Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет161/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

тоқы
(
тоқу
) етістігі көне түркі тілдерінде «сражение» 
(«ұрысу, соғысу»). Бұл етістік XVI ғасырдағы қазақ мәдениетінің жаз-
ба ескерткіші – Қадырғали бидің «Жами’ ат-тауарих» атты еңбегінде 
жиі қолданылған. Бұл сөз көне түркі тілдерінде «бить, ударять, 
стучать» мағынасын білдірген. Бүгінгі қазақ тіліндегі 
тоқайласу, 
тоқылдақ
(құс), 
тоқпақ 
(құрал) сөздерінің семантикасы осы көне 
тоқы- (тоқу
) етістігіне алып барады. 
Тоқуш/тоғысу 
тұлғаларының 
бір қатарда тұруы – кәнігі құбылыс. Бұл көне сөз осы мағынада 
қазақтың өзге жырларында да кездеседі: 
Қыз Назымға таласып,
Екі батыр соғысты.
Бұлт шайнап, мұз бүркіп
Үркер мен айдай 
тоғысты
(«Қамбар батыр), – 
дегенде де Үркер мен Айдың бір қатарға келіп, айқасуына теңеп 
айтылған «соғысу» мағынасында келіп тұр. 
Тоғысу 
етістігінің қазіргі қолданыстағы мағынасы: «1) әр та-
раптан келіп бір-бірімен түйісу, тоқайласу; 2) бірге жиналу, бас қосу, 
кездесу» (ҚТТС. - 9-т., 1986, 157-бет).
Қадырғали бидің «Жылнамасынан» 
тоқушмақ
(тоғысу) етістігін 
кездестіреміз: «[Чингиз хан] ол йыл Бұйрұқ ханға тоқушмаққа ат-
ланды». 
Тоқыс, тоқысу/тоғыс/тоғысу
тұлғалары осы көрсетілген 
мағынада сирек болса да, қазақ жырларында да бар:
Бас боп өзі Қараман 
Қыздырды қырғын соғысты.
Екі жақтың әскері
Жігермен қайта 
тоғысты 
(«Төрехан батыр»). 


263
Тоғысу 
етістігі – бетпе-бет келу деген мағынада қазақ жырларын-
да бейнелі қолданыс:
Тоғалай салды соғысты,
Қызылқұмның ішінде
Екі батыр 
тоғысты 
(«Едіге», Мұрын жырау нұсқасы).
Екі батыр соғысты,
Бұлт шайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай 
тоғысты 
(«Қамбар батыр»). 
Бұл жерде 
тоғысу 
– «бетпе-бет келу, қарсы келу» деген поэтика-
лық сөз үлгісі. Қазіргі қазақ тілінде «соғыс» мағынасындағы 
тоғыс
зат есімі сөздіктерде тіркелмепті, демек, жоқ. Ал 
тоғысу 
етістігі бұл 
күнде: «1) әр тараптан келіп бір-бірімен түйісу, тоқайласу; 2) бір жер-
ге жиналу, бас қосу, кездесу» деп түсіндіріледі (ҚТТС. - 9-т., 1986).
Сөйтіп, 
алау, тоғыс
және осылардан жасалған 
алаулау

тоғысу 
етістіктерін қазіргі нормадағы 
соғыс, соғысу
сөздерінің ескі 
эквиваленттері деп тану керек.
Бір қызығы – қазіргі ноғай тілінде 
соғыс/соғысу
сөздері – 
кітаби
сөз, ал «соғыс» мағынасында әдеби нормада 
қауға
сөзі қолданылады 
екен (Ногайско-русский словарь. - М., 1963), 
соғыс
варианты 
«төбелесу, жағаласу, ұрысу» дегенді білдіреді. Сан ғасырлар бойы 
елін, жерін қорғау, тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу жолында өмірін ат 
үстінде ұрыс-соғыста өткізген қазақ халқының сөздік қазынасында 
«соғысу, ұрысу, айқасу» мағынасында қолданылып келген синоним-
дер қатары едәуір. Солардың бірі – ескірген 
тоғысу 
сөзі болса, осы 
қатардағы 
ойнау
етістігі де семантикалық ескіліктердің бірінен сана-
лады:
Екпіні қатты жас бала
Құлдарменен 
ойнады 
(«Ер Сайын»). 
Бұл жердегі 
ойнау
сөзінің мағынасы – «айқасу, соғысу», мұны осы 
жырдың келесі жолдары дәлелдей түседі:
Өзгесін қырып салды да,
Отызын жаяу айдады. 
Әрине, бұл жердегі 
ойнау
– балалардың ойнауы емес, нағыз 
соғысу, ұрысу.
Жаугершілік тақырыбына жататын ескі сөздердің тағы біреуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет