Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет150/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Еділ-Жайық
 
«Едіге» жырынан бастап, бірқатар ноғайлы кезеңнің 
жырларында және XV-XVI ғасыр ақын-жырауларының тілінде қос 
сөз ретінде келтірілген. 
Еділ- Жайық 
және 
Еділ, Жайық
түрінде 
қатар жұмсалған. Үлкен өзен аттары жырлар мен толғауларда нақты 
жалқы есім қызметінде келмеген. 
Еділ-Жайық

Еділ
мен 
Жайық
түрінде ел, хандық атауы ретінде этнонимдік қызметте жұмсалған. 
Атап айтсақ, 
Еділ-Жайық 
– «Алтын Орда», кейінірек «Ноғай орда-
сы» деген әкімшілік-территориялық тұтастықтың (бірліктің) атауы 
болып тұр. Бұл танымды кезінде Шоқан айтқан болатын. Тоқтамыс 
ханның елімен қоштасқан толғауында 
Еділ мен Жайығым
деп 
тәуелдік жалғауымен меншіктей айтқанда, өзендер туралы емес, «ор-
дам, хандығым, елім-жұртым» дегенді ауызға алып тұр. Туып-өскен 
мекенінен, ел-жұртынан (хандығынан) айрылып, кетіп бара жатқан 
Қазтуған жырау (XVI ғ.): 
Сөйткен менің Еділім, сен салмадың, мен 
салдым
дегеніндегі екі сөз – «ескі» деген маркасы бар тұлғалар: 
Еділім
– туған жерінің, хандығының атауы. Қазтуған бұл жерде 
өзен-сумен қоштасып тұрған жоқ, ел-жұртымен – Алтын Орда ме-
кендеген ел-жұртымен – қоштасып тұр. Мұнда да 
Еділім
– тәуелдік 
жалғаулы «меншіктелген» сөз. Ал осы жолдардағы 
салдым

салмадың
етістіктері де – «қалдыру, тастау» деген көне мағыналарын қазіргі 
қазақ тілінде әбден жоғалтқан ескі сөздер.
Сөйтіп, ноғайлы-қазақ дәуіріндегі жырларда кездесетін 
Еділ
мен 
Жайық
немесе 
Еділ-Жайық
сөздері жай ғана топонимдер – өзен ат-
тары емес, әңгіме – өзендер туралы емес, ел-жұрт мекені туралы. 
Сондықтан бұл тіркесті Шоқанның 
Алтын Орда
дегеннің екінші 
атауы деп тануына ден қоямыз. Оның тәуелдік жалғауын жалғап 


246
қолданылуы (
Жайығым, Еділім
) бұл жалқы есімді (өзен атауларын), 
яғни өзеннің өзін «меншіктеу» мүмкін еместігін, 
Еділім
десе, «ота-
ным, елдігім, атажұртым» дегенді айтып тұрғандығы көрінеді.
Алтын Орда
– белгілі бір одақтың, мемлекеттік тұтастықтың 
ресми атауы болса
Еділ-Жайық
– осы атаудың екінші бір көрікті, 
поэтикалық атауы деп ұғыну керек.
«Батырлар жыры» деп аталатын эпикалық шығармалардың өзекті 
тақырыбы елін, жерін, отбасын, туған-туыстарын, қасындағы ру-
ластарын, тайпаларын қорғау немесе жау қолынан азат ету, кей-
де қызға, малға, жерге таласты күшпен шешу сияқты ұрыс-шабыс, 
талас-тартыс болғандықтан, соларға қатысатын адамдардың атау-
ларында да көнерген, ескірген сөздер бар. Алдымен ұрыс-соғысқа 
қатысушылардың аталуы 
азамат, жолдас, жігіт, шора, кедей 
болып 
келетінін атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет