304
ескіліктердің бірі. Ноғай тілінде
төгерек
– 1) «дөңгелек»; 2) «бір
нәрсенің айналасы» деген мағыналарда қолданылады.
Бүгінгі қазақ тілінде
төңірек
– бір нәрсенің (ауылдың, жайы-
лымның, егіндіктің т.б.) айналасы,
төңіректеу
– бір нәрсенің ай-
наласында жүру. Демек,
төгерек
сөзін бір нәрсенің «айналасы» де-
ген екінші мағынасы ноғай мен қазақ тілдерінде бірдей болғанмен,
«дөңгелек» мағынасы тек ноғай тіліне тән тұлға деп танылады.
Шому
. Қазақ тіліндегі
шомылу
етістігінің мағынасына және
мәнмәтінге қарап, бұл сөздің «суға бату, секіріп түсіп ксіу» деген көне
мағынасы бірқатар түркі тілдерінде күні бүгінге дейін сақталған.
Жырда «перінің қызы Баба түкті шашты Әзіз жақын барғанда суға
шомып
кетті» дейді. «Шашты Әзіз мен де соңыңдан
шомайын
деп
қыз артынан
шомып
кетті» (51-бет). Бұл жерде
шому
сөзі – адам-
дар «суға түсті, шомылды» деген мағынада емес, «суға күмп берді,
түсіп кетті, сүңгіп кетті» деген мәнде. Қазақ тілінде
шом
(у) түбірі
шомыл
тұлғасында сақталған және мағынасы да өзгешелеу:
шомы-
лу
– «суға түсу және жуыну» деген мағынада жұмсалады. «Едіге»
жыры ноғай тілінің қолданысын сақтаған. Қолданыс ноғай, татар
тілдерінің көрінісі болар. «Едіге» жырын Шоқанға жинап берген-
дер де қолжазбаны пайдаланған. Тіркес жырдың тек қара сөзбен
айтылған тұсында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: