294
Қосдәулеттің салтанатын (қоғамдағы «рейтингісін») атағанда, олар-
ды Тоқтамыс хан:
Қос-қос пышақ асынған
Қосалықтап отау тіктірген,
Көшкенде
бартал тарттырған, –
деп суреттейді.
Бартал тарту
тіркесі ешбір сөздікте тіркелмеген.
Көне сөздердің түсіндірмесін беруге бой ұрған Балғабек Қыдырбекұлы
бартал
сөзін «сәнді, салтанатты көш» деп түсіндіреді (Түгел сөздің
түбі бір. - Алматы, 1993. - 42-бет). Бірақ бұл түсінік қайдан алынды,
қай тілдің сөзі, морфологиялық-семантикалық сипаттамасы қандай?
Мұндай талдау жоқ.
Ал, дұрысында, бұл – парсы сөзі, мағынасы – «жолаушының жүгін
артқан (артатын) көлік (ат)».
Бартал тарту
– жүк артқан көлікпен
көшу, яғни қос-қостан үй тіктіріп, көшкенде жүкті көлікке артып,
салтанатпен көшетін бай, батыр Қосдәулетсің деп мадақтап тұр.
Қазақ тілінің қазіргі сөздіктерінде, оның ішінде аймақтық
сөздікте де
бартал тарту
тіркесі жоқ. Парсы тілдес жұрттармен
ертеректе аралас-құралас болып келген Орта Азия, Қырым, Кавказ,
Еділ-Жайық өлкелерін жайлаған түркі жұрттарының тілінде тұрмыс-
салтқа, әр алуан бұйым атауларына қатысты сөздер аз болмаған.
Сондықтан, сірә,
бартал тарту
парсы тілінен келген қолданыс болса
керек, жырларда келген мұндай түсініксіз сөздерді бүгінгі оқырман
контекске қарап көп қиналмай оқиды. Жырдағы
бартал тарттыру
–
салтанаттың белгісі, жағымды образ екенін жырдың алды-артындағы
жолдар айқындап тұр. Сондықтан лексикалық бірліктердің қай-
қайсысының да семантикасы мен түптөркінін (генезисін) түсіндіруде
жалаң контекске қарай топшылай салу ғылыми дәл таным болып
шықпайды. Олардың этимологиясына үңіліп, ертелі-кеш қолданыс
ерекшеліктерін саралап, өзге түркі, парсы, араб, монғол тілдеріндегі
бар-жоғын, мағынасын тауып барып, жан-жақты талдау жасаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: