қайрақан/
қайраған
деп Сібір түркілері: алтайлықтар, тувалықтар, телеуіттер
табиғат иесін, жебеуші иені атаған. Оны монғолдар да біледі, бұларда
Хайрхан
– тау, су сияқтылардың иесі. Егер ертеректе қазақтар
ұлыстың ұлы күнінде – наурыз мейрамында:
Көш, Қайрақан, көш
десіп, Көз көрместей өш!
десіп тілек білдіретін болса, Мұхтар Әуезов
Қобылаңдының анасының аузына:
Қарғысы қатты Қайрақан,
197
Қарғысынан сен сақта!
деген сөздерді салса, ежелгі ата-бабалары-
мыз да
Қайрақанды
«иенің бірі» деп, оның ішінде «қарғысы қатты
ие» деп таныған болар. Бірақ қайткенде де соңғы бес-алты ғасыр
бойында бұл нанымды қазақтар ұмытқан, сондықтан оның атауы да
ақын-жыраулар тілінде ұшыраспайды.
Сол сияқты
тықыр таяң
тіркесін де V-VII ғасырлардағы
түркіттердің көк Тәңірге шалатын құрбандығының атауынан
(тығыр
таих)
қалған сөз болу керек деген топшылауымыз дұрыс болса, бұл
да ислам дінін қабылдаудан көп бұрынғы өте ерте кезде ата-баба-
ларымыз қолданған атау болып шығады, бірақ осы атау білдіретін
реалийдің (тау-тас, су иесі деп танудың) өзі халық санасынан кет-
кеннен кейін бұл сөз сол иенің атын емес, әуелі сол иеге шалынатын
құрбандық дегенге, одан соң құрбандық шалынатындай қиындық
туған кезді атауға жұмсалған болар. Сондықтан мұндай кезді
тықыр
таяң кез
немесе
тықыр таянды
деп атаған болар, я болмаса
тықыр
дегеннің өзі тау-тас иесі дегенді білдіріп, оның қаһары төнген сәтті
тықыр
келіп қалды (таянды) деп айтатын болуы да мүмкін. Қайткенде
де бұл жердегі
тықыр
– «дыбыс» деген ұғымдағы сөз емес.
§13.
Қазақ лексикасының диахрондық сипатын тануда оның әс-
кери лексика деп аталатын тобы ерекше орын алады, өйткені ха-
лықтың бай ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлар жырлары және сан
ғасырдың ақын-жыраулар шығармаларының, соңдай-ақ шешендік
сөздер мен мақал-мәтелдердің тілінде ұрыс-соғысқа қатысты зат,
қимыл атаулары кеңінен қолданылған. Ал сөздердің қолданыс бары-
сы олардың мағыналарында болып жататын өзгеріс-жаңалықтарды
дүниеге әкеледі.
Қазақ халқының, одан арғы осы халықты құраған ру-тайпалардың
сан ғасыр бойы күнкөріс кеңістігі үшін күресі, яғни көшіп-қонып,
малын жайып жүретін жер-суын сыртқы жаулардан қорғау үшін не-
месе жер-суды өзгелерден тартып алу, қайырып алу үшін жүргізген
ұрыс-соғыстары, қорғаныс-шабуылдары әскери лексика қорын молы-
нан қолдануға, сақтауға, өзгертіп, байытып отыруға мәжбүр еткен.
Оларды таза тілдік номинативтік (атауыштық) қызметте пайдала-
нумен қатар, көркем әдебиеттің, поэзияның, шешендіктің құралына
айналдырып, образдық қызметте де жұмсауы сөздіктің бұл тобының
мағыналық қозғалысын күшейте түскен.
Ең алдымен, қару-жарақ атаулары жинақталып, олардың әрқай-
сысының нақты мағынаға ие болу тенденциясы байқалады. XV-XVI
ғасырлардағы үлгілерде бір қарудың немесе іс-әрекеттің екі-үш вари-
антта аталуы да орын алады. Ол, бір жағынан, бұл кезеңдерде қазақ
тілінің лексикалық нормасы әлі де әбден қалыптасып бітпегендігінен
198
болса, екіншіден, сөз қолданыстарын поэзия шарттарына сай ету
мақсаты көзделгендіктен деп тануға болады. Мысалы,
ату құралы –
жақтың жақ, садақ, жай, жа (бұхаржа, сарыжа) атаулары,
сауыттың сауыт, көбе, кіреуке, берен
деген атаулары, соғысу ұры-
су идеясының (мағынасының)
ойнау, соғысу, ұрысу, тоғысу, алау-
лау
сөздерімен берілуі, «көп, қалың»
Достарыңызбен бөлісу: |