299
Сөйтіп, жырлардағы
кіс
сөзі – көненің көзі, келе-келе
ал қара кіс
тон беру, қара кіс жамылып бір жату,
қара кіске бөлеу, бала кіске
бөлеу
сияқты поэтизмге – бейнелі тұрақты тіркестерге айналған.
Сөздің қолданыстағы көнелігін сыртқы тұлғасының өзгеріп
отыратындығы да көрсетеді. Мысалы, «Едіге» жырының Қ.Сәтбаев
нұсқасында бұл атау
кес
деп берілген (жазылған). Кейбір жырларда
кес
түрінде де жазылған варианты бар.
Қоллық
. «Едіге» жырының Шоқан, Сәтбаев нұсқаларында бала
Едігенің досы Аңғысын оның үйінің тұсына келіп, айтқан сөзінде:
«Үстіндегі қамқа тон Төрде отырған билерге
Қоллық шықпаққа
бол-
са игі», – дейді. Қ.Сәтбаев нұсқасында жырдың дәл осы тұсы, яғни
Аңғысын баланың Едігені қауіптен сақтандырып айтқан сөзі былай-
ша берілген: «Тақта отырған қамқа тон Төрде отырған билерге
Қулық
шақпай бұл сана
»
.
Бұл мәтінде араб жазуынан қазіргі жазуға көшіргенде бірнеше
тұсының қате оқылғаны көрінеді.
Қоллық
тұлғасы
қулуқ
болып,
болса
игі
деген сөздер
бұл сана
болып кеткен. Жоғарыда да айтқанымыздай,
ескі өлең-жырлардың мәтінін араб жазуынан латынға немесе осы
күнгі қазақ жазуына (кириллицаға) көшіргенде дұрыс оқылмаған
транскрипция айтарлықтай орын алған және бұл ағаттық жыр мәтінін
түсінуде немесе жеке сөздерді тануда үлкен зиянын тигізеді. Бұл жер-
де келтірілген жыр жолдары екі нұсқада да түсініксіздеу, оның ішінде
қоллық шықпақ
немесе
қулық шағу
дегендер не?
Қоллық
сөзін қазақ,
ноғай, қарақалпақ, түркімен сөздіктерінен таба алмадық. Белгілі
түркітанушы К.Мусаев
қоллық
сөзі татар тілінде «жұмыс, шаруа»
деген мағынаны білдіреді дейді (К.Мусаев. Лексикология тюркских
языков. - М.: Наука, 1984). Бірақ «Едіге» жырындағы мәтінге кел-
генде, бұл мағынаны жанастыру қиын: Үстіндегі қамқа тон төрде
отырған билерге қалайша жұмыс (қоллық) болып шығады? Сондай-ақ
қулық шағу
деген де бұл мәтінде мүлде ешбір мағынаға жуыспайды.
Мұны түсініксіз сөз деп Мелиоранский де көрсетпепті. Біз де әзірге
«Едіге» жырындағы
қоллық
сөзінің түсіндірмесі мен түптөркінін таба
алмадық.
Достарыңызбен бөлісу: