297
Есен-аман кетсе сол,
Еділден арман өтсе сол,
Сәтемір ханға жетсе сол,
Осы өшін, сірә да,
Сенен алмай қалмас-ты
боғай
құбаша ұғыл! – деп аяқталады.
Бұл тұлға мүлде бейтаныс, ешбір сөздікте жоқ және
боғай/бұғай
сөзімен келген сөйлемнің өзін анық түсіну қиын:
боғай
– анықтауыш
па (
боғай
құбаша ұғыл), жағымсыз мәнді атау сөз бе, етістік пе?
Мұны проф. П.М.Мелиоранский сусымалы, әлсіз
л
дыбысы түсіп
қалған
болғай
деген етістік тұлғасы деп түсіндіріпті, -
ғай
жұрнақты
етістік келер шақты білдіреді дейді.
Бұт сауырлы күреңше ат,
Бұтқа тартып мінер-ді
боғай
құбаша ұғыл –
деген жолдарын егер ондағы
мінер-ді боғай
дегенді
мінер болғай
деп танысақ, қазіргі қазақ тілінше айтса, жырау
бұтқа тартып
мінетін болар
деп толғар еді.
Сөйлем мағынасының түсініктілігін қуаласақ, П.М.Мелиоранс-
кийдің талдауының дұрыстығына ойлануға тура келеді. Кәмілдікті
көрсететін
-
ды/-ді
аффиксі күрделі етістіктің неге ортасында тұр.
Дұрысы – бұл қосымша күрделі етістіктің ең соңғы сөзіне жалғануы
керек сияқты. Демек, талданып отырған
боғай/бұғай
тұлғасын
әрі қарай іздестіру керек, ол – мағынасы бар жеке сөздердің бірі
ме, етістіктің құрамдас компоненті ме? Шоқан нұсқасындағы бұл
сөйлемдер Қ.Сәтбаев вариантында қазақша берілген, 7-8 буынды
өлең өлшемі де сақталған, сөйлемнің мағынасы да түсінікті:
Сауыр-
лы бұт күреңше ат, Бұтқа тартып мінер ол.
Ал Шоқан нұсқасында
өлең өлшемі де бұзылып тұр:
Бұт сауырлы күреңше ат
(7 буын)
Бұтқа тартып мінер-ді боғай құбаша ұғыл
(11 буын). Қ.Сәтбаев
нұсқасында жоғарғыдай сөйлемдердің бірінде
боғай
сөзі
жалғыз
де-
ген сөзбен алмастырылған:
Сонау бір жалғыз құбаша ұл, Әлі де ұзап
кеткен жоқ
. И.Н.Березин жинағында бұл жолдар:
Кешегі кеткен
еңсегей бойлы құбаша ұл
, тағы бір жерінде:
Кешегі кеткен жалғыз
ұл
деп жазылған (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996. - 360-361-бет-
тер).
Достарыңызбен бөлісу: