Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет197/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

әйләмақ
тұлғасы болған, бұл да қазақ тілінде 
зар илеу
(зар әйләу) сияқты 
тіркестерде сақталған). Демек, материалды әр қиырдан, әр үлгіден 
жинаған абзал.
Көне, ескі сөздерді тапқан соң оның түптөркінін («сүйегін»), 
морфологиялық құрылымын, беріп тұрған мағынасын іздеу керек 


311
болады. Бұларды іздеу үшін жақын-алыс түрік тілдерінің әр алуан 
сөздіктерін, монғол, парсы, араб тілдерінің лексикасын сөз ететін 
ғылыми, анықтамалық әдебиеттерді түгел қарау керек. Бұл іске көне 
түркі тілдері сөздігінен (Древнетюркский словарь. - Ленинград, 
1969) бастап, Э.В.Севортянның көп томдық «Этимологический сло-
варь тюркских языков» деген атақты еңбегін және өткен ғасырларда 
жарық көрген орысша-қазақша сөздіктерді, B.В.Радлов, Л.З.Будагов, 
Н.И.Ильминскийлердің қазақ тілін зерттеуге арналған еңбектері 
мен сөздіктерін, біздің заманымыздағы атақты түркітанушылар – 
Ә.Наджиптің, Ә.Фазыловтың, Н.А.Баскаковтың, К.К.Юдахиннің 
еңбектерін қалдырмай қарап шығу керектігін айтуға болады. Ал қазақ 
лексикологтары мен тіл тарихшылары – І.Кеңесбаев, C.Аманжолов, 
Ә.Қайдаров, Ә.Құрышжанов, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбанов, Ж.Досқараев, 
Ж.Сарыбаев, Е.Жанпейісов, С.Омарбеков, Р.Сыздықова, Б.Әбілқа-
сымовтардың зерттеу жұмыстары, сөз жоқ, көп материал мен мәлімет 
береді. Бұлардан басқа да Орта Азия халықтарының тарихына, эт-
нографиясына арналған зерттеулердің құны ерекше, бұлардан тек 
иллюстритивтік материал ғана емес, танымдық, анықтамалық 
көптеген жайттардан хабардар боламыз.
Ана тіліміздің сөздік қазынасының қымбат дүниесінің бірі болып 
танылатын, бірақ бұл күнде еркін қолданылмайтын, түсініксіздеу 
ескі сөздерге назар аударып, олардың білдіретін мағынасын түсіндіру 
әрекеті әр кез орын алып келеді. Бұл қасиетті міндетті қолына 
алғандар тек тіл мамандары емес, қазақ халқының өткен кездердегі, 
қазіргі тұрмыс-тіршілігін, таным-түсініктерін, өзінің ана тілін жақсы 
білетін әр саладағы қайраткерлер бар екенін айту керек. Олардың 
ішінде Жағда Бабалықұлы, Жәрдем Кейкін, Дәркембай Шоқпаров, 
Балғабек Қыдырбекұлы сынды адамдардың ұмыт бола бастаған си-
рек қолданылатын сөздерді күнделікті баспасөз беттерінде көрсетіп, 
мағыналарын түсіндіріп келе жатқандарын атап көрсетеміз. Және 
көбінесе ол түсіндірмелер дұрыс, сәтті орындалған жұмыстар екенін 
де айтамыз. Бірақ бұл түсіндірмелерде ол сөздердің түптөркіні, яғни 
«сүйегі» қай тілдік, ескі не жаңа бірлігі екендігін, фонетикалық-
морфологиялық бітіміне қарай қозғалысы, этимологиясы сөз бол-
майды, өйткені бұндай талдаулар тіл мамандарының құзырындағы 
шаруа болмаққа керек. Сондықтан біздің талдауларымыз бен 
түсіндірмелеріміз – тек сөздің семантикалық қозғалысына ғана емес, 
этимологиясына да барған, өзге түркі тілдерімен салыстырулар да 
жүргізілген, теориялық негіздеріне де үңілген ғылыми ізденістер.
Өткен кезеңдердегі әдеби үлгілерден жинайтын лексикалық 
ескіліктерді тауып, танып зерттеуде кездесетін үлкен тағы бір 
қиындық бар. Ол – жеке сөздердің бүгінгі жазуымызбен хатқа дұрыс 


312
түспейтіндігі және жалпы орфографиялық қателердің көп екендігі. 
Сол себептен бірқатар таныс сөздер өзгеріп, бейтаныс (көне сөз 
не өзге тілдік тұлға) болып көрінуі мүмкін. Ал ескі сөздер мүлде 
қате жазылып, одан сайын тұлғасы да, мағынасы да түсініксізденіп 
зерттеушінің бірақ қиналуы тағы мүмкін. Мысалы, «Едіге» жырында: 
«Он жеті ды 
ойлықты, Ойлыққанның
белгісі – бір-біріне 
сылықты
» 
(Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996. - 69-бет). Бұл – жырдың Шоқан 
Уәлиханов жинаған нұсқадағы жазылуы. Ал осы жолдар «Едіге» 
жырының Қ.Сәтбаев жинаған нұсқасында 
сылықты
сөзінің орнына 
жыйлықты
тұлғасы жазылыпты (сонда, 102-бет). Бұл жолдардағы 
ойлықты
мен 
сылықты
сөздерінің қазіргі оқырмандарға түсініксіздігі 
былай тұрсын, бір сөздің екі түрлі оқылғандығы (
ойлықты – 
ұйлықты, сылықты – жилықты
) бұларды одан сайын күңгірттеп тұр. 
Екінші бір мысал: Мектепке арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының 
бірінде Махамбет ақынның бір өлең жолдары: 
Мен алмаған Алғай-ай
деп жазылыпты да, оған «Алғай – Таловка ауданындағы кішілеу бір 
поселкенің аты» – деп түсініктеме беріліпті. Бұл жерде өлең жолының 
қате оқылып, қате жазылғаны былай тұрсын, мүлдем қисынсыз 
түсініктеме берілген: Алғай деген поселкені «жаулап алу» дегенді 
Исатай-Махамбет бастаған көтерілісшілердің үш ұйықтаса ойларына 
кірмеген болар, өйткені белгілі мекенді басып алу деген болмаған, ол 
– үлкен бір бекініс емес, не хан әскерінің шоғырланған мекені емес. 
Ал ең негізгі қателік – өлең жолының мүлде қате оқылуы. Бұл 
жерде өлең жолы 
Міне
алмаған алаға-ай!
болу керек. 
Ала
– қазақтың 
ертеден келе жатқан поэтикалық тілінде «жақсы, мықты, жорық 
аты, азбан» деген мағынада жиі кездеседі. «Жылқы ішінде 
аламын

қылшық жүнді қарамын» деген жыр жолдарында 
ала
сөзі түсті емес, 
«мықты ат, азбан» дегенді білдіріп тұр. «Қобыланды» жырындағы: 
«Ерлер мінер 
алаға
, Көңілім толды санаға» немесе «Мінген аты 
ала
еді, Қылшық жүнді қара еді» деп жырланғанда да 
ала 
– «жақсы ат, 
көрнекті ат» деген мағынаға саяды. 
Ала
сөзінің мағынасы жалпы «ат, 
жылқы» дегеннен гөрі «азбан, мықты ат, жорық аты» дегенге көбірек 
келеді. Оның 
алаша
(ат) варианты да бар. «Ер Тарғын» жырында 
«
Алаша
аттың басы деп, Қалмақы ердің қасы» деп келген жолдарда 
Тарғын батырмен жекпе-жекке шығатын қалмақ батырының «алты 
құлаш ала аты» 
алаша
ат
деп суреттелген. Демек, 
ала
– қазақ поэзи-
ясында мықты, күшті жылқы символы. 
Аланың
синонимі – 
азбан
, ал 
азбан
– үйірге түсіп жүрген, әбден есейіп күш жиған еркек малдың 
ақтатылған кездегісі. Сондықтан батырлардың мінген аты 
ала
болып 
келеді. 
Ала аттың
тағы бір синонимі – 
ақта ат,
бұл қазақ жырла-
рында көп кездеспейді. Ол XVI ғасырдың ескі қазақ жазба тілінің 


313
ескерткіші – Қадырғали бидің «Жами ат-тауарих» атты жазбасында 
жиі қолданылған: «Ечкілі оғлы Хасан Едіге бинің 
ахта атын
алып 
тұрар ерді» (Қадырғали бидің жылнамасы. - Алматы, 1991. 295-бет). 
Бұл ескерткіште 
ахтачы
сөзі де бар, ол – қазақша 
атбегі
дегеннің 
баламасы (сонда).
Сөйтіп, 
алаға міну
(Ерлер мінер алаға) – батырлықтың, ерліктің 
символы. Махамбет ақын 
міне алмаған алаға
деп Жәңгір ханды 
атап отыр, яғни өзінің ерлігін көрсете алмайтын хан орыс әскерінің 
күшімен «Қара қазақ баласын Орынбор деген қалаға (қамауға, 
айдауға) көзінен тізіп жіберді-ау» деп тұр. Ұлы ақын суреткерлік 
үрдісінде қазақтың ертеден келе жатқан поэтикалық үлгілерін еркін 
және кеңінен пайдаланған, сондықтан ақыннан 
алаға міну
(«ұрыс-
соғысқа қатысу үшін атқа қону, жорыққа шығу» дегенді білдіретін) 
сөз-образды таба аламыз.
Мұндай әртүрлілікті «Едіге» жырынан да көреміз. «Едіге» жыры-
ның бір басылымында (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996) орын 
алған екі нұсқасының (Ш.Уәлиханов жазып алған және Қ.Сәтбаев 
жинап алып жариялаған) мәтіндерін мұқият салыстырғанда, мынадай 
әртүрлілікті таптық: Шоқан нұсқасында: 
Торылы жылқы тобышақ
(61-бет) – Қ.Сәтбаев нұсқасында: 
Торылы жылқы тобыншақ
(91-бет). 
Әрі қарай бірінші келтірілген мысал Шоқан нұсқасында, екіншісі 
– Қ.Сәтбаев нұсқасында деп оқимыз. 
Ертістің басы қара дөң Екі 
арасын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет