Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет184/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ш
-
с
ды-
быс алмасуы «Едіге» жырының ертеректегі қолжазбаларында басқа 
сөздер де ұшырасады: 
шарап – сарап, шербет – сербет
қатарларына 
қарағанда ХІV-XV-XVІ ғасырлардағы ноғай-қазақ тілдерінде 
с-ш
алмасулары орын алған құбылыс болуы мүмкін, өйткені 
арап-сарап
деген параллель қазақ тілінің батыс өңірінің аймақтық сөздігіндегі 
тіркеліпті, демек, 
сарап, сербет, арсын
тұлғалары тілде сақталып 
қалғанын көрсетеді. Сондықтан «Едіге» жырының алғашқы жазба-
ларында орын алған 
арсын, сербет, сарап
тұлғалы сөздерді емлелік 
(графикалық) қателіктер деп емес, ескіліктің бір көрінісі деп таныған 
дұрыс сияқты.
Бартал тарту
.
Бұл – өте сирек кездесетін ескі қолданыс. «Едіге» 
жырында (Шоқан нұсқасында) мүйтендерден шыққан екі бірдей 


294
Қосдәулеттің салтанатын (қоғамдағы «рейтингісін») атағанда, олар-
ды Тоқтамыс хан:
Қос-қос пышақ асынған 
Қосалықтап отау тіктірген,
Көшкенде 
бартал тарттырған, –
деп суреттейді. 
Бартал тарту
тіркесі ешбір сөздікте тіркелмеген. 
Көне сөздердің түсіндірмесін беруге бой ұрған Балғабек Қыдырбекұлы 
бартал
сөзін «сәнді, салтанатты көш» деп түсіндіреді (Түгел сөздің 
түбі бір. - Алматы, 1993. - 42-бет). Бірақ бұл түсінік қайдан алынды, 
қай тілдің сөзі, морфологиялық-семантикалық сипаттамасы қандай? 
Мұндай талдау жоқ.
Ал, дұрысында, бұл – парсы сөзі, мағынасы – «жолаушының жүгін 
артқан (артатын) көлік (ат)». 
Бартал тарту
– жүк артқан көлікпен 
көшу, яғни қос-қостан үй тіктіріп, көшкенде жүкті көлікке артып
салтанатпен көшетін бай, батыр Қосдәулетсің деп мадақтап тұр.
Қазақ тілінің қазіргі сөздіктерінде, оның ішінде аймақтық 
сөздікте де 
бартал тарту
тіркесі жоқ. Парсы тілдес жұрттармен 
ертеректе аралас-құралас болып келген Орта Азия, Қырым, Кавказ, 
Еділ-Жайық өлкелерін жайлаған түркі жұрттарының тілінде тұрмыс-
салтқа, әр алуан бұйым атауларына қатысты сөздер аз болмаған. 
Сондықтан, сірә, 
бартал тарту
парсы тілінен келген қолданыс болса 
керек, жырларда келген мұндай түсініксіз сөздерді бүгінгі оқырман 
контекске қарап көп қиналмай оқиды. Жырдағы 
бартал тарттыру
– 
салтанаттың белгісі, жағымды образ екенін жырдың алды-артындағы 
жолдар айқындап тұр. Сондықтан лексикалық бірліктердің қай-
қайсысының да семантикасы мен түптөркінін (генезисін) түсіндіруде 
жалаң контекске қарай топшылай салу ғылыми дәл таным болып 
шықпайды. Олардың этимологиясына үңіліп, ертелі-кеш қолданыс 
ерекшеліктерін саралап, өзге түркі, парсы, араб, монғол тілдеріндегі 
бар-жоғын, мағынасын тауып барып, жан-жақты талдау жасаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет