Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет189/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Қосалықтау
. Өте сирек кездесетін бұл сөз «Едіге» жырынан
көрінеді: «
Қосалықтап отау тіктірген... 
Көшкенде бартал тарт-
тырған». Бұл сөзге П.М.Мелиоранский де түсінік берген: «ставя 
парами» деген болар дейді, яғни киіз үйлерді қатар тіктіру дегенді 
білдіретінін айтады және бұл тұлғаның сөздіктерде жоқ екенін де 
ескертеді. Көшпелі халықтардың тұрмысында киіз үйлерді қос-
қостап тіктіру салты немесе сәндіктің, байлықтың белгісі болса 
керек. Біз проф. Мелиоранскийдің түсіндірмесін қолдаймыз, яғни 
қазіргі 
қосарлау
сөзінің ескі варианты деп танимыз. Кезінде, сірә, 


300
қосалық
тұлғасы зат есім де болған болар, оған етістік тудыратын 
-та
жұрнағы жалғанып 
қосалықтап отау (үй) тігу 
«қос-қосынан 
қатарлап үй тігу немесе тіпті қазақ тұрмысында да орын алған екі 
киіз үйді біріне-бірін жалғап тігуді осылайша атауы мүмкін. Сөз 
мағынасы 
қос
деген түбірдің семантикалық ұйытқы болып тұрғанын 
көрсетеді. 
Қосалықтау
сөзін біз әзірге өзге жырлар мен ертедегі 
ақын-жыраулардың өлең-толғаулары тілінен не мақал-мәтелдерден 
таба алмадық. Іздестіре түсу керек.
Өкіліне түспеді

«Едіге» жырының Шоқан және Қ.Сәтбаев 
жинаған нұсқаларында Тоқтамыс хан айналасындағы жақсылардан 
ренжіп кеткен Едігені қалай қайтарамыз деп ақыл сұрағанда, 
олардың айтқан сөздерінің «өкіліне түспеді», «байыбына барма-
ды» деп жырланған. Жырдың тағы бір жерінде: «Сыпыра жырау 
толғағанда оның сөзінің 
өкіліне түскен
жақсылар: бұл не оқиясы 
болды деп шыдай алмай жылайды». 
Өкіліне түспеді
тіркесі осы 
жырдан басқаларында кездеспейді. Қолымызда бар сөздіктерде бұл 
тіркесті таба алмадық, ал мәнмәтінге қарағанда, «айтылған сөзді 
«қабылдамады», «мән-мағынасын түсінбеді» (байыбына бармады) 
деп тануға болады. Қазақ тілінде 
сөзге түспеді
деген тіркесті Бұхар 
жыраудан (XVIII ғ.) кездестіреміз: «
Айтқан
сөзге түспеген
Жаман 
емей, немене!» Сірә, бұл жердегі 
түспеген
тұлғасы – 
түсінбеген
деген етістіктің ықшамдалған варианты болар. Демек, 
өкіл
сөзінің 
семантикасы мен түптөркінін іздестіру керек сияқты. Бұл тіркеске 
П.М.Мелиоранский де түсініктеме (комментарий) береді. 
Өкіл
– «крик, 
пение, стон» дегенді білдіретін сөз деп көрсетеді, оны Л.З.Будагов 
сөздігіндегі 
өңкілдеу
етістігімен ұштастырады. Біздіңше, бұл таным-
ды дәл деп айту қиын. Сірә, өкіл – «айтқан сөз, берген ақыл» дегенге 
саяды, демек, 
өкіліне түспеу
(түсінбеу) – «айтылған сөзге түсінбеді», 
яғни «қабыл алмады» дегенді білдіретін сияқты. Мұны қатарындағы 
байыбына бармады
деген таныс (түсінікті) тіркес те дәлелдей түседі. 
Осы сөзге қатысты және бір көңіл аударатын факт (жыр жолдары) бар. 
Ол проф. И.Н.Березиннің «Хрестоматиясындағы» «Едіге» жырының 
мәтінінде «өкіліне түспей, байыбына бармай» деген өлең жолы да бар 
және ары қарай оқығанда, «
Көңіліне түскен
жақсылар өксіп-өксіп 
жылайды», «
Көңіліне түспес
жамандар Не оттайды деп жүре барып 
тыңдайды» деген жыр жолдарын кездестіреміз. «Едіге» жырларының 
кейбір нұсқаларының тілі қазақыландыра түскендігі белгілі. Жырды 
кейінгі кездерде (И.Н.Березин қазақ ортасындағы жыршыдан жазды-
рып алған – XIX ғ.) жырлағандар өздеріне түсініксіз өлең жолдарын 
немесе жеке сөздерді мәнмәтінге қарап, яғни жырдағы оқиғалардың 
барысына қарап, өздерінше қазақшалап жырлағаны байқалады. Де-
мек, 
айтылған сөздің
(ақыл-кеңестің) 
өкіліне түспеу
– «көңіліне 


301
қонбау» деген қолданыс болып шығады. Біздіңше, тіпті 
өкіл
деген 
тұлға 
көңіл
деген сөздің қате жазылуы, қате оқылуы болар деп те не-
месе 
көңүл-өкүл 
деген метатеза (дыбыс алмасуы) құбылыс болар деп 
те топшыласақ, бұл күнде де ескілік алдымыздан шығады. 
Айналу/
айлану
деген сияқты дыбыстардың 
өкүл 

 көңүл
болып орын алмасып 
құбылуын жоққа шығара алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет