Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет195/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

сутуым, қышқылтуым, откеме
т.б).
Қазақ мәдениетінде XX ғасырдың басында қолданылған, бүгінде 
ескілік статусына ие болған бір алуан сөздерді атауға болады. 
Мысалы, қазірде 
ғалым
сөзі термин ретінде қалыптасты. Ал XX 
ғасырдың 10-20-ншы жылдарында көбінесе 
оқымыс/оқымысты
ва-
рианты жиі қолданылды. Бұл жерде мағына сақталғанымен, атау екі 
түрлі: бірі – таза қазақша түбірден жасалған 
оқымыс
сөзі, екіншісі 
– бұрыннан келе жатқан кірме сөз (
ғалым
). 
Оқымыс
сөзі бұл күнде 
де стильдік жүк арқалап қолданыла береді, 
-ты
жұрнағын қабылдап 
әрі атау (
оқымысты
), әрі сын есімдік (
оқымысты адам
) тұлғасында 
қолданыста келеді, демек, 
оқымыс
сөзінің «ғылыммен шұғылданатын 
адам» деген нақты терминдік қызметі төмендеген, яғни тұлғалық 
ескілік деуге болады. Мұндай тұлғалық ескіліктерді ескірген топқа 
(историзм категориясына) жатқызуға да болмайды, өйткені оны 
білдіретін болмыс (реалий) жойылған жоқ.
Тек XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында ғана емес, 30-40 
жылдарындағы ғылым мен әлеумет өміріне келіп жатқан жаңа зат, 
жаңа ұғым атауларының сол кезеңдеріндегі қазақша баламаларының 
бірқатары жаңа эквиваленттермен ауыстырылып, бірақ олар 
қолданыста тұрақтамай шығып қалғандары да баршылық. Мыса-
лы, 
коммунистерді – ортақшылдар, интернационалды – бейбауыр-
мал, революцияны – төңкеріс, паровозды – қара айғыр, велосипедті 
– шайтан арба 
деген мысалдар осыны көрсетеді. Бұлар да – тілден 
ығысқан бірліктер болғанмен, оларды да таза ескіліктер қатарында 
қарағаннан гөрі, өзгеше топта, жаңалықтан ескілікке ауысқан 
аралық, мезгілдік бірліктер тобы (типі) деп атау керек болар. Өйткені 
ескіліктер, оның көнерген тобы да, ескірген тобы да тіл өмірінде 
сақтала береді, яғни бұлар күнделікті өмірде пайдаланып отырған 
ертедегі әдебиет үлгілері: эпостар, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер, 
қос сөздер, тұрақты сөз тіркестері актив пайдаланыла береді. 
Жаңалықтардан барып ескірген аралық, мезгілдік қолданыстар (
су-
туым, қышқылтуым, откеме, бейбауырмал, ортақшыл
дегендер) 


308
бұл күнде мүлде қолданылмайды, олар кездесетін әдебиет үлгілерін 
де жеке зерттеушілер (тіл, әдебиет мамандары, тарихшылар т.б) бол-
маса, екінің бірі іздемейді де, оқымайды да. Қазақ әдебиетінің, оның 
терминология саласының тарихын арнайы зерттеушілер мұндай 
аралық, мезгілдік сөздерді тауып, теріп алып, олардың пайда болу 
уәждерін, кездерін, пайдаланған функционалдық стиль үлгілерін, әрі 
қарайғы «өмірін» талдау жұмыстары жүргізілуге тиіс, жүргізіліп те 
жатыр.
Тілдік, әсіресе лексикалық ескіліктерді танып-талдауда ескеретін 
тағы бір мәселе бар. Ол – «ескілік» дәрежесін (статусын) дұрыс 
тану. Бүгінде сирек қолданатын немесе шағын бір өлкеде ауызекі 
тілде жұмсалғанымен, ұлттық тілдің әдеби нормасына жатпайтын 
тұлғалардың бәрі ескілік болып танылмайды. Сондықтан «Ана тілі» 
газеті, «Парасат» журналы сияқты баспасөз беттерінде оқтын-оқтын 
«ескі сөздер» деп түсіндіріліп жүрген бірліктердің көбі – бүгінгі 
қолданыста да бар, бірақ ұмытыла бастаған, қолданыста аса си-
рек ұшырасатындар. Әрине, ең алдымен, бұл газет-журналдардың 
осы құбылысқа (бейтаныстау сөздерге) назар аударып, олардың 
мағыналарын түсіндіріп отырулары – өте дұрыс, қажет, игілікті іс. Де-
генмен жаңсақтықтар да болып жатады. Айталық, ұмыт болған неме-
се түсініксіз деп берілген сөздердің біразы – бүгінгі сөздіктерде бар, 
түсіндірмесі берілген әдеби нормадағы сөздер, екіншіден, олардың 
мағыналарын ашуда жаңсақ түсіндірмелер де кездеседі, кейде ол 
сөздер жергілікті қолданыстар (диалектизмдер) болуы да мүмкін. 
Ал қазіргі қазақ тіліндегі лексика-фразеологиялық ескіліктері көне 
сөздер мен ескірген сөздер (историзмдер) деп қазақтың ауыз әдебиеті 
үлгілерінде, тарих саласына қатысты ғылыми- публицистикалық 
еңбектерде, тарих тақырыбына жазылған көркем әдебиетте ерте 
замандарда қалыптасқан тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) 
құрамында кездесетін, бірақ бұл күнде ол сөздің әдебиет үлгілеріндегі 
берген мағынасы өзгеше болып келетін бірліктерді тануымыз керек. 
Ашып айтсақ, бүгінгі оқырманға мағынасы күңгірттенген, қолданыс 
орны өзгеше болып келетін немесе сыртқы тұлғасы өзгеше болып 
тұратын сөздер де ескілік көрінісі (объектісі) болады. Демек, бүгінде 
екінің бірі, әсіресе, оның ішінде қала жастары бірден тап басып тани 
алмайтын сөздерді түсіндіріп отыру, тіпті түр-түсін көрсетіп отыру – 
өте дұрыс, қажет шаруа.
Дегенмен біз ескілік деп отырған жеке сөздерді тану, табу, 
мағынасын түсіндіру – өзге шаруа және мұндай жұмыста ізденістің 
арнайы әдістері: сөзді танудың әр алуан қырлары, зерттеудің ғылыми 
амалдары бар екендігін ескертеміз. Осылардың бірінен кеткен 
жаңсақтық сөзді теріс түсінуге, түсіндіруге соқтыруы мүмкін. Ал сөз 


309
табиғатына, тарихына, семантикалық қозғалысына, прагматикалық 
танымдарына қарай арнайы жасалатын зерттеулердің мақсаты да, 
нәтижесі де, ғылыми-практикалық құндылығы да бөлекше болаты-
ны белгілі. Демек, ана тілін сүйіп, оның сөздік қазынасына көңіл 
аударушы әрбір адамның жоғарыда аталған іс-қарекеттері мен 
тіл мамандарының мақсатты зерттеулері біріп-бірі толықтырып 
отыратындығын да баса айтамыз.
Бүгінгі қазақ тіліндегі ескіліктерді зерттеулердің амал-тәсілдері 
мен қиындықтары жөнінде өзіміз байқаған кейбір сәттерді айту 
қажет болып тұр.
Бұл қарекетіміз тілдік қазынамыздың кешегі-бүгінгі бары мен ба-
рысын (қозғалысын) әрі қарай да үздіксіз зерттей берудің қажеттігінен 
туып отыр және осынау жұмысқа өзгелер, әсіресе кейінгі жастар 
кірісер болса, біздің көпжылдық
9
жұмыс тәжірибемізбен бөліскеніміз 
жөн шығар.
Лексикалық, тұлғалық (грамматикалық), графемалық (орфогра-
фиялық), фонетикалық ескіліктерді жинау (теріп алу) үшін өте көп 
жазбаларды оқу қажет. Әрине, жай оқу емес, мәтіндегі бейтаныс не-
месе бүгінгі біз білетіннен басқаша мағынада келгендер деп таныған 
сөздерді мысалымен жеке шағын қатты қағазға (карточкаға) жазып 
алу керек. Бұл сөз өзге үлгілерде де кездесуі мүмкін. Жеке-жеке 
карточкаларда жазылғандарды әліпби тәртібімен жайғастырғанда, 
иллюстративтік материал өз-өзінен тәртіпке келеді. Жиналған 
фактілер (мысалдар) неғұрлым көп және әр үлгілерден алынса, 
соғұрлым құнды болары даусыз. Бұл құндылық сол сөздің мағынасын 
ашуға, ескірген тұстарын, қолданылған кездерін, мақсаттарын 
анықтауға көмектеседі. Ал материалдарды бұлайша жинап алу үшін 
өте көп әдебиетті қарастыру керек екен. Мысалы, мен Махамбеттің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет