219
(147-бет). Бұқар жыраудың: «Еңсесі биік кең сарай Мортық болар
бүлген
соң» деген жолдарында
бөлген соң
деп жазылғанын көреміз
(55-бет). Мұндай фактілерді күні бүгінге дейін баспа бетін көріп келе
жатқан ХV-ХІХ ғасырлардың мұраларынан топтап («қаптап») жиып
алуға болады. Демек, мұндай түсініксіз немесе тұрпаты бейтаныс
сөздердің барлығын ескіліктің сарқыншағы екен деп талдай бастауға
болмайды. Біздегі – қазақ мәдениетіндегі текстология дегенге аса мән
бермейтінімізді біле отырып, ескі мұралар мен заманымызда пайда
болып жатқан жазба үлгілердің мәтіндерін жарыққа шығаруда кетіп
жатқан жайсыздықтарға (қателіктерге) мейлінше сақ болуға, олар-
ды мүмкіндігінше түзете беруге тура келеді. Бұл шаруа – әсіресе
біздің осы қарастырып отырған ізденістеріміздің тұсында ерекше
байқалғанын, қиынға түскенін ескертеміз.
Төртіншіден
, тілдің өзінің даму заңдылығы (эволюциясы)
бойынша белгілі бір сөздердің бұрынғы қолданыстағы мағынасы
ескіріп, сөздің не жаңа мағынада, не қосымша мағынада жұмсалуы
орын алады. Мысалы, парсы тілінен өте ертеде келген
майдан
сөзінің сол тілдегі «көгал, көгорай шалғын» деген бір мағынасы
көмескіленіп (қолданыс жиілігі мен орындары әлсіреп), екінші бір
мағынасы – «ұрыс-соғыс алаңы» деген жанданғандықтан, «Қыз
Жібек» жырындағы Төлегеннің өліп бара жатып, аспандағы алты
қазға:
«Қонар болсаң, жануар, міне – майдан, міне – саз»
дегенін
бүгінгі оқырмандардың, әсіресе жастардың көбі түсінбеуі де мүмкін:
ұшып жүрген қаздардың ұрыс алаңында не шаруасы бар деп ойлау-
лары ықтимал. Бұл сияқты сөздердің семантикалық қозғалысы, яғни
мағыналық өзгерістерге түсуі – кәнігі құбылыс. Сондықтан да осы
жұмыста талданған (түсіндірілген) бірліктердің бірқатары осындай
факторға қатысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: