Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет187/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Бұғай/боғай
.
Бұл сөз тек қана «Едіге» жырының Шоқан нұс-
қасында кездеседі: 
Қырқада біткен қырық адыр Қырық басып 
жүрер-ді боғай құбаша ұғыл
. Осы тұлғамен Сыпыра жыраудың 
Едігенің қауіпті батыр екенін Тоқтамысқа суреттеген сөзінде 14 рет 
келген сөйлемдер түйдегі (блогы) бар, 14-інші блок:


297
Есен-аман кетсе сол,
Еділден арман өтсе сол,
Сәтемір ханға жетсе сол,
Осы өшін, сірә да,
Сенен алмай қалмас-ты 
боғай
құбаша ұғыл! – деп аяқталады. 
Бұл тұлға мүлде бейтаныс, ешбір сөздікте жоқ және 
боғай/бұғай
сөзімен келген сөйлемнің өзін анық түсіну қиын: 
боғай
– анықтауыш 
па (
боғай
құбаша ұғыл), жағымсыз мәнді атау сөз бе, етістік пе? 
Мұны проф. П.М.Мелиоранский сусымалы, әлсіз 
л
дыбысы түсіп 
қалған 
болғай
деген етістік тұлғасы деп түсіндіріпті, -
ғай 
жұрнақты 
етістік келер шақты білдіреді дейді.
Бұт сауырлы күреңше ат,
Бұтқа тартып мінер-ді 
боғай
құбаша ұғыл – 
деген жолдарын егер ондағы 
мінер-ді боғай
дегенді 
мінер болғай
деп танысақ, қазіргі қазақ тілінше айтса, жырау 
бұтқа тартып 
мінетін болар 
деп толғар еді. 
Сөйлем мағынасының түсініктілігін қуаласақ, П.М.Мелиоранс-
кийдің талдауының дұрыстығына ойлануға тура келеді. Кәмілдікті 
көрсететін 
-
ды/-ді
 
аффиксі күрделі етістіктің неге ортасында тұр. 
Дұрысы – бұл қосымша күрделі етістіктің ең соңғы сөзіне жалғануы 
керек сияқты. Демек, талданып отырған 
боғай/бұғай
тұлғасын 
әрі қарай іздестіру керек, ол – мағынасы бар жеке сөздердің бірі 
ме, етістіктің құрамдас компоненті ме? Шоқан нұсқасындағы бұл 
сөйлемдер Қ.Сәтбаев вариантында қазақша берілген, 7-8 буынды 
өлең өлшемі де сақталған, сөйлемнің мағынасы да түсінікті: 
Сауыр-
лы бұт күреңше ат, Бұтқа тартып мінер ол.
Ал Шоқан нұсқасында 
өлең өлшемі де бұзылып тұр: 
Бұт сауырлы күреңше ат
(7 буын) 
Бұтқа тартып мінер-ді боғай құбаша ұғыл
(11 буын). Қ.Сәтбаев 
нұсқасында жоғарғыдай сөйлемдердің бірінде 
боғай
сөзі 
жалғыз
де-
ген сөзбен алмастырылған: 
Сонау бір жалғыз құбаша ұл, Әлі де ұзап 
кеткен жоқ
. И.Н.Березин жинағында бұл жолдар: 
Кешегі кеткен 
еңсегей бойлы құбаша ұл
, тағы бір жерінде: 
Кешегі кеткен жалғыз 
ұл 
деп жазылған (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996. - 360-361-бет-
тер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет