Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет193/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Ойлығу. Сылығу

«Едіге» жырында:
Он жеті дос 
ұйлықты
,
Ұйлыққанның
белгісі – бір-біріне 
сылықты
,
Еш амалын таппады, – 
деген жолдардағы 
ұйлықты, сылықты
сөздері қазақтар үшін бей-
таныс болар деп проф. Мелиоранский түсініктеме жасайды. Бұл 
жердегі 
ұйлықты
етістігін ғалым 
ойлықты
деп оқыған болу керек, 
оның мағынасын Ж.Сейдалиннен сұрайды. Қазақ комментатор мұны 
ойлану
сөзінің варианты болар деп түсіндіреді. Ал сөз 
ойлықты
емес, 
ұйлықты
болса керек. Бұл тұлға қазақ тілінде жергілікті қолданыс 
ретінде сақталған. Қазақ жерінің Ақмола, Атбасар өңірлерінде 
ұйлығу
«дағдару, қысылу» дегенді білдіреді (ҚТАС, 2005, 697-бет). 
Сылығу
етістігі де диалектизм ретінде батыс өңірлерінде сақталған, 
ол «сығылысу» деген мәндегі қолданыс» деп көрсетілген (сонда, 
625-бет). Контекске Едіге 17 досына, яғни 17 кедайына түсін жо-
рытады. Алғашқыда олар қысылады, жори алмай дағдарады, оның 
белгісі – бұлар бір-біріне сылығады, сығылысып, топтанады деп 
түсінген дұрыс болар. Екі сөз де қазірде қолданыста жоқ. Бұлар ерте 
кезеңдердің сөздері болар әлде ноғай тілінің көрінісі ме? Әлде де 
іздестіре түсу керек.
Ұшан теңіз
. П.М.Мелиоранский мұндағы қазақ тілінде түсініксіз 
тұлға деп 
ұшан
сөзін көрсетеді де, оны Шоқанның «неперелети-


305
мое, огромное, неперелетное» деп аударғанын дұрыс емес деп, 
Сейдалиннің 
үшем
(үш теңіз) деген жорамалын қостайды. Біздіңше, 
бұл екі түсінік те – дәл емес. Сірә, сөз түбірі – 
ұш
(бір нәрсенің 
ұшы, бастамасы) сөзі болар. Қазақ, қарақалпақ тілдерінде 
ұшы-
қиыры
[жоқ] 
кеңістік
(дала, теңіз) деген тіркес бар, бұл тілдердің 
сөздіктерінде 
ұшан теңіз
тіркесі мен 
ұшы-қиыры жоқ
тіркесі бірдей 
түсіндірілген: «безграничный, беспредельный, безбрежный», ал 
қырғыз тілінде 
ұшан теңіз
тіркесі «многочисленный» деп аударыла-
ды да бұл тіркес 
учан теңиз жұрт
«многочисленный народ», 
учан 
теңиз уят
«неслыханный позор» деп мысал келтіріледі (Киргизко-
русский. словарь. - М., 1965. - С. 812). Ал қазақ тілінде де 
ұшан
сөзі 
теңіз
сөзімен тіркесте келіп, «үлкен, ұшы-қиыры көрінбейтін теңіз» 
деп ұғылады. Жырда:
Көк ала жорға ат мініп,
Көк дабылпаз байланып,
Ұшан теңіз
айланып,
Тұтам бауы сары алтын.
Ақ сұңқар құс береді,
Көк айнала шүй деді, – 
деп келетін жолдардағы 
ұшан теңіз айлану
тіркесі «үлкен кеңістік» 
мағынасында қалыптасқан стереотип қолданыс болса керек, өйткені 
әңгіме бұл жерде теңіз (үш теңіз!) туралы емес, «құс ұшып-қонатын 
көлді айналып жүріп ақ сұңқар құс салып тамашала» деп тұр. Демек, 
ұшан теңіз
тұрақты тіркесіндегі 
ұшан
сөзінің 
үш
(ен) 
теңіз
дегенге 
де, «баркас, кеме» дегенге де қатысы жоқ деп білеміз.
Біздіңше, 
ұшан
сөзі «көп, үлкен» деген мағына беріп, тек қана 
теңіз
сөзімен емес, өзге сөздермен келген тіркестерін де кездестіре-
міз: «
Қайғысы ұшан анама
Сабыр ет деп айтарсың» (Керайдар мен 
Қызылгүл); «Күркіреп 
ұшан сері
келіп жетті» (Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу). Бұл жолдарда 90 жігіт туралы айтылып тұр, демек 
ұшан сері
– көп адам. 
Қазіргі қазақ тілі сөздіктерінде 
ұшан теңіз, ұшан дала
тіркестері 
беріліп, тұтас тіркестердің мағыналары ғана түсіндірілген. Жеке 
ұшан
сөзі сөзтізбеде жоқ. Ескі үлгілерде бұл сөз «көп, мол, кең» 
деген ұғымды білдіріп, өзге сөздермен тіркесе бергенге ұқсайды. 
Дегенмен бұл ескілікті әлде де іздестіре түсу керек. Ол көне түркі 
сөздігінде де, монғол тілі сөздіктерінде де жоқ. Бұл сөзге проф. 
П.М.Мелиоранскийдің де көңіл аударып, мағынасы мен түптөркінін, 
этимологиясын іздестіруі тегін емес. Қазіргі қазақ тілінде көбінесе 
ұшан теңіз
тіркесінде ғана келетін, сірә, «үлкен, шалқыған» деген 
семантикасы бар сөз деп тани саламыз, бұл қайдан келген сөз әлде 
түркі тілдерінің өз сөзі ме, қалайша ескірген, жаңа эквиваленті қай 
сөз деген сауалдар алдымызда тұр. 


306


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет