Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет119/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ораз,
«әскери іс, батыршылық» мағынасындағы 
сыпайшылық, «бақытсыз, сормаңдай» мағынасындағы 
сұм, сұмы- 
рай,
«көкорай, көкмайса» мағынасындағы 
майдан, 
«қиындық, ауырт-
палық, шарасыздық» мағынасындағы 
сауда
сияқты сөздер бұл 


190
көрсетілген мағыналарда қазіргі қазақ тілінде жұмсалмайды. Бірақ 
бұлар осы ұғымдарда бұрынырақ тілімізде қолданылғанын эпостар 
мен мақал-мәтелдер, XV-XVII ғасырлардағы ақын-жыраулар тілдері 
көрсетеді. Бұлар – кірме сөздердің мағыналарындағы құбылу, өзгеру 
процесін танытатын фактілер. Демек, кірме сөздер де алғашқы бір-екі 
мағынада тұрақталып қалып қоймайтындығы байқалады. Мысалы, 
сұм, сұмырай
сөздері «сормаңдай, бақытсыз» мағынасында XIX 
ғасырдың бас кезіндегі Алмажан сияқты ақындарда кездескенімен
бұл күнде ол сөздердің мүлде басқа ұғымда жұмсалатындығын 
білеміз.
§6. 
Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы мәселелерін сөз еткенде, 
плеоназм құбылысы ерекше орын алады, Плеоназм немесе плеонас-
тық сөздер дегеніміз – бір мағынадағы екі сөздің қатар қолданысы. 
Ол қатарды не екі тілдің сөздері, не көне-жаңа сөздер, не қызметі 
бірдей екі морфологиялық тұлға құрайды. Әдетте тіл білімінде 
плеоназм (ол «периссология» деп те аталады) кұбылысын тілдегі 
«басы артықтық» деп таниды. Бірақ бұл жердегі «басы артықтық» 
абсолюттік емес, ягни плеоназм белгілі бір стильдік, не мағыналық 
қызмет атқарғанда ғана тілде орын алады. Мұндай қызмет атқармаса, 
тіл нағыз (абсолюттік) басы артық дүниені көтермейтіндіктен, 
плеонастық қатарлар түзілмейді. Жоғарыда талдаған материалдарға 
қарағанда, бір мағынадағы парсы мен түркі (қазақ) сөздері қатар кел-
генде, сөз мағынасына семантикалық реңк үстемеленеді. Мысалы, 
«соқыр» мағынасындағы парсының көр сөзі мен қазақтың осы 
ұғымдағы соқыр сөзі қатар келіп, 
көр соқыр 
болып айтылғанда, соқыр 
сөзі не «мүлде көрмейтін, тас қараңғы соқыр» деген қосымша реңк 
үстеп тұр. Сол сияқты 
құдды (құтты)
өзі деген тіркесте 
құдды
деген 
парсы сөзі – қазақша өзі деген сөздің тұп-тура баламасы, бірақ екеуі 
қатар келгенде, «тап өзі, айнымайтын өзі, нағыз өзі» деген сияқты 
үстеме мағына береді. 
Сары уайым
деп жүргеніміздің дұрысы – 
сар-уайым
болуы керек, өйткені
сар
сөзі парсы тілінде «уайым» 
дегенді білдіреді. Сонда 
сар-уайым
«уайым уайым» деген тіркес 
түрінде пайда болып, жай уайым емес, «қатты уайым, таусылмас 
уайым» дегендей үстеме мағына алып тұр.
Енді бірқатар плеонастық тіркестердегі екі сөз тек бірін бірі 
түсіндіру қызметін атқарып, нағыз басы артықты көрсетеді. Мысалы, 
топ зеңбірек
дегенде, екеуі де «түйеге артып алып жүретін кішкене 
зеңбірек» дегенді білдіретін сөздер болғандықтан, бұл тіркес «топ 
дегеніміз – зеңбірек», «зеңбірек дегеніміз – топ» деген сияқты бірін-
бірі түсіндіретін қолданыс болып шығады.


191
Плеонастық қатарлардың ішінде көне түркі мен жаңа түркілік 
(осы кездегі түркілік, мысалы, қазақтық) немесе оғыздық пен 
қыпшақтық тұлғалар қатар келіп, я болмаса бірінің орнына бір 
жұмсалып, көбінесе стильдік қызмет атқарады, яғни поэтикалық фор-
мула дегенді түзеді. Мысалы, 
қатуланып, қаттанып
деген екі сөздің 
түбірі бір екенін жоғарыда айттық. Екеуінің қатар келіп плеоназм бо-
луы – тек поэтикалық мақсат үдесінен шығуды көздегендіктен, өлеңді 
сөзден басқа жерде бұл екі тұлға қатар айтылмас еді. 
Күндеу 
деген 
осы күнгі түлғаның орнында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет