Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет190/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Өтіл. Өтілу

«Едіге» жырының қара сөз бөлігінде 
өтілу
етістігі 
бар:
Төртеуі бір-біріне 
өтілді
,
Едігеге сөйле деп...
Асылдан саба толтырып.
Тең құрдасқа қосылып,
Өтіліп
қымыз іше алмай.
Тіркестің мағынасы «сұрады, өтінді» дегенге саяды. Осыған қарап 
өтілу
сөзі бүгінгі түсінікті 
өтіну
сөзімен түбірлес деуге болады. «Қазақ 
тілінің аймақтық сөздігіне» (2005 ж.) үңілсек, Түрікменстанның 
Красноводск, Ашхабад, Жемен өлкелеріндегі қазақтардың тілінде 
өтіл
деген зат есім «өтініш» дегенді білдіреді екен, ал Қызылорда, 
Қармақшы тұрғындары 
өтіл
дегенді «бедел, абырой» деген мағынада 
қолданылатындығы да осы сөздікте көрсетілген. Сірә, «Едіге» 
жырындағы 
өтіл
сөзінің мағынасы «өкініштен» гөрі «ақыл, кеңес» 
дегенге жақындайды, өйткені көне түркі тілдерінде 
өт, өтлүк
«совет, 
назидание» деген мағынаны берген (ДТС, 1969, 512-бет). Бұл тіркес 
өзге жырларда да бар:
Сол анасы жылады,
Ұлынан 
өтіл
сұрады («Ер Сайын»).
Төрде отырған билерден
Бозмұнай 
өтіл
сұрады («Бозмұнай»). 
Өтіл, өтіл сұрау 
«ақыл, кеңес, ақыл сұрау» мағыналарында 
жұмсалған ескіліктердің бірі деп таныған жөн.
Сарымсақ
. «Едіге» жырында (Шоқан нұсқасында): 
Сапты аяқтай ерінді,
Сарымсақтай
азулы,
От орнындай тұяқты...
Ат берсең де міне алман, – деген теңеулі тіркестер бар. 
Сарымсақтай азулы
тіркесі 
сармысықтай азулы
болса керек. Сірә, 
ертеректе түркі халықтарында, ноғайларда 
сармысық
– жыртқыш 
аңдардың бірінің атауы болар. Арыстан, жолбарыс, леопард сияқты 
мысықтұқымдастардың бірі 
сармысық
деп аталуы – ғажап емес. 
Кейбір халықтарда қауіпті аңның атын өзгертіп атау (қасқыр – бөрі) 
дәстүрі бар. Соған қарағанда, жыртқыштардың ішінде ең үлкені (сар 
– «үлкен» деген сөз) не түсі сарысы – сар мысық. Сары мысық – ең 


302
азулы жыртқыш немесе сарғылт түсті үлкен мысық – арыстан бо-
луы мүмкін. Сөзді естілуінше жаза салу машығы қай кезеңде де, қай 
жазбаларда да орын алғанын жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан 
Шоқан жинаған қолжазбаның өзінде 
сарымсақтай азулы
деп жа-
зылса және түпнұсқа жазуын (орфографын) сақтап қазіргі жазуға 
келтіріп транскрипциялаған күнде де бұл сөздің 
сармысық
екенін 
жол соңындағы сілтемеде немесе мәтінге ұсынылатын комментарий-
лерде қоса көрсетіп отырған жөн. Әйтпесе ащы жуа – сарымсақ пен 
арыстан сияқты аңның атауы бірдей еместігі көрініп-ақ тұрғанын 
жақсы білеміз.
Су
. Ноғайлы цикліндегі қазақ жырларында 
өзен
сөзімен қатар осы 
сөздің мағынасында көбіне-көп 
су
сөзі қолданылған: «Үш алпаты 
үлкен 
су
, Сені тағы алдырттым» (Едіге батыр); «Толықсыма, тұнық 
су»
(Сонда); «Қырында киік жайлаған, 
Суында
балық ойнаған... 
Суда
жүзген ақ шортан» (Асанқайғы, XV ғ.).
Айдынды 
сулар
, аймақ көл,
Тасыса дөңбек келтірер (Шалкиіз, XV-XVI ғ.).
Қоғалы көлдер, қом 
сулар
Кімдерге қоныс болмаған? (Шалкиіз)
Мұндағы қом 
сулар
– толқынды өзендер.
Тоғай, тоғай, тоғай 
су
.
Тоғай қондым, өкінбен (Доспамбет, XVI ғ.).
Ноғайлы цикліндегі 
су
сөзінің жиі кездесетін себебі – ноғай 
тілінде өзенді негізінен 
су
деп атайды. 
Су
сөзінің «өзен» мағынасы 
– көне түркі тілдерінен келе жатқан қолданыс (ДТС, 515). Су 
«өзен» мағынасында тек ноғайлы дәуірінің жырларында ғана емес, 
қазақтың өзге жырларында да кездеседі: «Бір 
су
бар ұзын аққан 
теріс түстіктен» (Қозы Көрпеш-Баян сұлу); «Жетелеп қара атты 
суға
келдік» («Арқалық батыр»).
Қазірде де қазақ тілінде «өзен» мағынасында 
су
сөзі қолданыла 
береді. Бірақ әдеби тілдегі номинатив атау – өзен. Демек, «өзен» 
мағынасындағы 
су
сөзі ертедегі өлең-жырлардағы ескіліктің бірі деп 
танылады. Түсіндірме сөздіктерде «көне» деген белгімен беру керек.
Сарыкөл, Самар сынды 
су
.
Мынау Самар деген 
суыңыз
,
Мынау Жайық деген 
суыңыз
,
Мынау Еділ деген 
суыңыз
,
Мынау Сахмар деген 
суыңыз 
(Шалкиіз).
Еділ, Жайық арасы,
Екі 
судың
саласы (Шалкиіз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет