196
үшін өледі, күншіл күндеумен бүледі» сияқты мәтелдер мен «Ноғай-
лы елің бүледі», «Он сан ноғай бүлген күн» деген сияқты өлең-жыр
жолдарында келеді. Осы
бүлу
сөзін бұл күнде кәнігі
бүліну
немесе
бөлу
деген тұлғаға ауыстырып
айту (жазу)
фактісін жиі ұшыратамыз
және
бүл-
етістігін
бүл
+
-ін
деген деривацияланған (жұрнақ
жалғанған) тұлғамен тепе-тең деп түсіндірушілікті кездестіреміз.
Сол сияқты
бусану/бұрсану, дем тарту/дом тарту, еңіреу/аңырау,
шерлі/жиырлы, жаулы/жылы (жылы-жұмсақ дегендегі), илеу/ай-
лау (зар илеу дегендегі), күнілескен/күңкілдескен, орындық/орнықты,
кіріш/кірпіш
деген қатарлар сөз мағынасының көмескіленіп, өзі ак-
тив қолданыстан шығып қалғандығын көрсетеді. Сондықтан оның
сыртқы тұлғасын өзгертіп жұмсау (айту, жазу) орын алады.
Бұл параллельдердің бірқатары – өте ертеде қалыптасып кеткен-
дер. Мысалы,
жаулы
(«майлы»)
дегеннің
жылы
(жылы-жұмсақ),
әйла- («ет-, қыл-»)
деген тұлғаның
иле-
(зар илеу)
болып қолданылуы
ғасырлар бойына қалыптасқан, сондықтан оларды өзгертіп, түпкі
тұлғасына салып айтуға, жазуға болмайды. Ал енді бірсыпыра жа-
рыспалы қатарлар – мағына жақындығына қарай пайда болған соңғы
кезеңдердің жемісі. Мысалы,
орындықты саба
мен
орнықты саба
дегендер мағына жағынан жақын,
еңіреу ~ аңырау, шерлі ~ жиыр-
лы
сияқты қатарлар, сірә, сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан-
жіңішкелігіне мән бермегендіктен (әлде арабша жазылғаннан қазіргі
жазуға көшірген кезде пайда болған) туған тұлғалар болар. Ал
кіріш
пен
кірпіш
(
ақ кіріш тас суда бар
деген Бұхар жыраудың өлең жолы
кейбір кітаптарда ақ кірпіш тас суда бар деп басылғанына қарағанда),
дем тартар
мен
дом тартар
деген жарыспалы қатарлар
кіріш
пен
дем
сөздерінің аса түсінікті еместігінен орын алған деп шамалауға
болады. Бұл сияқты сөздердің тұлғалық және мағыналық тұрғыдан
құбылу процесін танытып, қазіргі кезең үшін дұрыс тұлғасын көрсету
– тарихи лексикология курсының міндеті.
§12.
Қазақ тілінің сөздік қазынасында өте ертедегі наным-
сенімдерге қатысты бірқатар сөз кездеседі. Бір қызығы – олардың
түсіндірмесі Орталық Азия мен Батыс Сібір өлкелерін мекенде-
ген түркі халықтарының тілдерінен табылады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: