Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


ЕСКІЛІКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ АМАЛ-ТӘСІЛДЕРІ



Pdf көрінісі
бет194/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ЕСКІЛІКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ АМАЛ-ТӘСІЛДЕРІ 
МЕН ҚИЫНДЫҚТАРЫ
Ескіліктерді дұрыс танып 
жинау
мен оларды талдап 
зерттеуде
ерекше назар аударатын 
сәттер
мен 
қиындықтар
бар.
Бұл күнде ескілік деп тануға болатын бірліктер ескіру уәждері мен 
ескірген кездері жағынан да, тұлғалық бітімі мен түптөркіні жағынан 
да, жиі сақталған әдебиет көздері мен қолданылу себептері жағынан 
да, қысқасы, ескілік параметрінің барлық жағынан да біркелкі 
еместігі белгілі. Сондықтан оларды тануда төмендегі жайттарға на-
зар аудартамыз.
Бұл күнде актив қолданылмайтын, бірақ мағынасы түсінікті, 
«сүйегі қазақтық», тек сыртқы пішіні, морфологиялық құрылымы 
бөлектеу келетін ескіліктер де бар. Оларды біз 
тұлғалық ескіліктер
деп атадық. Дәлдеңкіреп айтсақ, кейбір жеке сөздер мен сөз 
тіркестерінің морфологиялық бітімі: жұрнақтары, қосарлану амалы, 
синтакистік бітімі – қабысу, жанасу амалдары қазіргіден өзгешелеу 
болып келеді. Мысалы, ертеректегі өлең-жырларда 
бойға жеткен 
қыз
деген тіркесті оқимыз («Қадірін жеңге білмесе, 
Бойға жеткен 
қыз
ғаріп» – Асанқайғы), ал бұл күнде 
бойжеткен қыз
варианты 
(тұлғасы) қолданылады. Демек, 
бойға жеткен
– тұлғалық ескілік. 
Осы қатардан 
даңға шығу
тіркесі де табылады. Бұл күнде 
даңқы 
шығу
варианты – әдеби норма. Ал сөз түбірі – 
даң – атақ, даңқ; даң
– көне түрі. Мұндай синтаксистік (
даң
ға 
шығу 

 даң(қ)ы шығу
) ескі-
ліктер өзгелеріне қарағанда, сан жағынан аса көп емес (тіпті аз – 
бірен-саран), бірақ ертеректегі болсын, күні кешегі болсын (ХІХ-ХХ 
ғасырлардағы) хатқа түскен үлгілерде, мұқият іздестіре қалсақ, тағы 
да табылуы мүмкін. Олар құрамындағы сөздердің түбірі жағынан (
бой 
жету, даң(қ) шығу
) бүгінгі қолданыстағы варианттарымен жақын 
тұратындықтан, білдіретін мағыналары түсінікті болады да оларды 
оқырмандардың көпшілігі әдеттегі (қазіргі) сөздер деп қабылдайды, 
аса мән бермейді, бірақ күнделікті қолданысқа кірмейді. Мысалы, 
кешегі Ұлы отан соғысы кезіндегі батыр атанғандар туралы, 
пәленше 
деген даңға шықты
деп айтылған жоқ. Сол сияқты қазіргі сөзімізде 
менің үлкен қызым бойға жетті
демейміз, 
бой жетті
дейміз.
Тұлғасы жағынан ескірген сөздердің біразы XX ғасырдың 
алғашқы онжылдықтарында жазылған оқулықтардан, оқу құрал-
дарынан және басқа да жазбалардан табылады. Мысалы, химия 
терминдерінің ішінде 
сутуым, қышқылтуым
деген сөздерді оқимыз. 
Мұндағы біріккен сөздің бір бунағы – 
туым
сөзі – қазіргі тек (
род 
– водород, кислород
дегендердегі) сөзінің баламасы. Бұл термин-


307
дер кейін 
сутегі, оттегі
немесе тіпті соңғы кездерде 
сутек, от-
тек
болып қолданылып жүр. Білім-ғылым саласындағы алғашқы 
дүниелерде бұрын қазақ тілінде жоқ заттар мен дерексіз ұғымдардың 
атауларын қазақша беруге ден қойылғаны мәлім және бұл кезеңдегі 
қазақша берілген терминдердің көбі орыс тілінің терминдері мен 
жеке атаулары болып келеді (
темір жол
– железная дорога, 
от кеме
– пароход, 
жанартау
– вулкан, 
құрылық/құрлық
– материк т.т.). 
Бұл жаңа сөздердің біразы тілде орнығып, күні бүгінге жетсе, енді 
бірсыпырасы тұлғалық ескілік ретінде әдеби нормадан ығысып кетті 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет