288
келіп айтылатындығы дәлелдейді. Мысалы, «Ер Доспамбет
ағаның
Хан ұлынан несі кем?» Бұл жерде жалқы есімнен бұрын келген
ер
сөзі – кісінің (Доспамбеттің) қасиетін көрсететін эпитет (
Ер Тарғын,
Ер Сайын
деген сияқты). Ал жалқы есімнің соңынан келіп тіркескен
сөздер эпитеттен гөрі белгілі бір атақты, дәрежені білдіретін сияқты.
Демек, «Ер Доспамбет басшы» деп атап тұр.
Аға
сөзінің бұдан 4-5 ғасыр бұрынғы қазақ қоғамының тек
ауыз әдебиеті («Едіге», «Ер Тарғын» сияқты батырлар жырла-
ры) үлгілерінде ғана емес, жазба үлгілерінде де орын алғанын
XVI ғасырдың соң кезінде жасап өткен тарақ таңбалы жалайыр
руының биі – Қадырғали Қосымұлының «Жами’ат-тауарих» атты
жылнамасының мәтіні көрсетеді. Мұнда белгілі бір өлкені, әскери
бөліктерді, рулар мен тайпа басшыларын үш сөзбен (терминмен) бер-
ген:
Достарыңызбен бөлісу: