Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет126/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Қолданылған белгілер
> тұлғасы немесе мағынасы жағынан сөздің өзінен бұрынғы
түрі
< тұлғасы немесе мағынасы жағынан сөздің өзінен кейінгі түрі
~ қатар қолданылатын тұлғалар, сөздер, тіркестер
/ сөз (тұлға) варианттары
+ түбірге қосымшалардың не өзге түбірдің қосылуы.


207
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 
ЕСКІЛІКТЕР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР
Ғылыми-танымдық зерттеу
Қазіргі қазақ ұлттық әдеби тілінің сөздік қазынасын түгендеп, 
оның байлығы мен әлеуетін танып-таныту – бүгінгі күннің тала-
бы. Бұл үшін тек бүгінгі барды сөз етіп қоймай, өткен кезеңдерден, 
тіпті көне түркілер заманынан сақталып келген көне, ескі сөздерді, 
ай сайын, жыл сайын ондап, жүздеп жасалып жатқан жаңа 
тұлғаларды, шет тілдерден және халықаралық қордан алып пайда-
ланып жатқан сөздерді когнитивтік (танымдық), прагматикалық 
(қолданыстық) тұрғыдан зерттеп, талдап, таныту – қазіргі білім-
ғылымның абыройлы міндеті. 
Осы мақсатпен жазылған бұл еңбекте қазақтың бай ауыз 
әдебиеті үлгілеріндегі, өткен ғасырларда жасап өткен ақын-
жыраулар тіліндегі мағынасы бейтаныстау немесе қазіргіден 
өзгеше болып келетін көне, ескі сөздер мен соңғы кезеңдерде пайда 
болған жаңа тұлғалар, кірме сөздер ғылыми теориялар тұрғыдан 
зерттеліп, қалың оқырманға ұсынылып отыр. 


208
Аяулы ағам
Хамит Сәтіғалиұлы ҚҰТҚОЖИННІҢ
рухына бағыштаймын
СӨЗ АЛДЫ НЕМЕСЕ КІРІСПЕ
Бұл күнде қазақ тілі – бар мүмкіндігінше дамыған, әдеби норма-
лары орнығып, қалыптанған (кодификацияланған), сөздік қазынасы 
сұрыпталып, байыған, функционалдық стильдері жүйеленген, дина-
микалық қозғалысы (тарихы) мен статикалық тұрпаты (қазіргі құры-
лымдық жүйесі) едәуір жақсы зерттелген ұлттық жазба әдеби тіл 
болып қызмет етіп отыр. Мемлекеттік тіл деген статусқа ие. Әрине, 
бұл тілдің бүгінгі әлеуметтік қызметі, күш-қуаты сол статусқа сай ма, 
жоқ па – ол өз алдына мәселе.
Ұсынылып отырған бұл еңбекте әңгіме арқауы – бүгінгі қазақ 
тілінің сөздік қазынасы, оның өткен кезеңдердегі және бүгінгі күй-
қалпы,тарихы, қысқасы, лексика-фразеологиялық ескіліктері мен 
жаңалықтары.
Тілдің қай кезеңде де негізгі қызметі адамдар арасында қатынас 
құралы болуымен, яғни коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, 
қоғам өмірінде мәні зор өзге де бірнеше қызмет атқаратыны белгілі. 
Солардың бірі – кумулятивтік деп аталатын қызметі, ол сол тілде 
сөйлейтін халықтың ұлттық санасын, мәдени-тарихи тәжірибесін, 
дәстүрлік мұрасын ұрпақтан ұрпаққа, заманнан заманға, тарихи 
кезеңнен кезеңге жеткізіп, жалғастырып отыратын қызметі. Келесі 
тағы бірі – когнитивтік деп аталатын, танымдық мақсаттарды жүзеге 
асыратын қызметі. Осы қызметтерінің қай-қайсысы да бүгінгі қазақ 
тілі үшін мәні аса зор.
Бұл күнде «Мәдени мұра» деген ұлттық ғылыми-танымдық іс-
қарекеттер мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүргізіліп келе 
жатқаны белгілі. Сол мәдени мұраларды жеткізетін және оларды 
іздестіруде, сыр-сипатын ашуда қолданылатын құралдың бірі – тіл. 
Жазба мұраларды да, ауызша тараған әдеби дүниелерді сақтаған 
да, жеткізген де тіл екендігін ескерсек, қазақ тілінің бүгінгі әлеумет 
өміріндегі орны айрықша. Сол себептен де қазіргі тіліміздің 
құрылымдық жүйесін, даму кезеңдерінің тарихын, сөздік қазынасын, 
прагматикалық сыр-сипатын тағы басқа да қырларын зерттей түсу 
қажеттігі даусыз. Бұл зерттеулер бұрыннан қалыптасқан әдістермен 
де, тіл білімінің жаңа бағыттарымен де, әсіресе антропоцентристік 
таным негізінде де зерделеу қолға алынып отыр.


209
Демек, тілдің бүгінгі лексикалық қазынасындағы бірліктерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет