291
ноғайлылықтармен жақын жүріп-тұрған батыс өңірі тұрғындарының
тілінде сақталған болса керек. Ал
арақ
сөзіндегі
қ
дыбысының
п
-мен
алмасуы –табиғи фонетикалық құбылыс емес, қосарлана айтылатын
екінші сөз
шарап
дегеннің ұйқасына қарай болған ауызекі тілінің
құбылысы (әрекеті) болар.
Арасат (оты)
.
Ертедегі жырлардың өзінде көп кездеспейтін
арасат/ғарасат
сөзі «Едігенің» Шоқан, Қаныш нұсқаларында орын
алған: «Аязды күндер аршынданып
Арасат
оты жанғанда».
Бұл – араб сөзі, ислам дініне қатысты сөздердің бірі деуге болады.
Оның бір мағынасы «майдан, алаң» болса, діни мағынасы – «өлген
адамдар қайта тірілгеннен кейін жиналатын орын» (ғарасат майда-
ны). Жырда, сірә,
арасат
ұрыс-соғыс сияқты аласапыран кезді айтып
тұрса керек, өйткені контексте бұл сөйлемнің алды-артында:
Ормамбет би өлгенде,
Он сан ноғай бүлгенде,
Саназар батыр жаудан
Жаралы барып келгенде,
Бура мұздан тайғанда...
Ханнан қайрат кеткенде – деген сияқты сөйлемдер бар.
Демек,
арасат оты
– осы ситуацияға үндес қолданыс. Бұл сөз
Едігеге арналған өзге жырлардың тағы біреуінде – «Мәулімнияз
Едігеде» бар, бірақ «
арасан
майдан құрғанда» (Едіге батыр, 1996,
269-бет) деп қате жазылған. Мұнда да
арасан
емес (соңғы әріптің ха-
ракаты үш нүктенің орнына бір нүкте басып жазылған не оқылған)
арасат майдан
деген тұрақты тіркес болуы керек. Бұл күнде
арасат
оты, арасат майдан
тіркестерінің нақты мағынасын екінің бірі біле
бермейді. Демек, бұлар – бөгде тілдік ескіліктер, өлең-жырларда
көбінесе поэтикалық қолданыс ретінде танылады.
Бұл сөздің талдау арқылы да жырды жинап бастырушы екі ғалым
– Шоқан мен Панттелеймон Михайловичтің «Шоқан нұсқасындағы
«Едіге» жырының тілінде араб, парсы сөздері жоқ, барлары бұзылып
жазылған» деген танымдарының жаңсақтау екенін көреміз. Қазақ
әдеби тілінің түсіндірме сөздігіңде (2006 жылғы)
арасат
сөзін көне
деп дұрыс көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: