Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет115/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

қатуланды
сөзінде көне 
қатығ тұлғасы сақталған 
(қатығ>қатыу> қату)
да, қаттанды сөзінде 
соңғы 
ығ
дыбысы сусып түсіп қалған немесе 
қат
тұлғасы о бастан-ақ 
есім сөз болған. Сөйтіп, 
қатуланды, қаттанды
деген шаблон (кәнігі) 
фраза «әбден күшейді, қатайды» деген тура мағынасынан ауысып, 
контекске қарай «қатты ашуланды, буырқанды» деген ұғымды береді 
деп тануға болады.
Соңғы екі мысалдың екеуі де сөздер тарихындағы мына бір 
құбылысқа көңіл аудартады. Тілдің басы артық дүниені көтермейтіні 
мәлім. Сондықтан дәлме-дәл түсетін бір мағынадағы екі тұлға 
қалайша сақталған (жұмсалып келген) деген сауал туады. «Осы 
іспеттес сөздер әрқашан дәлме-дәл мағынада жұмсала ма?» деген 
сұраққа жауап іздеу керек болады. Мұндайда тіл фактісі жауапты өзі 
береді, яғни қосарлана жүретін тұлғалардың біреуі екіншісінен ажы-
ратылатын мағыналық 
реңқ үстеп
алуы мүмкін. Мысалы, жауласу 
етістігі «өштесу, соғысу, ұрысу» деген келіспеушілікті, қарсыласуды 
білдіретін жалпы ұғымды берсе, 
жағаласу
сол 
келіспеушілік,


185
қарсыласу
ұғымының ішінде «тайталасу, арпалысу, қоса қабаттасу» 
сияқты нақтылау мәнде қолданылатын сөзге айналған.
Ал кейде мағыналас сөздердің 
қатар
(қосарлана) қолданылуы 
сол сөздер беретін ұғымды күшейтіп, оның «әбден, тіпті, мықты» 
екенін білдіретін 
реңк
үстейді. Айталық, қатуланды, қаттанды деген 
бір мағынадағы екі тұлғадан «әбден күш алды, тіпті күшейді» де-
ген ұғым (мүмкін, одан барып ауыспалы «әбден ашуланды, мықтап 
қаһарына мінді» деген мағына) пайда болып тұр.
§2. 
Көне түркілік сөздердің басым көпшілігі – бұл күнде көне 
мағынасында жеке қолданылмайтын тұлғалар, олар не күрделі 
етістіктердің құрамында сақталып қалған. Мысалы, жер болу, жер 
қылу дегендегі жер сөзі көне түркілердегі ир сөзі сияқты «ұялған, 
қысылған» мағынасында жеке қолданылмайды. Сондай-ақ 
жек 
көру
дегендегі жек сөзі де көне түркілер тіліндегі 
йенк
сөзі сияқты 
«түкке тұрғысыз, болмашы, мардымсыз» деген мағынада жеке-дара 
жұмсалмайды.
Көне түркі заманынан келе жатқан сөздердің ішінде тіркес құра-
мында емес, жеке тұрып қолданылатын күйде сақталғандары да жоқ 
емес. Бірақ олар – көне сөздер болғандықтан, бұл күнде мағыналары 
күңгірттеніп, арнайы зерттеулер арқылы түсіндірмесе, екінің бірі 
бірден тап басып, қай ұғымды беріп тұрған сөз екенін айтып бере 
алмайтын дәрежеде көрінеді. Мысалы, «Қобыланды батыр» жы-
рында Құртқа сұлу батырға: Не қылсаң да маған қыл, Бурылға, сірә, 
қағылма, – дейді. Мұндағы қағылма деген сөзді әдетте «соқтықпа, 
ұрынба» деген мәндегі қақтықпа сөзінің бір варианты болар деп 
ұғамыз, ал, дұрысында, мұның түбірі – көне түркі тілдеріндегі «ашу-
лану» мағынасындағы 
қақы-
етістігі, сонда қағылу «ашулану» дегенді 
білдіретін сөз болып шығады. Мүмкін, қақтығу етістігінің түбірі де 
көне 
қақы-
болған күнде де, бұл екі тұлға қағылу және қақтығу бо-
лып, екі бөлек мағынаны беретін сөздерге айналған: қағылу – «ашула-
ну, ренжу», қақтығу – «ұрыну, соқтығу» деген мағыналарға ие сөздер.
Түбірі бұл күндегі қазақтар үшін мағынасы ұмыт болған көне 
сөздердің қатарына 
тостақ, 
«орау, үйіру» мағынасындағы толғау, 
«аспан» ұғымы бар қалықпан (құс), қалықтау, сөз дегеннің көне 
тұлғасынан туындаған 
сауын (саб>сау+ын) айту,
сөз саптау, 
жаушы 
(саб> сау>жаушы), 
«жүру, адымдау» мағынасы бар 
маң-
түбірінен 
жасалған маңғыстау, жыланның уытын оқып шығару дегендегі оқу 
(«шақыру» деген мағынаны беретін көне тұлға), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет