208
Аяулы ағам
Хамит Сәтіғалиұлы ҚҰТҚОЖИННІҢ
рухына бағыштаймын
СӨЗ АЛДЫ НЕМЕСЕ КІРІСПЕ
Бұл күнде қазақ тілі – бар мүмкіндігінше дамыған, әдеби норма-
лары орнығып, қалыптанған (кодификацияланған), сөздік қазынасы
сұрыпталып, байыған, функционалдық стильдері жүйеленген, дина-
микалық қозғалысы (тарихы) мен статикалық тұрпаты (қазіргі құры-
лымдық жүйесі) едәуір жақсы зерттелген ұлттық жазба әдеби тіл
болып қызмет етіп отыр. Мемлекеттік тіл деген статусқа ие. Әрине,
бұл тілдің бүгінгі әлеуметтік қызметі, күш-қуаты сол статусқа сай ма,
жоқ па – ол өз алдына мәселе.
Ұсынылып отырған бұл еңбекте әңгіме арқауы – бүгінгі қазақ
тілінің сөздік қазынасы, оның өткен кезеңдердегі және бүгінгі күй-
қалпы,тарихы, қысқасы, лексика-фразеологиялық ескіліктері мен
жаңалықтары.
Тілдің қай кезеңде де негізгі қызметі адамдар арасында қатынас
құралы
болуымен, яғни коммуникативтік қызмет атқарумен қатар,
қоғам өмірінде мәні зор өзге де бірнеше қызмет атқаратыны белгілі.
Солардың бірі – кумулятивтік деп аталатын қызметі, ол сол тілде
сөйлейтін
халықтың ұлттық санасын, мәдени-тарихи тәжірибесін,
дәстүрлік мұрасын ұрпақтан ұрпаққа, заманнан заманға,
тарихи
кезеңнен кезеңге жеткізіп, жалғастырып отыратын қызметі. Келесі
тағы бірі – когнитивтік деп аталатын, танымдық мақсаттарды жүзеге
асыратын қызметі. Осы қызметтерінің қай-қайсысы да бүгінгі қазақ
тілі үшін мәні аса зор.
Бұл күнде «Мәдени мұра» деген ұлттық ғылыми-танымдық іс-
қарекеттер мемлекеттік
деңгейде қолға алынып, жүргізіліп келе
жатқаны белгілі. Сол мәдени мұраларды жеткізетін және оларды
іздестіруде, сыр-сипатын ашуда қолданылатын құралдың бірі – тіл.
Жазба мұраларды да, ауызша тараған әдеби дүниелерді сақтаған
да, жеткізген де тіл екендігін ескерсек, қазақ тілінің бүгінгі әлеумет
өміріндегі орны айрықша. Сол себептен де
қазіргі тіліміздің
құрылымдық жүйесін, даму кезеңдерінің тарихын, сөздік қазынасын,
прагматикалық сыр-сипатын тағы басқа да қырларын зерттей түсу
қажеттігі даусыз. Бұл зерттеулер бұрыннан қалыптасқан әдістермен
де, тіл білімінің жаңа бағыттарымен де, әсіресе антропоцентристік
таным негізінде де зерделеу қолға алынып отыр.
209
Демек, тілдің бүгінгі лексикалық қазынасындағы бірліктерді
Достарыңызбен бөлісу: