – мұнда қазақ тіліне тән емес морфо-
логиялық тұлғалардың (
йақын йеткеш
– жақын келгенде; 
бас терісін 
алдына алып
тарап олтұр
– тарап отыр, 
нешік үлкен боласың
– 
қалайша үлкен боласың; 
менден артық
– менен артық; 
баршала-
ры жыладылар
– бәрі де жылады) қазақшаға көшіріліп берілген-ді. 
Әрине, бұл – жырдың ноғай тіліндегі нұсқасының қазақ тіліне 
ыңғайланған үлгісі екенін көрсетеді. Мұндай адаптациялар «Едіге» 
жырының өзге нұсқаларында да бар, бірақ «Едіге» жырының Сәтбаев 


285
нұсқасынан басқалары Шоқан нұсқасының қазақша варианты емес 
екендігі, олардың сюжеті де, кейіпкерлері де, оқиғалары да көп тұста 
өзгеше болып келетіндігін фольклортанушылар әбден нақтылап 
дәлелдеген болатын. Бір ескертетін жайт – «Едіге» тақырыпты жыр-
лар Шоқан мен Қаныш нұсқаларынан өзгелерінің барлығында дерлік 
лексика-морфологиялық ескіліктер (ескі сөздер мен өзге түркі тілдік 
морфологиялық көрсеткіштер) мүлде аз, тіпті жоққа тән деуге бола-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет