251
«өлім әкелетін, өлтіретін, қирататын» сема (мағыналық реңк) бар
екендігін осы сөзбен түбірлес
алаулау
– соғысу,
алашы –
жаналғыш
– «палач» (түрік тілінде),
аласат
– «жаугершілік» (қарақалпақ
тілінде),
аласат салу
«аласапыран, бүлік, дүрлігу» (қазақ
тілінде
Сыр бойы мен Түрікменстан қазақтарында) сияқты туынды сөздер
мен қазақ тіліндегі
ала сапыран, ала топалаң, ала қырғын, алағай-
бұлағай
сияқты сөз тіркестеріндегі
ала
компоненті осы тіркестердің
мағынасында «ұрыс-соғыстың салдарынан болатын бүліншілік»
семантикасы бар екенін көрсетеді.
Қазақ жырларында кездесетін,
бұл күнде ұмыт болған
ала балта, ала берен
, мүмкін тіпті,
алату
дегендердегі
ала
да түсті білдірмейді, «ұрыс-соғыста ұстайтын құрал
– балта, киген сауыт – берен, ұстайтын ту» дегендерді білдіреді.
Бұлардың барлығында
ала
– мағынасы көне сөз.
Біздің топшыла-
уымызша,
аламан
сөзінің түптөркінінде осы
ала
түбірі жатқан бо-
лар дейміз.
Аламан
– көптік мағыналы жинақы атау.
Аламан
деп бір
адамды емес, топ, отрядты атайды, сондықтан қазақ тілінің ертелі-
кеш сөздіктерінде
аламан
«шапқыншы топ, тонаушы тобыр, талау-
шылар» деп түсіндіріледі (Н.И.Ильминский Материалы к изучению
киргизского наречия с киргизско-русским словарем. - Казань, 1861).
Егер
жеке адамға қарата айту, жеке шапқыншы деу керек болса,
соңғы
кезеңдерде
аламаншы
сөзі жасалған. Қазақ тілінде
аламан
сөзінің жиі қолданылған кезеңі – XVІІІ-ХІХ ғасырлар
болар деп топ-
шылаймыз, өйткені «Едіге» жырының ең әрідегі (XV ғ.) нұсқасында,
сондай-ақ өзге нұсқаларында да кездеспейді деуге болады. «Жорту-
ылшы» мағынасындағы
аламан
сөзін XVIII ғасырдың ақын-жырауы
Ақтамбердіден табамыз:
Айттырып бермес сұлуын
Аламанға
тегін олжа қылар ма екенбіз?
Бұл сөз Қазақстанның батыс өңірінен шыққан XIX ғасыр ақын-
дарында жиі қолданылған.
Көнерген және ескірген бірліктердің қомақты бір тобы –
Достарыңызбен бөлісу: