Аршында – 2. ауыс. Адымдай басу,
аяғын кең басу. 3. ауыс. Екпіндеу, шарықтау, қарыштау. 4. өрлеу, алға
басу.
Аршындат - екпіндету, күшейту.
Аршынды. 2. ауыс. Қарқынды,
пәрменді, екпінді (ҚӘТС, 2006, т. I., 674-675-беттер).
Осы сөзге қатысты тағы бір қызық түсіндірмені кездестірдік. Түркі
тілдерінің салыстырмалы сөздігінде:
аршын ноғай тілінде «күміс
және күміс әшекей» дегенді білдіреді деп анықтайды да, «төсі аршын-
ды бай қызы», яғни «омырауы қымбат әшекейге толы байдың қызы»
дегенді мысалға келтіреді. Ж.Сейдалиннің П.М.Мелиоранскийге
берген түсіндірмесі осыған сәйкес келеді. Бірақ бұл –
аршын сөзінің
тек бір ғана тіркестегі қолданысына берілген түсіндірме болып
шығады, өйткені қазақ жырларында
аршын басты бурыл (ат) неме-
се:
Омырауын аршындап, мінген атын қамшылап деп келетін жыр
жолдарындағы
аршын, аршындау сөздерінің мағынасы ешқандай
әшекейге, алтын-күміске жанаспайды. Керісінше, бұларда «Едіге»
жырларындағыдай
оттың аршынданып жануы сияқты «жоғары
көтерілуі, биіктеу, ілгері созылу» деген семантикалық реңктерге ие
қолданыстарды көреміз.
Сөйтіп, нақты ұзындық өлшеміне қатысы жоқ
аршын сөзі тұрақты
тіркестерде және етістік тұлғасында ертеректегі казақ-ноғай өлең-
жырларында лексикалық ескіліктердің бірі болып кездеседі.
«Едіге» жырының Шоқан, Қаныш нұсқаларында бұл сөз
арсын- деп те хатқа түскен. Бұл вариант араб жазуындағы (
ш ) әрпінің қаракет
белгісі – үш нүктесі не түсіп қалып (
с ) болып қате жазылғанының
салдары, я болмаса нақты денотаттық (негізгі) мағынасы түсініксіз
сөздің тұлғасы тұрақсыз болып келуінің көрінісі шығар деп топшы-
лауға да болар ма еді? Бірақ бұл да – күмәнді таным. Өйткені