Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


Талданатын (зерттелетін) материалдар



Pdf көрінісі
бет129/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Талданатын (зерттелетін) материалдар
Қазақтың өте бай ауыз әдебиеті мұралары: батырлар жырлары-
нан, лиро-эпостардан, ертегілерден, аңыздардан, тұрмыс-салт жыр-
ларынан және ХV-ХІХ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулардың 
толғау-жырларынан жиналды. Сондай-ақ тарихи тақырыптарға 
жазылған көркем шығармалар тілінен ерте кезеңдерде ата-бабалары-
мыз қолданған қару-жарақтардың, әскери құрылымдардың, сауыт-
саймандардың, күнделікті тіршілікке қатысты заттардың атаула-
ры қамтылды. Мұндай атаулар қазіргі кезде еркін және жиі (актив) 
жұмсалмаса да, бүгінгі оқырмандар оқитын әр алуан әдебиеттерде 
кездесетіндіктен, олар (көне, ескірген сөздер) 
қазіргі қазақ тілінің 
ескіліктері
статусында талданады: мағыналары түсіндіріледі, 
генезисі көрсетіледі. Мұндай бірліктер аса көп болмағанмен, жалпы 
тарихқа қатысты тақырыптарға жазылған ғылыми және ғылыми-
көпшілік қолды шығармалардан да табылады.
Лексикалық ескіліктердің сақталған тұстарының және бірі 
– 
мақал-мәтелдер
мен 
тұрақты тіркестер
болғандықтан, сөз 
қоймасының бұл түрлеріне де назар аударылды. Бірен-саран ескі эле-
менттер ауызекі сөйлеу тілінде де сақталғандықтан, олар 
жергілікті 
(аймақтық) сөздер
құрамынан да жиналды.
Әрине, бұл аталған көздердегі зерттеу нысандарымыз сарқа жи-
налды деуден мүлде аулақпыз. Бұл – бірер ізденушінің күшімен 
белгілі бір мерзім барысында орындала қалатын шаруа еместігі 
түсінікті.
Осы іспетті ізденіс «Сөздер сөйлейді» атты еңбегімізде де жүргі-
зілген болатын. Бұл еңбектің әр басылымында материалдар толық-
тырылып отырды, өйткені көнерген, ескірген сөздерді жинасты-
руды, талдау жұмыстарын үзбестен жүргізіп келеміз. Дегенмен 


215
аталған жұмыс пен қазір ұсынып отырған еңбектің бір-бірінен 
айырмашылықтары бар: «Сөздер сөйлейді» – семасиологиялық-
этимологиялық сөздік, ал мына ұсынылып отырған жұмыс – ғылыми-
танымдық зерттеу және мұндағы талдаулар белгілі бір әдебиет 
үлгілеріне қарай (мысалы, «Едіге» жырын) немесе белгілі бір 
кезеңді қамтитын қазақ тілінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет