Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


р дыбысы түсіріліп,  тобышақ болып жұмсалуы – заңды  құбылыс:  р



Pdf көрінісі
бет158/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

р
дыбысы түсіріліп, 
тобышақ
болып жұмсалуы – заңды 
құбылыс: 
р
дыбысы түркі тілдерінде әлсіз, сусымалы дыбыстардың 
бірі екендігі белгілі. Жылқы малына келгенде, бұл кезде ұмыт болған 
не ұмытыла бастаған эпитеттер, теңеулер, қимыл атаулары қазақ 
тілінің ертеректегі өлең-жырларында едәуір мол екендігін көрсететін 
фактілердің бірі – 
торылы жылқы тобышақ
сияқты тіркестер деп 
ойлаймыз.
Батырлар жырларының негізгі тақырыбы ұрыс-соғыс болған-
дықтан, осы ұрыс-шайқастарда қолға түсетін тұтқындар мен олардың 
өздерін және «бедеу аттарын» қамайтын орындардың атауларының 
біразы көне сөздер мен ескірген бірліктер болып келеді. Бұл күнде 
тұтқын
сөзі – әбден түсінікті және әдеби нормадағы қолданыс. Ал 
жырларда тұтқынға түскендер 
жетім
және 
жесір
деп аталған. Бұл 
екі сөздің қазіргі қолданыстағы мағыналары түсінікті: 
жетім
– 
«әке-шешесі жоқ бала, 
жесір
– «ері (күйеуі) өлген әйел». XV-XIX 
ғасырларда 
жетім
мен 
жесір
сөздерінің бұл көрсетілген мағы-
наларынан басқа мағыналары да болған: 
жетім
– «тұтқынға түскен, 
еркінен айрылған, құлдыққа жегетін адам». Шоқан Уәлиханов: 
«Қазақтар құлдарды екіге бөлген: соғыста қолға түскен құлды 
олжаласқан құл 
немесе 
жесір
деп, ал сатып алған немесе өзге жолмен 
(соғыста емес) келген құлды 
жетім
деп атаған дейді (Ч.Ч.Валиханов 
Собрание сочинений в 5-томах. - Т.I, - 1961. - С.127). Мұны қазақтың 
эпостық жырларындағы қолданысы дәлелдейді. «Қобыланды» жы-
рында қалмақтың ханы Көбікті қызына:
Екі пәнде әкелдім,
Берсем сені күйеуге
Бас жетімің еткендей, – дейді.
Мұндағы 
екі пәнде
деп тұрғаны – қапыда (ұйықтап жатқанда) 
қолға түскен батырлар – Қобыланды мен Қараман. Көбікті қызына 
сені күйеуге бергенде осы екеуін құл етіп, яғни бас жетім етіп беремін 
дейді. 
Ертедегі қазақ салтында ұзатылған қызға зат-мал-мүлік жасаудан 
басқа малшы-жалшы, күтушілерді қоса беретін салт дәстүрі болғаны 
белгілі. Мысалы:
Қырық құл мен қырық күң
Қосып берді қызына («Қобыланды батыр»). 
«Қыз Жібек» жырында Жібекті іздеп келіп, қалмақ ханынан жеңіп 
алған Сансызбайға қайын жұрты «Сексен нарды толтырып жасау ар-
тып, 
Бес жетім
, алтын отау берді» дейді. Мұндағы 
бес
(әлде бас?) 
жетім
– ұзатылған Жібектің жасауына қосып берген құл, күң сияқты 
күтушілер.


259
Жетім
сөзінің «тұтқын» мағынасын күні кеше (XIX ғасырдың 
I жартысында) өткен Махамбет ақыннан да табамыз. Махамбет 
көтеріліс жеңілгеннен кейін Баймағамбет сұлтанның алдына келу-
ге мәжбүр болады. Ол өзін Баймағамбет сұлтанның қолына түскен 
тұтқын, бірақ ұрыс-шайқаста қолға түскен емес, өз аяғымен өзі келіп 
түскен тұтқын деп атайды:
Ұрмай-соқпай келтірген,
Арманың бар ма Құдайға
Мынау Махамбет сында 
жетімді-ай, 
– дейді.
Мұндағы 
жетім
сөзінің ертедегі тағы бір мағынасын білмеген 
баспагерлер (редактор, корректорлар) бұл сөзді тырнақшаға алып 
жазып келеді. Бұл өлең жолдарындағы 
жетім
– әке-шешесі 
(қорғаушысы, қолдаушысы) жоқ Махамбетпін деген сөз емес, өзі де 
ашып айтқандай, «ұрмай-соқпай» қолға түскен тұтқынмын деп тұр, 
демек, тырнақшасыз жазылуы керек.
Жесір
сөзінің қазіргі мағынасынан басқа тағы екі мағынасы 
болған: бірі – «соғыста қолға түскен тұтқын», екіншісі – «қалыңмалы 
төленген әйел заты» (оның ішінде ұзатылмаған қыз да). 
Жесір
сөзінің 
бұл мағынасы XX ғасырдың басына дейін, әсіресе «жер дауы, жесір 
дауы» сияқты дау-дамай, сот істері жүріп тұрған кезде де сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет