Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет179/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

тетағасы
деген біріккен атаулардың өте ертеде жасалғанын көрсетеді. 
Бұлардың 
отағасы
(отбасының басшысы, үйдің иесі), 
қосағасы
– жорыққа, аң аулауға, басқа бір жерге белгілі бір шаруамен жолға 
шығуға жиналған топ – қостың басшысы, ал 
тетеағасы>тетағасы
– Н.И.Ильминскийдің көрсетуі бойынша, «қосағасынан кейінгі 
басшы». Бұл күнде бұл үш сөздің үшеуінің де алғашқы номинатив 
(атауыштық) мағынасы ескіре түскен: 
отағасы
– көбінесе қаратпа 
сөз қызметінде жасы үлкен (ересек, егделеу) ер адамға айтылады 
не әйелі өзінің күйеуі (ері, шаңырақ иесі) туралы әңгіме айтқанда 
қолданады (
отағасым жол жүріп кетті
дегендегі сияқты), 
қосағасы
сөзінің мағынасын 
қос
және 
аға
сөздеріне қарап, әйтеуір топшылауға 
мүмкіндік бар, ал 
тетағасы
деген сөздің болғандығын XIX ғасырдың 
II жартысында жиналған (Н.И.Ильминскийдің) материалдарынан 
біліп отырмыз.
Демек, 
аға
сөзінің қазақ тілінде, кейбір өзге де түркі тілдеріндегі-
дей және «басшы, бастаушы» деген бір нақты атауыштық (номина-
тив) мағынасы болғанын айтамыз. Мұны XV-XVI ғасырларда жасап 
өткен Қазтуған, Шалкиіз (Шәлгез), Доспамбет жыраулардың тілінен 
табамыз: Азаулыда 
аға
болған ерлер көп еді (Доспамбет). Батыр жігіт 
жау бастар, 
Аға
жігіт қол бастар (Шалкиіз). 
Аға
– әскери термин іспетті, яғни жаугершілікте қолды (сарбаз-
дарды) бастайтын адам (ер, батыр). 
Аға
-ның «басшы, бастаушы» 
мағынасы болғанын күні кеше (XIX ғасырда) жырлап өткен Сүгір, 
Махамбет, Шернияз, Мұрат және басқа ақындардың тілі дәлелдей 
түседі: «Кешегі өткен Ер Сырым Кіші жүздің 
ағасы
» (Сүгір); «Рулы 
елге жарасар Үлгі айтатын 
ағасы
» (Байдалы би); «Исатай деген 
ағам
бар, Ақ кіреуке жағам бар» (Махамбет). Бұл жерде Махамбет ақын 
сардар Исатайды 
аға
деп жасы үлкендігіне қарап атап отырған жоқ, 
көтеріліске шыққан қарулы «топтың басшысы» деп танып отыр.
Аға
сөзінің «бас, басшы» мағынасы оғыз тілдерінде де айқын 
көрінеді. Бұл атаудың әскери титул ретінде жұмсалуы түрк янычар-
ларының коменданттардың аттарына тіркесіп айтылған. «Шейба-
ни-наме» ескерткішін зерттеген орыс ғалымы – И.Березин: Осман 
түріктері 
аға
сөзіне «әскери мырза (әмірші), бастық мырза (госпо-
дин)» деген мағына берген», – деп жазады
7
.
Аға
сөзінің ноғайлы-қазақ одағында да әскери-әкімшілік титулы 
ретінде қолданылғандығын оның жалқы есімнен (адам атынан) кейін 
7
Библиотека восточных историков, изд. 
И.Березиным.
- Т.І. - СПб, 1849. - С. 212.


288
келіп айтылатындығы дәлелдейді. Мысалы, «Ер Доспамбет 
ағаның
Хан ұлынан несі кем?» Бұл жерде жалқы есімнен бұрын келген 
ер
сөзі – кісінің (Доспамбеттің) қасиетін көрсететін эпитет (
Ер Тарғын, 
Ер Сайын
деген сияқты). Ал жалқы есімнің соңынан келіп тіркескен 
сөздер эпитеттен гөрі белгілі бір атақты, дәрежені білдіретін сияқты. 
Демек, «Ер Доспамбет басшы» деп атап тұр.
Аға
сөзінің бұдан 4-5 ғасыр бұрынғы қазақ қоғамының тек 
ауыз әдебиеті («Едіге», «Ер Тарғын» сияқты батырлар жырла-
ры) үлгілерінде ғана емес, жазба үлгілерінде де орын алғанын 
XVI ғасырдың соң кезінде жасап өткен тарақ таңбалы жалайыр 
руының биі – Қадырғали Қосымұлының «Жами’ат-тауарих» атты 
жылнамасының мәтіні көрсетеді. Мұнда белгілі бір өлкені, әскери 
бөліктерді, рулар мен тайпа басшыларын үш сөзбен (терминмен) бер-
ген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет