Аршын төс. Төс аршынды/Төс арсынды. Аршындау
.
Қазақтың
эпостарында, ертеректегі ақын-жырауларында (өлең-жырларында)
аршын төс, төсі аршынды
түрінде келетін бейнелі поэтикалық
тіркес ең ертедегі «Едіге» жырының мәтінінде де бар:
Алтыннан соққан ақ ордаң,
Күмістен соққан ақ есік,
Түсі суық шың болат
Ұшыменен ашар-ды құбаша ұғыл.
292
Төрге төсек салар-ды боғай құбаша ұғыл.
Төс аршынды
сұлудың
Сұлулығын аямай
Төс астына алар-ды (Қ.Сәтбаев нұсқасында).
Шоқан Уәлиханов «Едіге» жырын орыс тіліне аударғанда, бұл
тіркесті «полногрудая» деп берген. П.М.Мелиоранскийге бұл эпитетті
1904,1905 жылдары Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген
қазақ жасы, төре әулетінің ұрпағы – Жиһанша (Жанша) Сейдалин
«тұрмысқа шыққан әйелге қарата айтылады және байдың қызын төс
арсынды» дейді деп түсіндірген (Сказание об Едигее и Тохтамыше.
Киргизский текст по рукописи, принадлежащей Ч.Ч.Валиханову.
Издал проф. П.М.Мелиоранский. СПб, 1905. - С. 6). Бұл тіркестің
мағынасын қазіргі зерттеушілер «төсі аршынды сұлу (ару)» деп
қалыптасқан бейнелі эпитет ретінде түсіндіреді де әйелзаттың
сұлулығына қатысты қолданылады деп таниды.
Бұл күнде
аршын
сөзі тіркестен тыс қолданылады, ол 0,71 см-
лік өлшем атауы және ауыспалы мағынада жұмсалуы да бар: «1)
екпін, қарқын, 2) кең, ашық кеуделі адам» және «адым» мағынасында
жергілікті сөз ретінде қолданылады.
Аршын/арсын
тұлғасын Шоқан да, Мелиоранский де өз кездерін-
дегі қазақ тілі үшін бейтаныс сөз деп тауып, түсіндірмесін іздейді.
«Едігенің» ілгеріректе хатқа түскен нұсқаларында
аршындану
деген
етістік түрі де бар: «Аязды күндер
аршындап
Арасат оты жанғанда»
деген жолдардағы мәнмәтінге қарағанда
аршындану
– «лапылдау,
жоғары көтерілу» деген мағынаға жақын.
Төс аршынды
немесе
ар-
шын төс
тіркестерінде де,
аршындану
етістігінде де
аршын
сөзінің
семантикалық «ұйытқысы», сірә, «көтеріңкілік, биіктік, ілгерілеу»
деген семалар (мағыналық реңктер) болар деп ойлаймыз:
аршын төс
– көтеріңкі төс,
аршынданып жану
– жоғары көтеріліп, лапылдап
жану.
Алма мойын, аршын төс, төсі аршынды
сұлу
сияқты жыр жол-
дары кейінгі XVI-XX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілінде де жиі
кездеседі. Мысалы, Бұхар жырауда (XVIII ғ.):
Төсі аршынды
сұлуың
Сілкіп төсек сала алмас малдан соң.
XX ғасырдың ақыны Бернияз Күлеевте:
Жалғанда жұмағым – ар-иманым,
Албыраған арудың
аршын төсі
.
Бұл – жеке тұрғандағы нақты мағынасы күңгірттенген
аршын
сияқты ескіліктің қазақтың поэтикалық мектептерінің дәстүрлілік,
жалғастылық үрдісін танытады.
293
Аршын
сөзіндегі жоғарыда біз шамалаған мағыналық реңктері
(семалары) бұл күнде қолданылатын
аршындау, аршындату, аршын-
ды
сөздерінің ауыспалы мағыналары ретінде көрсетілген мағына-
ларына негіз болғаны байқалады:
Достарыңызбен бөлісу: |