Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет191/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Сұб/сұп

«Едіге» жырының Шоқан нұсқасында Сыпыра жы-
рауды: «Аузында отыз тісі босаған, 
сұп
аяқты, 
сұп
бөрікті Сыпыра 


303
сынды сұм» (келесі жолда – 
сұп
) жырау деп суреттейді. Мұндағы 
сұп
сөзін П.М.Мелиоранский «биік, ұзын, жіңішке» деген мағынада 
деп түсіндіреді. Өлеңнің 3-жолындағы 
сұм жырау
келесі жолдар-
да 
сұб жырау
болып жазылған. Сірә, 
жырау
сөзімен тіркесте кел-
генде дұрысы 
сұм
болар, өйткені 
сұм
сөзі ноғай тілінде жағымсыз 
мағына беретін сөз: 
сұм адам
– человек, вобравший в себе все от-
рицательные качества. 
Сұп/сұб/суп
сөздері көне түркі сөздігінде де, 
араб, парсы сөздіктерінде де көрсетілмеген. Ал 
сұм, сұмрай/сұмырай
сөзі қазіргі қазақ және ноғай тілдерінде жағымсыз мағынадағы («за-
лым, қу, жексұрын») сөз болғанмен, 
сұм
және 
сұмырай
деген сөздері 
ескі қазақ жырларында «бақытсыз, талайсыз, сормаңдай» дегенді 
білдіреді. 
Сұм
сөзінің бұл мағынадағы қолданысы «Едіге» жырында 
да бар: «Жалғыз да туған 
сұм
басым, Барымнан жоғым көп игі» (Орақ 
батырдың сөзі, «Едіге» жырында). Едіге: «
Сұм
жалғыздық қайтермін, 
Жалғызда болып кетермін, – дейді».
«Алпамыс» жырында жеті жасар Жәдігерді (әкесі бір кеткеннен
мол кеткен, демек, сорлап жүрген) Ұлтан құл: «Өлтіремін алып кел, 
Жәдігер 
сұм
баланы», – деп кісі жұмсайды. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 
жырында Баян сұлу өзін әрдайым «Баян 
сұм
» деп, ал Қозыға: «Атадан 
жастай қалған сен 
сұмырай
»

– деп отырады. 
Шум
(қазақша – 
сұм
) – 
парсы тілінде «бақытсыз, сорлы, сормаңдай» деген мағынадағы сөз. 
Сұм/сұмырай
сөздерін осы төлтума мағынада қазақ жырлары жиі 
қолданған (қараңыз: «Сөздер сөйлейді», 167-168-беттер).
«Едіге» жырындағы 
сұб аяқты, сұп бөрікті
тіркестерін орыс 
ғалымы П.М.Мелиоранский қандай мағлұмат көзіне сүйеніп айтып 
отырғанын әзірге таба алмадық. Әлде бұл сөз қазақ тіліндегі 
сопақ, 
сопаю
сияқты сөздердің түбір тұлғасы болар ма? Ал, шынында да, 
көп жасап арықтаған адамның аяғы да жіңішке, бөркі де биік болуы 
мүмкін. Демек, 
суп/ сұб
сөзінің генезисі мен мағынасын айқындай 
түсу керек болар.
Төгерек
. «Едіге», «Ер Көкше», «Ер Сайын» сияқты ноғайлы-
қазақ жырларында кездесетін 
төгерек
сияқты сөздің «дөңгелек» 
деген мағынадағы сөз екенін әрі түбіріне (
тө-герек, тө-ңгелек, то-
малақ/домалақ
) қарап, әрі мағынасына қарап оңай түсінуге болады: 
«Шалғынды көл 
төгерек
. Қоғалы көл 
төгерек
. Жекенді көл 
төгерек
» 
(«Едіге»). Бұлардағы 
төгерек
анықтауышы тек 
көл
сияқты дөңгелек, 
яғни тік бұрышты немесе ұзынынан ағып жататын суларды атайтын 
өзен, теңіз сөздерімен тіркеспейді. Бұл тұлғаны қырғыз тіліндегі 
төгөлөк
(қазақша – 
дөңгелек
) деген сөздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет