Сыныбы: 3 «В» Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларға өтілген тақырып бойынша бөлмеге қатысты сөздерді қайталау. Тәуелдік жалғауын еске түсіру. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, тілін дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: қайталау сабағы. Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекіліктері: кесте, суреттер, слайд. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. 1.Сәлемдесу. 2.Түгендеу. 3.Оқушылардың назарын сабаққа бейімдеу,ыңғайлау. 4.Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру. II.Өткенді қайталау. 1.Үй тапсырмасын сұрау. 2. «Менің бөлмем» тақырыбында салған суреттерін тексеру. 3.Салған суреттері бойынша 2-3 сөйлем құрастыру. 4.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін бақылау. III.Жаңа сабақ. -Балалар, біз бүгін бөлмеге қатысты сөздерді еске түсіре отырып, слайдқа назар аударайық. Жаңа сөдермен жұмыс. а) сөздік дәптерге жазу. ә) қайталап оқу. б) сөйлем құрау. Шам-лампа кереует- кровать Жатыр-лежит кілем-ковер Тұр-стоит еден-пол Үстел-стол Осы берілген жаңа сөздермен сөйлем құрайды. Сергіту сәті. Жаңа сабақты бекіту: Ауызша. 1-тапсырма. «Менің бөлмем» мәтінді мәнерлеп оқу,аудару. 2-тапсырма. Суретпен жұмыс. Слайдқа қарап , оқушылар бөлме туралы әңгімелейді. Дәптермен жұмыс. «Бұл кімнің бөлмесі?» деген сұраққа жауап бере отырып, «бөлме» сөзін үш жақта тәуелдеп жазады. Жекеше көпше I менің бөлмем II сенің бөлмең II сіздің бөлмеңіз III оның бөлмесі 5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен. Ауызша. Бөлме, ойыншық. 1.Ойыншық. 2.Әдемі ойыншық. 3.Менің әдемі ойыншығым бар. 4. Менің көп әдемі ойыншығым бар. Жазбаша жұмыс. 6-тапсырмада көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу. Мынау-менің бөлмем. Бөлменің...үстел тұр. Үстелдің...орындық,...ыдыс,...доп жатыр. Керекті сөздер: қасында, үстінде, астында, ішінде. Сабақты қорытындылау: 1.Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату,сөйлету. 2. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу арқылы әр оқушыға парақшалар таратылады. 3. «Бөлме» сөзіне кластер жасай отырып, сабақты қорытады. Үй тапсырмасын беру: 1. Жаңа сөздерді жатқа айту. 2. Мәтінді әңгімелеу. Бағалау: Ескерту, мақтау айта отырып, белсенді оқушыларды бағалау. Кері әсер: Балалар, бағаларыңа ризасыңдар ма? Сабақ ұнады ма? Сау болыңдар!