226
«Иттің аузына түскен сүйек
соқта
болады»; «Атың
қора
болса, берді
Құдай», «Киікті құралай бүлдірер, елді
дүрегей
бүлдірер», «Құдалық
белгісі –
сыйыт
, қоныс белгісі – бейіт», «Сүтке сүт қосылса
сүмесін
болады, Сөзге сөз қосылса, демесін болады», «
Құдияр
құдық қазады,
суын
құлман
ішеді». «Жегенін білмейтін –
шұнай
, жұтқанын білмейтін
– құмай», «Құдайдан тілегенім қолаң қара шашты еді, Құдайдың өзі
берді қу
толағай бастыны
» т.т. Әрине, бұл мақал-мәтелдердің жал-
пы мағынасы түсінікті, бірақ құрамдарындағы көрсетілген (курсив-
пен терілген) сөздердің жекелеген мағыналарын екінің бірі тап басып
бірден айтып бере алмауы мүмкін. Ал бұлардағы
соқта
дегеніміз –
көне түркілерде «колбаса, қазы» дегенді білдірген сөз екен. Ал қазіргі
қазақ тілінде
соқта
сөзінің бір мағынасы иленіп, тығыздалған,
жұмбаздалған зат деп түсіндіріледі (ҚТТС, - Т. 8, 326-б.). Бұл күнде
соқта
сөзі – біршама түсінікті, қолданыстағы бірлік, ал бұл сөздің өте
ертеден келе жатқан мағынасының нақтылана түскен варианты болып
шыққан. Сірә, Қашқаридағы
соқта
сөзі «колбаса» дегенге біршама
келсе де,
қазы
деген түсінік қисынсыздау (колбаса – еттің әбден
езіліп, туралып, шайналып, нығыздалып жасалған түрі, ал қазыда
ет туралмайды, езілмейді ғой). Сірә, о баста да
соқта
– ұсақталған
заттың (ет, қар т.б.) тығыздалып, ұйып жұмбаздалған түрін білдірген
сөз болса керек, бұған қазақ тіліндегі
көк соқта
(қар),
қан соқта
(ұйыған қан) деген тіркестер дәлел. Келесі мақалдағы
қора
сөзі, сірә,
Достарыңызбен бөлісу: